Бейсенбі, 07 Тамыз 2025 10:18

Маймыл шешегі бойынша эндемиялық елдерге баратын туристтерге арналған кеңестер

Маймыл шешегі - адамға ауа тамшылары немесе қарым қатынас арқылы берілетін зоонозды, вирусты жұқпа. Ауру жануарлардан алынған өнімдерді (ет.т.б) қажетті термиялық өңдеуден өткізбестен тағамға пайдалану нәтижесінде қоздырғыш адам ағзасына енуі мүмкін.

  Маймыл шешегі сирек кездесетін ауру саналады. Осы уақытқа дейін ол негізінен ылғалды, тропикалық ормандармен жабылған орталық және батыс Африканың шалғай аудандарында тіркелген.

Инфекцияны жұқтыру мен оның алғашқы белігілерінің көрініс бере басталуы арасындағы алшақтық 5-тен 21 күнге дейін өзгеруі мүмкін, бірақ әдетте 6-13 күнге созылады.

Жұқпаның белгілері: ерте кезеңде (алғашқы бес күн) маймыл шешегінің белгілері тұмауға ұқсас болады, адамның дене қызуы көтеріліп, лимфа түйіндері үлкейеді, басы мен бастың желке тұсы, бұлшық еттері ауырады, кейіннен қышу пайда болады. Науқастың басы айналуы және құсу мүмкін. Дене қызуы  пайда болған уақыттан бір - үш күн өткен соң бөртпе пайда болады. Алдымен ол бет, бас, қолдарда пайда болады, содан кейін дененің басқа бөліктеріне таралады. Ауыз қуысының шырышты қабаттары, жыныс мүшелері, конъюнктивалар, сондай-ақ көздің қабығында бөртпелер пайда болады.

Бөртпе дамудың бірнеше кезеңдерінен өтеді, алдымен диаметрі 6-10 мм болатын дақ пайда болады, біраз уақыттан кейін бұл жерде папула пайда болады, ол везикулаға (мөлдір сұйықтыққа толған көпіршік), содан кейін пустулаға (пустула) айналады. Шамамен 10 күннен кейін қотыр пайда болады, қотыр орнында тыртық қалуы мүмкін.

Инфекцияны жұқтырып алудан сақтану мақсатында осы аурудан эндемиялық елдерге сапар шегуді жоспарлап отырған азаматтарға келесідей сақтық шараларын сақтау ұсынылады:

  • Ауру белгілері бар адамдармен және жабайы жануарлармен (маймыл, егеуқұйрық) байланыста болудан аулақ болыңыз.
  • Жеке бас қорғаныс құралдарын қолданыңыз.
  • Жануарлармен немесе олардың өнімдерімен байланыста болған кезде қорғаныс киімдері мен қолғаптарын қолдану маңызды.
  • Жеке бас гигиенасын сақтау. Қолды үнемі жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдану
  • Аса қажеттілік туындамаса, маймыл шешегі тіркелген елдерге шықпау қажет.

 

Егер, маймыл шешегі таралу мүмкіндігі жоғары, Африка елдерінде болуданы кейін аурға тән белігерлерді байқсаңыз дереу медициналық көмекке жүгінуге кеңес береміз.

 

Еңбекшіқазақ аудандық СЭЭБ

басшысының орынбасары  Д.Бақберген

 

Оқылды 512 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 30, 2026

Қаланың дамуы – тұрақты өсім мен…

Әкімдердің халықпен тығыз байланыста болуы үкіметіміздің бас-ты талаптарының бірі екені…
Қаң 30, 2026

Газет-журнал, кітап қоры – қазақтың…

Мемлекет басшысы «Оқитын ұлт болайық» дегенде, тек ұран тастап қана қоймай, биліктің ұшар…
Қаң 30, 2026

Әлеуметтік нысандарды аралады

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ауданынымызға жұмыс сапарымен келіп, әлеуметтік нысандарды…
Қаң 28, 2026

Конституция – құқықтық кепіл және…

Ұсынылып отырған түзетулер Конституцияны тек құқықтық құжат қана емес, азаматтардың…
Қаң 28, 2026

Мемлекеттік басқарудың тиімділігі

Президенттің, Вице-Президенттің және Кұрұлтайдың өкілеттіктерін нақтылау мемлекеттік…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет