Сәрсенбі, 22 Қыркүйек 2021 14:02

Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі

Шариғат тілінде «білім» сөзі – бір мәселені жан-жақты, анық-қанығына дейін жіті түсіну деген мағынаны білдіреді. Білім – ақылдылық пен парасаттылықтың белгісі. Білімді адам жарық шам секілді. Білімсіз надан қараңғы түн сияқты.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадис шәріпінде «Білім алу – әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз» делінсе, тағы бір хадисінде «Тал бесіктен жер бесікке дейін білім үйрен» деп насихат айтылған. Қарап отырсақ, ислам дінінен басқа ешқандай дінде білімге қатты көңіл бөлмеген. Бәріңізге ақиқат болғандай, Әлемдердің Раббысы Жаббар иеміз Алла Тағала құранның ең алғашқы аятында «Оқы!» деп пәрмен берген. Көзі қарақты жанға бұдан исламның білім-ғылымға қаншалықты көңіл бөлгенін айыру қиын болмаса керек. Әрине, ислам діні – адамзат баласын қараңғылықтан жарыққа, надандықтан даналыққа шақыратын дін. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан хадис шәріпте былай дейді: «Кімде-кім білім іздену жолына түссе, онда Алла оған жәннатқа апарар жолды жеңілдетеді. Шынында, періштелер міндетті түрде білім ізденушіге разы болғанын білдіріп, қанаттарын жаяды. Шын мәнінде, ғалым үшін міндетті түрде аспандағы әрі жердегі бүкіл нәрсе, тіпті судағы балық та, Алладан оның күнәларының кешірілуін тілейді. Ал ғалымның қарапайым құлшылық етушіден артықшылығына келер болсақ, оның артықшылығы – аспандағы толық айдың басқа жұлдыздардан артықшылығындай. Шынында,  ғалымдар – пайғамбарлардың мұрагерлері, ал пайғамбарлар болса, өздерінен кейін динар да, дирһам да қалдырмаған, олар тек білімді мұра етті. Кімде-кім бұл білімді алса, онда ұлысы бағаға қол жеткізді».

Исламда «Білім қақпасы» аталып кеткен хазіреті Алиге он шақты яһуди келіп, егер ол шын саңлақ болса, әртүрлі жауап тауып сөйлер деген ниетпен бір сұрақ қоюды ойлайды:

– Ғылым артық па, әлде мал артық па? – деп оқыстан сұрақ қойыпты.

Сол мезетте Али:

– Бірінші, ғылым артық. Өйткені ғылым – пайғамбар-лардан қалған мирас, ал мал – перғауын мен Қарынбайдың мирасы. Екінші, ғылым сені сақтайды, ал малды сен сақтайсың. Үшінші, ғылымның досы көп, ал малдың дұшпаны көп. Төртінші, ғылымды жұмсасаң арта береді, малды жұмсасаң азая береді. Бесінші, ғылым саған құрметті атақ береді, ал мал сараң деген атақ қалдырады. Алтыншы, ғылым өзін-өзі сақтайды, ал малды үнемі бағып, күту керек. Жетінші, ғылым қиямет күні иесіне шапағатын жасайды, ал мал иесіне қисапсыз жауап бергізеді. Сегізінші, ғылым тозбайды, жоғалмайды, мал болса, қолдың кірі, өледі, жоғалады. Тоғызыншы, ғылым көңілді нұрландырады, адамға ақыл-ой қосады, ал мал масаттандырады, болған үстіне бола түссе екен деп дүниеқоңыз етеді. Оныншы, ғылым Аллаға зекет, тауһид, ғибадат қылады, ал мал иесінің көңіліне тәкәппарлық салады, – деп, тапқырлық танытыпты.

Қазақ даласында өткен ұлы ақындарымызда білімнің артықшылықтарын өз еңбектерінде айтып өтті. Бұған ағартушы, ғалым Ыбырай Алтынсариннің мына өлең жолдары дәлел:

Бір Аллаға сыйынып,

Кел, балалар, оқылық.

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан,

Іздемей-ақ табылар.

Тағылымды тарихымыздан шариғат жолын ұстанған ата-бабамыз ілім жолын ұлық тұтқаны тайға таңба басқандай көрініп тұр. Мұзафар Әлімбаев та білімді баға жетпес қазынаға теңеді.

«Білім – қымбат қазына,

Қанағат тұтпа азына».

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев білім кітапта екенін ашып айтты. Қазіргі таңда балалардың басым көпшілігі компьютер мен  ұялы телефонға телміріп отырады. Сондықтан Елбасы: «Болашақта кітап оқығандар компьютерде отырғандарды басқарады» деу арқылы білімді кітаптан іздеу керектігін айшықтап өтті.

Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі екенін ұмытпай, ұрпақтарымызды білімді де білікті қылып тәрбиелеу – әрбір ата-ананың борышы екенін естен шығармайық.

 

Сапархан қажы АЙДАРХАНҰЛЫ,

Еңбекшіқазақ ауданының бас имамы.

Оқылды 5779 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 20, 2025

Тұрақтылықтың стратегиялық бағдары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының ішкі саясатының…
Қар 19, 2025

Халықтың…

Қазіргі таңда халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету…
Қар 19, 2025

Электронды темекінің жасөспірімдер…

Электрондық темекі (вейп) қазіргі уақытта, әсіресе жасөспірімдер арасында үлкен…
Қар 19, 2025

Консервіленген өнімдерді қолданудағы…

Үй жағдайында дайындалған консервілер әсіресе саңырауқұлақ, көкөністер, сирек жағдайда…
Қар 19, 2025

Гендік модифицирленген өнімдердің…

Гендік модифицирленген өнімдер (әрі қарай - ГМӨ) – биотехнология әдістері арқылы геномына…
Қар 13, 2025

Қазақстан Республикасы …

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі…
Қар 13, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет