Сәрсенбі, 20 Тамыз 2025 12:05

Маймыл шешегі –сирек кездесетін вирустық ауру

Маймыл шешегі - адамға ауа тамшылы және қарым-қатынас арқылы берілетін зоонозды, вирусты ауру. Инфекция қажетті термиялық өңдеусіз вирус жұқтырған жануарлардың етін жеу нәтижесінде адам ағзасына енуі мүмкін.

  Маймыл шешегі сирек кездесетін ауру болып саналады. Ол негізінен ылғалды тропикалық ормандармен жабылған орталық және батыс Африканың шалғай аудандарында кездесіп келеді.

Бүгінгі күнгі  Қазақстан Республикасында маймыл шешегіне күдікті не болмаса науқас тіркелген жоқ. Елімізде  инфекцияны елге әкелудің алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдады. Әуежайлар мен шекара өткелдерін қоса алғанда, санитариялық-карантиндік пункттерде бақылау шаралары күшейтілді. Маймыл шешегі тіркелген елдерден келген азаматтарға назар аударылады.

Вирусты жұқтыру мен аурудың  алғашқы белгілерінің басталуы арасындағы уақыт  орташа 5-тен 21 күнге дейін созылса, жиі жағдайда ол 6-13 күнді құрайды.

Жұқпаның белгілері: ерте кезеңде (алғашқы бес күн) тұмауға ұқсас адамның температурасы көтерілуі, лимфа түйіндері үлкейеді, басы, бастың арт жағының  бұлшықеттері ауырады, оның қышуы болады. Бас айналу және құсу мүмкін.

Дене қызуының көтерілуі  байқалған кейін бір - үш күн өткен соң бөртпе пайда болады. Алдымен ол бет, бас, қолдарда пайда болады, содан кейін дененің басқа бөліктеріне орталықтан таралады. Ауыз қуысының шырышты қабаттары, жыныс мүшелері, конъюнктивалар, сондай-ақ көздің қабығы бөртпелерге ұшырайды.

Бөртпе дамудың бірнеше кезеңдерінен өтеді. Алдымен көлемі 6-10 мм болатын дақ пайда болады, біраз уақыттан кейін бұл жерде папула пайда болады, ол везикулаға (мөлдір мазмұнмен толтырылған көпіршік), содан кейін пустулаға (құрғақ жара) айналады. Шамамен 10 күннен кейін қотыр пайда болады, жара өздіген түсіп қалғаннан кейін тыртық қалуы мүмкін.

Вирусты жұқтырып алуды болдырмау үшін эндемиялық елдерге сапар шегуді жоспарлап отырған азаматтарға келесідей сақтық шараларын сақтауды ұсынылады:

  • Ауру белгілері адамдармен және жабайы жануарлармен байланыста болудан аулақ болыңыз.
  • Қорғаныс құралдарын қолданыңыз.
  • Жануарлармен немесе олардың өнімдерімен байланыс кезінде қорғаныс құралдары мен қолғаптарын қолдану маңызды.
  • Жеке бас гигиенасын сақтау. Қолды үнемі жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдану инфекцияның таралу қаупін азайтуға көмектеседі.
  • Аса қажеттілік туындамаса, маймыл шешегі тіркелген елдерге шықпауға кеңес береміз.

Егер шет мемлекеттерде, әсіресе тропикалық елдерге саяхаттаудан кейін өзіңізде маймыл шешегі ауруына ұқсас белгілерді байқасаңыз үйден шықпай, дәрігерді дереу шақыртып, медициналық көмекке жүгініңіз.

 

Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ басшысы М.Азербаев

 

Оқылды 934 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет