Бейсенбі, 14 Тамыз 2025 10:50

Ыңғайлы мектеп формасын қалай таңдауға болады?

Мектеп формасы – оқушының күнделікті өміріндегі маңызды киім түрі. Ол баланың өзін еркін сезінуіне, сабаққа зейін қоюына және жалпы мектеп өміріне оң көзқараспен қарауына ықпал етеді. Сондықтан мектеп формасын таңдауда жай ғана әдемілік емес, ыңғайлылық пен практикалық тұрғыдан қарау өте маңызды.

        Кеден одағының «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне (КО ТР 007/2011) сәйкес киім функционалдық мақсаты бойынша 1 қабат (іш киім заттары), 2 қабат (блузка, шалбар және т.б.), 3 - қабат (сыртқы киім бұйымдарына) бөлінеді.        Киімнің әр қабатының өзіндік гигиеналық талаптары бар. Мектеп формасы бұл екінші қабат бұйымдарына жататын киім. Мектеп формасына қойылатын талаптар климаттық жағдайларды, оқу сабақтарын өткізу орны мен оқу орнындағы температуралық режимді ескере отырып іске асырылады.

       Алдымен матасына назар аудару қажет. Табиғи маталардан тігілген киімдер – мысалы, мақта, зығыр немесе жүн аралас маталар – ауа өткізгіштігімен ерекшеленеді және теріні тітіркендірмейді. Мұндай материалдар баланың тершеңдігін азайтып, жайлылықты қамтамасыз етеді. Өндірушілер мектеп формасына арналған матаны таңдауға ерекше назар аударады, құрамы жақсартылған, тозуға төзімділігі жоғары, бактерия мен микробқа қарсы және антистатикалық қасиеттері бар жартылай жүн және мақта маталарын пайдалануға бағытталған.

       Келесі назар аударатын мәселе – киімнің кесілуі мен үлгісі. Қимыл-қозғалысқа кедергі келтірмейтін, денеге қонымды, бірақ тым тар емес киімдер оқу процесінде жайлылық береді. Баланың өз дене бітіміне сәйкес келетін үлгіні таңдағаны дұрыс.

       Мектеп формасының түсі де маңызды. Көбінесе мектептер бірыңғай түсті белгілейді. Алайда тым ашық немесе қараңғы емес, көзге жағымды, классикалық түстер таңдалса, оқушыға да, ата-анаға да тиімді болады. Мұндай киімдерді күтіп-баптау да жеңіл. Мектеп басшылығы мектеп формасына белгілі бір шектеулер мен талаптар қояды. Көбінесе бұл іскерлік, қатаң стиль. Басты талап - «ашық түсті жоғарғы киім, қара түсті шалбар немесе юбка».

        Киімнің тігу сапасы мен қосымша бөлшектеріне де мән беру керек: түймелердің мықты бекітілуі, жіптердің шықпауы, жырықтардың болмауы – бәрі ұзақ киюге әсер етеді. Сондай-ақ, балаға киімді киіп-шешудің жеңілдігі де маңызды.

        Аяқ киім де – мектеп формасының маңызды бір бөлігі. Ол ыңғайлы, ауа өткізетін және табаны таймайтын болуы тиіс. Баланың аяғын қажамайтын, күн бойы ыңғайлы болатындай етіп таңдалуы керек. Аяқ киімнің таңбалануын зерттеңіз, онда өндіруші, өлшемі, модель, үстіңгі материал, астары, аяқ киімге күтім жасау шарттары туралы ақпарат болуы керек.

       Мектеп формасын таңдауда өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды міндетті түрде талап етіңіз.

       Сонымен қатар, киім таңдағанда  баланың пікірін ескеруді ұмытпаған жөн. Өз таңдауы бар киімді киген бала өзін сенімді сезінеді және мектепке деген қызығушылығы артады. Мектеп формасы тек тәртіп белгісі ғана емес, баланың күнделікті көңіл-күйіне де әсер ететін маңызды фактор.

    

Еңбекшіқазақ аудандық

СЭББ басшысы М.Азербаев

Оқылды 365 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет