Сәрсенбі, 20 Тамыз 2025 12:03

Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша халыққа арналған ұсынымдар

Тағам қауіпсіздігі яғни бұл – сапалы өнімді тұтыну. Тамақ өнімдерін өңдеу, дайындау және сақтау технологияларын сақтай отырып, тағамнан уланулардың алдын алатын тәсілдер болып табылады.

     Қауіпті тағам - бұл құрамында патогендік бактериялар, вирустар, паразиттер немесе зиянды химиялық заттары бар өнімдер саналады. Олар улану, диарея және  онкологиялық ауруларға әкеліп соқтыруы мүмкін.

      Қазіргі уақытта тағамның қауіпсіздік мәселелеріне байланысты, тағам өнімдерінің сапасына, асты дайдынау жүйесіне, оның құрамы мен биологиялық қоспаларына, жарамдылық мерзімі мен басқа да талаптардың сақталуына мониторинг жүргізу арқылы көп көңіл бөлінуде.

     Сауда орындарынан жеке және басқа мақсаттарда пайдалануға алынатын азық түлік өнімдерін сатып алу барысында  өнімнің сыртқы пішіні, бүтіндігі,  орамасы мен қаптамасындағы таңбалауға аса назар аудару қажет. Себебі Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормалары аясында таңбалауға қойылатын және тағам өнімдерінің қауіпсіздігі техникалық регламент талаптарына сәйкес тауардың сыртқы таңбасында өнімнің атауы, дайындалған күні мен жарамдылық, мерзімі, өнімнің шыққан елі, дайындаушының толық атауы, дайындалған және орналасқан  жері, тауар белгісі (сауда маркасы), таза салмағы, құрамы, тағамдық және  энергетикалық құндылығы, өнімді сақтау шарттары, генетикалық түрлендірілген ағзалар ( ГТА) туралы  мәлімет, Евразиялық сәйкестік (ЕАС) белгісі міндетті түрде көрсетіліп, Кеден одағының таңбалануға қойылатын техникалық талаптары бойынша қаптамадағы ақпарат экспортқа шығарылған елдің мемлекеттік тілінде тұтынушыға түсінікті  болуы тиіс.

     Сонымен қатар тамақ өнімдерін үй жағдайында дайындағанда жеке бас гигиеналық талаптарын қатаң сақтаған жөн, яғни ас дайындау барысында міндетті түрде қолды сабындап жуу, арнайы қорғаныш киімдерін қолдану. Сол сияқты тағамды дайындауға қолданылатын шикізаттарды (көкеністерді, жеміс жидектрді) пайдаланар алдында мұқият, ағынды және таза сумен жуу. Қажет болған жағдайда термиялық өңдеуден өткізу. Мысалға жұмыртқаны міндетті түрде сыртқы қабығын тазалап жуып пайдаланған жөн.

      Тағы бір маңызды тармақ, ол жарамдылық мерзімі өткен, сақтау және тасымалдау тәртібі бұзылған тағамдарды пайдаланбау қажеттілігін ұмытпау керек. Тез бұзылатын тағам өнімдерін тоңазытқышта сақтап, пайдану қажет.

          Қауіпсіз тағам  өнімін дұрыс таңдай  білу – денсаулықтың кепілі.

 

Еңбекшіқазақ аудандық

СЭББ басшысы  М.Азербаев

Оқылды 696 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет