Бейсенбі, 14 Тамыз 2025 10:49

Кейтерингтік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар

Кейтеринг (кейтерингтік қызмет көрсету) – қоғамдық тамақтану нысандарының әртүрлі мақсаттағы іс-шараларға көшпелі қызмет көрсетуді ұйымдастыруды және дайын аспаздық өнімдерін бөлшектеп сатуды қоса алғанда және тамақтануды ұйымдастыру бойынша мердігерлік қызметтер көрсететін барлық нысандарменмен қызметтерді көрсетуден тұратын қоғамдық тамақтану нысандарының қызметі.

Кейтерингтік қызмет көрсету кезінде:

- қызмет көрсететін нысан эпидемиялық маңыздылығы жағынан  жоғары топқа жататын болса, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының, ал егер эпидемиялық маңыздылығы елеусіз нысандар тобына енетін болса, тамақ өнімдерін өндіру, өлшеп-орау, тасымалдау, сақтау және өткізу және т.б талаптарына сәйкестендіріп, қызметінің басталғаны туралы берілген хабарламаның болуы;

- нысан басшысымен бекітілген өндірістік бақылау бағдарламасының болуы мен ондағы талаптардың толыққанды жүзеге асырылуы;

- қызмет көрсетушілердің медициналық тексеріп-қараудан, гигиеналық оқытудан өткендігі туралы белгісі және жұмысқа рұқсаты бар әр жұмыскердің жеке медициналық кітапшасының жұмыс орнында сақталуы, санитариялық киіммен қамтамасыз етілуі мен жеке бас гигиенасын сақтауы;

- кейтерингтік қызмет көрсету кезінде қатысушылардың бір мезгілде пайдалану қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ыдыс санымен қамтамасыз етілуі;

- әрбір тапсырыстың тамақтану объектісінің есептік құжаттамасында қоғамдық тамақтану өнімінің атауын, дайындалған күні мен сағатын, таратудың (босатудың) аяқталу уақытын көрсете отырып тіркелуі;

- дайын тағамды тұтынушыға жеткізу изотермиялық көліктік қаптамада (контейнерлерде), әрбір қаптама бірлігіне тамақ өнімінің атауы, тамақтану объектісінің атауы мен мекенжайы, тамақ өнімдерін дайындау күні мен сағаты, таратудың аяқталу уақыты, сақтау шарттары мен жарамдылық мерзімдері, жауапты адамның тегі, аты көрсетілген ақпараты бар таңбалау жапсырмасы қоса беріліп немесе желімделіп жүзеге асырылуы, жапсырмалардың іс-шара қызметінің соңына дейін сақталуы;

- дайындалатын тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау мақсатында тамақ өнімдерінің әрбір партиясынан тәуліктік сынама алынуы мен сынамалардың кемінде 48 сағат арнайы тоңазыту жабдығында немесе дайын тамақ өнімдерін сақтауға арналған тоңазыту жабдығының арнайы бөлінген орында +2 °C-тан +6 °C-қа дейінгі температурада сақталуы сияқты талаптар қойылады.

      Жоғарыда аталған талаптардың сақталуы тұтынушылар арасындағы жұқпалы аурулардың алдын алу мен жаппай тағамнан уланудың алдын алудың негізі шарттары болып табылады.

 

 

Еңбекшіқазақ аудандық  СЭББ басшысы М.Азербаев

Оқылды 284 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 26, 2026

Отбасындағы жылылық пен сыйластық –…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамдағы отбасылық құндылықтарды, некенің беріктігін және…
Қаң 26, 2026

Отбасы құндылықтары мен рухани…

Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелер отбасы институтын қолдауға, некенің тұрақтылығын…
Қаң 26, 2026

V отырыс: некенің беріктігі мен…

V отырыс отбасылық құндылықтарды сақтау, некенің беріктігін қамтамасыз ету және қоғамда…
Қаң 26, 2026

Отбасы құндылықтарын дәріптеген…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы отбасы мен некенің маңыздылығын, рухани құндылықтарды және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтайдың V отырысы:…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамда отбасылық құндылықтарды, некенің берік негізін және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтай: жастардың саналы…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы отбасы мен некенің беріктігін, рухани құндылықтарды және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтайдың V отырысы: отбасы…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамдағы позитивті құндылықтарды нығайтуға, рухани тазалық…
Қаң 26, 2026

Меритократия – әділ кадрлық…

Мемлекет басшысы бекіткен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың…
Қаң 26, 2026

Конституцияны жетілдіруге…

онституциялық комиссия отырысында қаралған түзетулер қоғамның кең ауқымды қатысуымен…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет