Сейсенбі, 07 Қыркүйек 2021 14:32

Діни сауатсыздық – діни экстремизм бастауы

Діни сауатсыздық – діни экстремизм бастауы Сурет интернеттен алынды

Жалпы, діни экстремизмнің негізгі тамыры – бұл сауатсыздық. Діни сауатсыздық дінді түсінбеуге, ал дінді дұрыс түсінбеу адасушылық пен қате-кемшіліктерге алып келетіні айдан анық. Осы орайда, дiни экстремизммен күресте ең маңызды қадам бұл дiни сауаттылықты арттыру екендiгi даусыз. Дiни сауатты болу үшiн белгiлi бiр дiни оқу орнын бiтiру шарт емес. Ол ұлттық тарихты білу, дәстүрімізді зерттеу және әлемдiк деңгейдегi үрдiстерден хабардар болудан тұрады. Яғни өз Отанын сүю мен дәстүрiн ұстану, тарихын қастерлеу – дiни сауаттылықтың бiр қыры. Өйткенi қазақ тарихына үңiлген кез келген адам қазақ халқында өзге елдi жаулау, өзге ұлт пен дiндi кемсiту секiлдi көрiнiстердiң орын алмағандығын көре алар едi.

Қазіргі замандағы адамдардың ең әлсіз тұсы – білімсіздік пен ғылым үйренуге деген құлшыныстың жоқтығы. Дін дегеніміз осы екен деп көсемдерінің сөзіне иланған жастардың ақ-қарасын ажыратып жатпастан, соқыр сеніммен адасуларының бір ұшы осы білімсіздікте жатыр. «Өзің білме, білгеннің тілін алма» деген сөзді қазақ халқы қарғыстың ең ауыры деп те жатады. Сол бір сауатсыздықтың арқасында қазіргі таңда ғаламтор желісі арқылы да, өздерінің түйсігі қатаймаған жасөспірімдерді жат ағымның жолына оңай бұрмалап алуда.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында: «Біз бұқара санасындағы діншілдіктің артуына әзір болуымыз керек, онда тұрған қатерлі ештеңе жоқ. Жалпы дін өздігінен өнегелі ақиқаттан бөтен ештеңе үйретпейді. Жалғыз-ақ, бізге қауіп төндіретіні діни біліміміздің деңгейі онша жоғары болмай отырғаны»,– дейді. Ең алдымен экстремистік және террористік ұйымдар ғаламторды желі қолданушыларының әлі қалыптасып үлгермеген санасына тез ықпал ету үшін қолданады. Яғни, олардың негізгі нысанасы әлеуметтік жағдайы мен дүниеге деген көзқарасы толық қалыптаспаған жастар екендігі айқын. Әсіресе жастар ғаламторға қатты сенім артып, барлық мәліметтерді ғаламтордан таба алатынына күмән келтірмейді, олардың үлкен қатерлерге апарып соқтыратын зияндылығын ескерусіз қалдырып жатады. Мысалы, деструктивті діни ағымның жeтегінде кеткендердің 88% пайызына осы әлеуметтік желі әсер еткені белгілі. Әлбетте ғаламторды қолданбаңыздар деуден аулақпыз, алайда ғаламтордан ақ пен қараны ажырата алатындай білім ізденгеніміз дұрыс деп ойлаймын.

«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» демекші, қазіргі таңда діни білім алу үшін шет ел асып оқудың да қажеті жоқ. Сапалы діни білім алуда Қазақстанның да мүмкіндігі жоғары екенін білуіміз керек. Бүгінде   Елбасы Н.Назарбаевтың тікелей ықпал етуімен Алматыда «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университеті ашылды. Сонымен қатар, діни білім беретін исламдық бағыттағы 6 медресе, 3 медресе-колледж деңгейіндегі арнайы орта білім беру орындары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті және Қ.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеттері «дінтану», «исламтану», «теология» мамандықтары бойынша кадрлар даярлауда.

Қорыта келгенде, «білім – бақтың жібермейтін қазығы, білімсіз бақ – әлдекімнің азығы» демекші, әр  біріміз сауатты болу үшін білім алуға міндеттіміз. Зайырлы біліммен қатар діни білім алу да маңызды. Әр адам жан-жақты болуға талпынса, көштен қалмасы анық. Қазіргі бой салыстыратын емес ой салыстыратын заманда, дамыған елдермен тереземіз тең болуы үшін білімді де, сауатты болуға ұмтылайық!

Айбар ЕРАСЫЛ,

«Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті

ағым ұстанушыларын оңалту орталығының» бөлім бастығы

 

Оқылды 4808 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…
Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…
Қаң 09, 2026

Құрмет төрінде

Әне-міне дегенше, жылжып жылан жылы да өтіп, шапқылап жылқы жылы жетті. Жылан жылы жаман…
Қаң 09, 2026

Қолдау барда даму бар

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл…
Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет