Бейсенбі, 14 Тамыз 2025 10:54

Тері лейшманиозының алдын алу

Тері лейшманиозы – трансмиссивті берілу механизмі бар, терінің шектеулі зақымдануымен және кейін теріде тыртықтың қалуымен сипатталатын адам мен жануарлардың протозойдты аурулар тобы.

    Тері лейшманиозының екі түрі ажыратылады:  антропонозды және зоонозды. Біздің елімізде зоонозды лейшманиоз жиі кездеседі. Бұл ауруды «Leihmania tropica» қоздырады.

         Тері лейшманиоздың инкубациялық  мерзімі 1 аптадан 1-1,5 айға дейін, көбінесе 10-20 күнге созылады.

     Адамдардың жұқтыруының жиілеуі шілде-қыркүйек айларына келеді. Аурушаңдық өз ерекшелігіне қарай циклмен дамиды, алғашында дөңес, жара, кейін тыртық пайда болады. Арнайы ем қабылдамаған жағдайда 6 ай көлемінде жазылып, тыртық қалады. 

         Ауру маса шаққан орында, қабынған терімен қоршалған дөңестің пайда болуынан басталады. Алғашқыда дөңестің мөлшері 2-4 мм, соңынан 10-15 мм-ге дейін жетеді. Сонымен қатар айналасындағы қабынған терінің де көлемі едәуір ұлғаяды. 1-2 аптадан соң дөңес іріп, орнында жара пайда болады. Ол 2-3 айдан соң іріңнен тазаланып, өмір бойына қалатын  тыртықтар қалдырады.

       Зоонозды тері лейшманиоздың табиғи ошақтарында індет таратушы үлкен құмтышқан (Rhombomys opimus) болса, тасымалдаушысы – маса (Phlebotomus papatasi).

        Тері лейшманиозының 80 – ге жуық түрлі атаулар (синонимдері) бар, олардың ішінде «Боровский ауруы», «Пенділ жарасы», «тропикалық жара», «годовик» т.б.

        Емі: лейшманиозды емдеу үшін арнайы препараттар қолданылады. Емдеу курсы мен препаратты таңдау аурудың түріне, ауырлығына және пациенттің жағдайына байланысты.

      Алдын алу шараларына:

  1. Инфекция көзі (резервуары) ретінде адамдар жиі болатын өңірлерде лейшманиозды емдеу;
  2. Инсектицидті шашу арқылы тасымалдаушылардың санын (популяциясын) азайту;
  3. Жеке бас қорғану – бұл түрлі масаға қарсы жақпамайларды қолданып, жәндіктердің шағуынан сақтану. Сонымен қатар үйлерде терезе – есіктерге тор іліп, масахана пайдалану.

      Эндемиялық аймаққа саяхаттағанда ашық тері бөліктерін арнайы құралдармен жабу қажет.

       Аурудың алдын алуға арналған арнайы құралдар, атап айтсақ вакцина бүгінге қол жетімді емес.

 

Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ

басшысы М.Азербаев

Оқылды 315 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 26, 2026

Отбасындағы жылылық пен сыйластық –…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамдағы отбасылық құндылықтарды, некенің беріктігін және…
Қаң 26, 2026

Отбасы құндылықтары мен рухани…

Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелер отбасы институтын қолдауға, некенің тұрақтылығын…
Қаң 26, 2026

V отырыс: некенің беріктігі мен…

V отырыс отбасылық құндылықтарды сақтау, некенің беріктігін қамтамасыз ету және қоғамда…
Қаң 26, 2026

Отбасы құндылықтарын дәріптеген…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы отбасы мен некенің маңыздылығын, рухани құндылықтарды және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтайдың V отырысы:…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамда отбасылық құндылықтарды, некенің берік негізін және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтай: жастардың саналы…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы отбасы мен некенің беріктігін, рухани құндылықтарды және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтайдың V отырысы: отбасы…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамдағы позитивті құндылықтарды нығайтуға, рухани тазалық…
Қаң 26, 2026

Меритократия – әділ кадрлық…

Мемлекет басшысы бекіткен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың…
Қаң 26, 2026

Конституцияны жетілдіруге…

онституциялық комиссия отырысында қаралған түзетулер қоғамның кең ауқымды қатысуымен…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет