Бейсенбі, 07 Тамыз 2025 10:16

Сальмонеллездің алдын – алу.

Сальмонеллез -  көбіне асқазан ішек жолдарын зақымдайтын,  адам мен жануарларға ортақ,  жиі  жағдайда  азық-түлік  пен су арқылы   берілетін,   асқазан-ішек   жолдарын   зақымдаумен  сипатталатын,   бактериалды  жұқпалы   ішек  ауруы.

      Ауру қоздырғышы - сальмонелла. Сальмонеллалар суыққа өте төзімді, ұзақ  қайнатқанда жойылады. Сүтте, тартылған етте, жұмыртқа  ұнтағында, сальмонеллалар өмірге бейімділігін сақтай отырып, көбеюге қабылетті келеді.     

       Адам үшін инфекцияның негізгі көзі болып –ауылшаруашылық  жануарлар  мен үй құстары, сальмонеллезбен ауыратын науқас адам не болмаса бактерия тасымалдаушы саналады.

      Инфекцияның негізгі берілу факторларына - түрлі тағам өнімдері (мал, құс еттері, балық, теңіз өнімдері -шаян, устрица),  жұмыртқа  және  жұмыртқа  ұнтағы, сүт  және  сүт өнімдері, көкөністер, жемістер, кремді  өнімдер  жатады.   Жиі жағдайда берілу факторларың  бірі -  су болуы мүмкін.

        Таралу жолы:  ауру  қоздырғышы  адам  ағзасына  сальмонеллез  қоздырғышымен ластанған және дұрыс  термикалық  өнделмеген  тамақ  өнімдерін  пайдаланған  кезде не болмаса ластанған сумен  түсуі мүмкін.

        Аурудың белгілері: жасырын кезеңі (инкубациялық) – адам қоздырғышты жұқтырған кезден бастап  аурудың клиникалық   белгілерілерінің  пайда  болуына  дейінгі  мерзім  2-6 сағаттан  2-3 күнге  дейінгі уақытты  құрайды.

       Ауру  жіті басталып, бастапқы кезенде уыттанудың (интоксикация) белгілерімен  өтеді, оларға бас  ауруы,  дене қызуы  +39С0   дейін  және  одан  да  жоғары  көтерілуімен,  қалтырау, бас пен бұлшық  еттің  ауруы. Кейінен   жүрек  айнып, лоқсу, құсу, бірнеше рет іштің өтуі мен нәжістің  сұйықтанып   патологиялық   қосындылармен бірге  жасыл түсті  болуы байқалады.  Осы белгілер болған жағдайда дереу медициналық ұйымға қаралып, мамандандырылған көмек алу қажет.

        Алдын-алу шаралары: күнделікті тұрмыста әр адам жеке бас  гигиенасын  мен  тамақты  дайындау   (кондитерлік,  кулинарлық өнімдер, салаттар т.б.) ережесін  қатаң сақтауы қажет.  Дайын   тағам өнімдерінің жарамдылық мерзімі  мен сақтау талаптарын қатаң қадағалау.

      Сальмонеллез инфекциясының  алдын  алуда  тамақ  өнімдерінің  термиялық өндеу  ережелерін сақтау аса маңызды, әсіресе  ет, сүт  және  құс өнімдерін. Көкөністерді, жемістерді пайдаланар  алдында таза  ағынды сумен  мұқият  жуу қажет. Белгісіз су  көздері мен қоймаларынан,  әсіресе   ашық   су қоймаларынан   суды  пайдалануға  (ішуге, тамақ дайындауға, көкөністерді жуу т.б.) болмайды.

        Осы ережелерді есте сақтап, орындау сальмонеллез инфекциясың алдын алудағы  маңызды  шаралар болып табылады.

    Ішек ауруының белгілері пайда болған кезде дереу дәрігерге  хабарласыныз, тек дәрігер дұрыс диагноз қойып, ем тағайындап, аурудың асқынуын  болдырмай  алдын  алады.

Енбекшіқазақ аудандық  

СЭББ басшысы М.Азербаев

Оқылды 307 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…
Қаз 23, 2025

Кітап оқу – өркениет кепілі

Қоғамның нағыз рухани құндылықтан ажырап, алақандай смартфонға бар уақытын сарп етіп…
Қаз 23, 2025

Құрметті мамандық

Рухани-мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз…
Қаз 23, 2025

Әлеуметтік сала – ізгіліктің алтын…

Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, адамдардың…
Қаз 23, 2025

Ұлттық өркендеу жолы

XXI ғасыр – цифрлық революция заманы. Бүгінде әлемдегі барлық салалар цифрлық…
Қаз 23, 2025

Әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Таза әйнек — үйдің, автокөліктің де ажары. Дегенмен, әйнекті жууға арналған сұйықтықты…
Қаз 23, 2025

Диспенсерге арналған пластик…

Қазіргі таңда кеңселер мен ұйымдарда, сондай-ақ тұрмыстық жағдайда диспенсерге арналған…

Күнтiзбе

« Қазан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет