Сәрсенбі, 20 Тамыз 2025 12:01

Кондитерлік –өнімдердің сапасына қойылатын талаптар.

        Кондитерлік - кремді өнімдерді өндіретін нысандар Қазақстан Республикасының  2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 19 бабына сәйкес,  эпидемиялық мәні жоғары нысандар тізіліміне жататындықтан өз жұмысын бастамас бұран санитариялық-эпидемиологиялық сәйкестігі туралы  қорытынды алуы міндетті.

         Кондитерлік бұйымдарды өндіру объектілеріне  жұмыс жасау кезінде келесі  негізгі талаптармен  танысып, орындалуын қамтамасыз ету қажет болады:

  • Кондитерлік бұйымдарды өндіру объектілері өндірістік бақылау бағдарламасымен қамтылуы тиіс;
  • Объектілерде кондитерлік бұйымдарды өткізу нормалау құжаттарына сәйкес тамақ өнімдерінің саудасы объектілеріне қойылатын талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады;
  • Шикізатты, қосалқы материалдарды және дайын тамақ өнімдерін ластанудан, оның ішінде механикалық бөлшектермен және микроорганизмдермен ластанудан қорғауға арналған персоналдың қорғаныш киімінің жиынтығы (санитариялық арнайы киім) болуы тиіс;
  • Шикі және дайын тамақ өнімдерін бөлек тасымалдау мен сақтауы мен қатар өлшеп-орауды (өлшеу, қаптамалау, таңбалау) қамтамасыз етуді;
  • Өткізу (сату) кезінде ластануды және оның сапасы мен қауіпсіздігіне әсер ететін бөгде иістердің енуін болдырмау мақсатында тауар көршілестігі сақталуы тиіс;
  • Объектілерде өнімді өндіру әзірленген және тек бекітілген ассортименттік тізбеге және дайындаушының техникалық құжаттамасына, оның ішінде технологиялық нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

   

Құрметті тұтынушылар, кондитерлік өнімдерді таңдау кезіндегі келесі мәілеметтерді назардан шығармауларыңызды саұраймыз:

  -Үй жағдайында дайындалған кремді-кондитерлік өнімдерді сатып алмаңыз, өйткені өнімді дайындау мен сатуды медициналық тексерістен өтпеген, арнайы киімі жоқ белгісіз адамдар жүзеге асыруы мүмкін, үй жағдайында дайындалған өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары болмайды;

 -Кондитерлік өнімді сатып аларда құрамын, жарамдылық мерзімін, өндірілген жерін, сақтау әдісін зерттеңіз;

-Ұзақ сақтау мерзімі бар өнімдер құрамында консерванттардың көп мөлшерде екенін көрсетеді, олардан улану ғана емес, аллергиялық рекцияларды шақырады.

       Сонымен қатар, кондитерлік өнімдер тағамдық токсикоинфекцияны және тағамнан улануға әкелуі мүмкін, ол өнімнің жарамдылық мерзімі өткен кондитерлік өнімдерді, сондай-ақ сақтау талаптары (температуралық) сақталмаған және белгісіз орындарда өндірілген өнімдерді сатып алған жағдайда туындауы мүмкін.

 

Еңбекшіқазақ аудандық

СЭЭБ басшысының орынбасары Д.Бақберген

        

Оқылды 696 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет