Сәрсенбі, 20 Тамыз 2025 12:04

Нитраттармен уланудың белгілері мен сақтық шаралары

Нитрат  (грек, nitron - сода, селитра) - дегеніміз өнеркәсіпте, әсіресе ауыл шаруашылығында көп қолданылатын азот қышқылының тұздары, карапайым сөзбен айтқанда бәрімізге белгілі – селитра.

       Жеміс - жидек өсірумен шұғылданатын дихандар бақша өнімдерін қысқа мерзімде өсіріп, пісіп-жетілдіру мақсатында көп жағдайда тыңайтқыштарды қолданады. Қалыпты жағдайда  топырақ құрамында бұл минералдың жетіспеушілігі байқалады да, егінді молынан алу мүмкіншілігінен азайтады. Сол себепті де, шаруалар мұндай қоспаларды пайдалануға мәжбүр.

       Нитраттар қалыпты мөлшерде адам ағзасына зиянын тигізбейді,  ал өнімдердегі олардың шектен тыс мөлшері қауіпті  ауытқуларға әкелуі мүмкін.

      Нитраттармен уланудың белгілері: құсу, іштің өтуі (диарея), еріннің цианозы (көгеруі), жүрек жұмысының бұзылуы. Осы алғашқы белгілерден кейін келесі тез дамитын ауытқулар байқалады: қан қысымы төмендейді, бас ауруы күшейеді, конвульсиялар пайда болады, сана бұзылады.  Алдымен олар созылмалы шаршау және авитаминоз белгілеріне ұқсас белгілерді тудырады: тұрақты бас аурулары, бас айналуы, көздің қараюы, жалпы әлсіздік және апатия пайда болады. Ұзақ мерзімді болашақта олардың қайтымсыз салдары мен зияны болады.

       Нитраттармен уланудың қарапайым алдын алу шараларын қарастыруға болады, мысалға: көкөніс салатын маймен ғана емес, лимон шырынмен де дәмдеңіз, ол қауіпті азотты қосылысты бұзатын «С» витаминіне өте бай. Түбірлік дақылдарды мұқият жуып, қабығын аршып, суық тұзды суға батырыңыз, ол шамамен жарты сағатта көкөністегі нитраттардың концентрациясы 25%-ға төмендетуге әсер етеді. Кабачки, гүлді қырыққабат және брокколиге қайнаған су құйып немесе қайнаған суға 5-10 минут қайнату зиянды заттардың мөлшерін азайтуға септігін тигізеді.

      Ең бастысы мерзімінен ерте піскен және жылыжай көкөністерін көп пайдаланбаңыз. Көкөністердің табиғи жолмен, мерзіміне сай, толық піскенін күткен абзал.

            Жеміс жидектердің құрамындағы нитраттардың мөлшерін өлшейтін құрылғылар бүгінде кең таралған, оларды тұрмыста қолдану өте оңай. Бұл жедел нәтиже бере алатын шағын құрылғы. Зондты жеміс целлюлозасына батыру жеткілікті, құрылғы бірден түсті жауап береді: жасыл — оны қауіпсіз жеуге болады, сары — көкөністер мен жемістердегі нитраттардың концентрациясы шегінде, қызыл — денсаулыққа қауіпті екенін білдіреді.

            Сонымен қатар, елімізге алыс-жақын шет елдерден тасымалданатын жеміс жидектердің ұзақ жолға тасымалдау кезінде күннің ыстық мерзімінде тез бұзылмас үшін химиялық заттармен мөлшерден тыс өңделуі де мүмкін.  

            Әсіресе экзотикалық, сырт келбеті жылтыр, әдемі, бір де бір зақымы жоқ жеміс жидектерді сақтықпен пайдалануға кеңес береміз. Мұндай өнімдерді міндетті түрде ағынды судың астында, мұқият жуған кейін сақтықпен тұтыныңыз.

     Жеміс –жидектерді сатып алғанда, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжатын және өнімнің кайдан тасмалданғанын сұрауға құқылысыз, ондай құжаттары болмаса сатып алмағаныз жөн.

     Қорыта айтқанда тек маусымына сай піскен жемістер мен жидектерді пайдаланыңыз, ондай өнімдер жақсы дәмге қана емес адам ағзасына пайдалы витаминдер мен минералдарға бай.

 

 

Еңбекшіқазақ аудандық

СЭББ басшысының орынбасары Д.Бақберген

             

 

Оқылды 954 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет