Бейсенбі, 01 Тамыз 2024 10:44

Балық шаруашылығы жұмысын бастады

Елдің экономикасын өркендетіп, дамыған мемлекеттердің қатарынан көріну үшін алдымен шикізатқа тәуелділіктен арылу қажет. Ол үшін өндірісті дамыту, шаруашылықты дөңгелету аса маңызды. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен, мемлекеттің қолдауымен өнідіріс ошақтары ашылып, мыңдаған азаматтар жұмыспен қатылуда. Аталған игі іс Есік қаласында жалғасын тапты.

Өткен аптада Есік өзенінің бойында «ТМТ GROUP» жауапкершілігі шектеулі серік-тестігінің балық шаруашылығы өз жұмысын бастады. Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қанат Нүсіпбаев жаңа өндірістің лентасын қиды. Сонымен қатар, балық шаруа-шылығын дамытуға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларға тоқталды.

– ҚР Үкіметінің қаулысымен бекі-тілген «2021-2030 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамыту бағдар-ламасына» сәйкес, Алматы облысы бойынша балық өсірудің өндірісі 2024 жылы 6 мың тонна болса, 2030 жылға қарай 20 мың тонна балық өсіру жоспарлануда. Бүгінгі күнге облыс көлемінде 30-дан астам балық өсіру шаруашылықтары жұмыс істеуде және жыл сайын жаңа балық шаруашылықтары ашылуда. Атап өту қажет, облысымыз республикалық деңгейде балық шаруашылығын дамыту бойынша үштіктің қатарында. Мемлекет тарапынан балық шаруашылығын дамытуға субсидия ретінде қолдау көрсетіледі. Балық шаруашылығының азығын, шабақтарын, дәрі-дәрмегін және инвестициялық салымдарды субсидиялауға қаражат бөлінеді. Бұл бағытта 2023 жылы 150 млн теңге игерілді, биылға 300 млн теңге бөлінді. Қазіргі уақытта ақпараттық платформа-дағы «Балықшы» сервисі арқылы 46 өтінім бойынша 116 млн теңге төленді. 2024 жылы балық шаруашылығына инвестициялық салымдарды субсидиялауға  жергілікті бюджеттен 500 млн теңге бөлініп, қазіргі таңда өтінімдер қабылдануда, – дейді Қанат Ақылұлы.

Ауыл азаматтарының тұрмысына жан бітіріп, кәсіптерін дамытуға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы да балық шаруашылығына өз шапағатын тигізуде.

Құттықтау сөзден кейін келген қонақтар бассейндерге шабақтарды жіберіп, өндіріс орны салтанатты түрде жұмысын бастап кетті.

Аталған ЖШС 2007 жылдан бері балық өсірумен айналысып келеді. Бүгінде аудан аумағында 3 бірдей балық өсіру шаруашылығының жұмысын жүргізіп отырған мекеме бүгінде тағы бір өндіріс орнының лентасын қиды. 2023 жылы құрылысы басталған шаруашылық Есік өзенінің жағалауында 19 гектар аумақты алып жатыр. Жылына 400 тоннаға жуық форель өсіреді.

– Бұл – Еңбекшіқазақ ауданындағы үлкен шаруашылықтардың бірі. Инвести-циялық құны 1 млн АҚШ доллары болатын жобаның жылдық қуаттылығы – 400 тонна. Шаруашылық толығымен жұмысын бастағаннан кейін 15 адамды тұрақты жұмыспен қаматамасыз етеміз. Өнімдерімізді Ресей, Қытай мемлекеттеріне экспортқа шығарамыз, – дейді «ТМТ GROUP» ЖШС басшысы Марлен Тұрсынәлі. Кәсіпкердің сөзіне сүйенсек, уылдырықтар Еуропадан, Польша, Дания мемлекеттерінен, АҚШ-тан жеткізіледі. 10-15 грамм салмақ жинағанша артезиан суында өсіріліп, кейіннен шаруашылықтағы бассейндерге жіберіледі.

 

С.НҰРАДИН.

Оқылды 8621 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Шұғыл шешімнің басшысы болған Құтқару үшін награда »

Соңғы жаңалықтар

Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…
Желт 26, 2025

Он был духовным наставником сельчан

В текущем году в с.Ават происходили и радостные, и печальные события. Одно из наиболее…
Желт 26, 2025

Жазушы мұрасы – ұлт қазынасы

Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық» үйінде Қазақстан Жазушылар одағы…
Желт 26, 2025

Дарынды оқушыларымыз жеңіс тұғырында

Қазақстанның дарынды оқушылары «UCMAS International Competition 2025 & World Cup…
Желт 26, 2025

Ұлы халықтың ұлы Абайы

Биыл қазақ елі данышпан, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын жоғары деңгейде атап…
Желт 26, 2025

Білім сапасы – ел болашағының кепілі

Қазіргі жаһандану дәуірінде кез келген мемлекеттің дамуы ең алдымен білім сапасымен…
Желт 26, 2025

Ұлттық құндылықтар дәріптелді

Ішкі саясат бөлімінің бастамасымен жастар арасында патриоттық тәрбие мен отбасылық…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет