Бейсенбі, 14 Тамыз 2025 10:53

Профилактикалық екпеден бас тартудың салдары.

      Профилактикалық екпе (вакцинация) – ол адамның өмір сүру ұзақтығының ұлғаюына, балалар арасындағы вакцинациялау арқылы басқарылатын жұқпалы аурулардан болатын өлім-жітімнің төмендеуіне ықпал етеді. Вакцинация адам жасына қарамастан халықтың барлығына қажет.

      Бүгінгі күнде адамдардың көпшілігі балалық шағында бір рет алған вакциналарды өмір бойында қайталап алуы қажет екенін біле бермейді. 

      Вакцинацияланған адамдардың есебінен вакцинациялау арқылы басқарылатын инфекцияның таралуы мен ауру-сырқаулықтың күрт өсуіне тосқауыл болып табылатын "ұжымдық иммунитет" қалыптастырылған.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесі келесі жұқпалы аурулар — туберкулез, вирустық А және В гепатиттері, дифтерия, көкжөтел, сіреспе, полиомиелит, қызылша, эпидемиялық паротит,  гемофильді инфекция, адам папилома вирусына қарсы егуді көздейді. Сонымен қатар, эпидемиялық көрсеткіштер бойынша вакцинация ұсынылады, ол құтырма, сібір жарасы, тұмау, туляремия сияқты аса қауіпті инфекцияларға қарсы.

      Вакцинацияның уақтылы жүргізілмеуі көптеген жұқпалы аурулардың қайта пайда болып, қайта өршуіне әкелуі мүмкін. Жоспарлы вакцинациядан өтпеген балалар уақыт өте келе әртүрлі вакцинамен басқарылатын инфекцияларды жұқтыруы мүмкін. Балалар өздерінің жасына байланысты әртүрлі инфекцияларға өте сезімтал, сондықтан әр ата-ана баласының болашағы туралы алдын-ала ойланып, оны жұқпалы аурулардың ықтимал асқынуларынан қорғауы керек.  Кейбір жұқпалы аурулар науқастың бала кезінде жеңіл өтетін болса,  егілмеген ересек адам үшін өте қауіпті болуы мүмкін.

      Екпеден бас тартудың салдарлары қандай?

      Егілмеген баланың адамдар көп шоғырланған  және қоғамдық орындарға шығуы  жұқпалы аурумен ауырып қалуы және отбасы мүшелеріне жұқтырудың жоғары қаупі жоғарылайды. Салдарлары қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін, мысалы: полиомиелит жұқтырғаннан кейін бала мүгедек болып қалуы мүмкін. Тері  және шырышты қабаттарының бүтіндігі бұзылған жарақат алған, немесе жануарлар тістеген кезде сіреспе және құтыру ауруларына шалдығудың қатері жоғары, ал бұл аурулардың алдында бүгінгі медицина қауқарсыз деуге болады, өйткені арнайы емі жоқ, ал аурудың алдын алу тек вакцинация. Кез келген ересек не болмаса бала осы инфекцияларға шалдығу қатері жоғары, өйткені жарақат алып қалу не болмаса жануардың тістеуінен ешкім сақталмаған. Сіреспеден тек сіреспеге қарсы екпе енгізу және  сарысуды уақтылы жедел енгізу арқылы қорғалуға болады.

      Құрметті ата-аналар! Егер Сізде профилактикалық егулерді жүргізу қажеттілігіне күмәніңіз болса, екпеден бас тарту қағазына қол қоюға асықпаңыз.  Жұқпалы аурудың қаупі мен екпенің қажеттілігі, одан бас тартудың салдары туралы толық ақпарат жинаңыз. 

      Біздің балаларымыздың денсаулығы - бұл инфекциялар қаупінің жоқтығы – мұның өзі  тек профилактикалық егулерді кеңінен жүргізу арқасында ғана қол жеткізіледі. Есіңізде болсын, жұқпалы аурулардың алдын алудың жалғыз құралы - вакцинация!      Өзіңіз бен балаңыздың денсаулығы - сіздің қолыңызда!

 

Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ басшысы М.Азербаев

Оқылды 369 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 26, 2026

Отбасындағы жылылық пен сыйластық –…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамдағы отбасылық құндылықтарды, некенің беріктігін және…
Қаң 26, 2026

Отбасы құндылықтары мен рухани…

Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелер отбасы институтын қолдауға, некенің тұрақтылығын…
Қаң 26, 2026

V отырыс: некенің беріктігі мен…

V отырыс отбасылық құндылықтарды сақтау, некенің беріктігін қамтамасыз ету және қоғамда…
Қаң 26, 2026

Отбасы құндылықтарын дәріптеген…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы отбасы мен некенің маңыздылығын, рухани құндылықтарды және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтайдың V отырысы:…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамда отбасылық құндылықтарды, некенің берік негізін және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтай: жастардың саналы…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы отбасы мен некенің беріктігін, рухани құндылықтарды және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтайдың V отырысы: отбасы…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамдағы позитивті құндылықтарды нығайтуға, рухани тазалық…
Қаң 26, 2026

Меритократия – әділ кадрлық…

Мемлекет басшысы бекіткен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың…
Қаң 26, 2026

Конституцияны жетілдіруге…

онституциялық комиссия отырысында қаралған түзетулер қоғамның кең ауқымды қатысуымен…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет