Дүйсенбі, 14 Ақпан 2022 10:34

Ережеп – берекелі ай

Алдымен он сегіз мың ғаламды жаратқан жаратушы Иемізге сансыз мақтаулар мен мадақтар болын! Сонымен қатар екі дүниенің сардары сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) сансыз салауаттар мен сәлемдер болғай. Сынаптай сырғыған уақытпен ілесіп, Жаратушы иеміздің қалауымен қасиетті Ережеп айына аман-есен жетіп отырмыз.

  Тәңірдің бізге берген Тәуелсіздік сыйының себебімен жоғалуға аз қалған рухани байлығымызға қайта қол жеткіздік. Тұғырлы тәуелсіздігімізбен бірге қайта қауышқан жауһар құндылықтарымыздың бірі һәм бірегейі ретінде дінімізде бекітілген қасиетті күндер мен шұғылалы түндер екенін ерекше атауға болады. Анығында Құран мен сүннетке белгіленген иләһи шақтар – адамзат баласы үшін бақыт қақпасының, яки, кемелдіктің кілті іспетті. Ендеше қасиетті айлардың хикметі мен Рағайып, Миғраж кештерінің  рухани сырына аз-кем тоқталып өтсек.

Исі мұсылман жұртшылығы үшін қасиетті төрт ай бар. Сол ұлық айлардың бірі – Ережеп. Бұл туралы қасиетті Құран Кәрімнің «Тәубе» сүресінің 36-аятында: «Расында, Алланың қасында көктер мен жерді жаратқалы Алланың Кітабындағы айлардың саны он екі. Бұлардан төртеуі – құрметті айлар. Міне, осы берік дін. Онда бұл айларда өзлеріңе зұлымдық етпеңдер», - делінген. Сондықтан Ережеп айының  барша мұсылмандар үшін орны бөлек. Алланың айы саналатын Ережеп айында қайырымды істерді атқарып, нәпіл және түнгі құлшылықтарды көптеп жасасақ, сауабының да молырақ болары сөзсіз. Алладан шын кешіріп сұрап, тәубесіне келген пенденің дұға-тілектері мен құлшылықтарын қабыл етеді. Ережеп – ең ұлық ай. Өйткені бұл – Алланың айы. Оған дәлел Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) бір хадисінде былай келеді: «Ережеп – Алла тағаланың айы, Шағбан – менің айым, Рамазан – үмбетімнің айы» Көптеген  ислам ғұламалары  бұл  қасиетті  айларды  былайша  жіктеген: Ережеп – құрмет  айы, Шағбан – қызмет айы, Рамазан – нығмет айы. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтады: «Кімде-кім қасиетті айларда (Зұлқағда, Зұлхижжа, Мұхаррам және Ережеп) үш-үш күннен ораза ұстаса, амал дәптеріне тоғыз жылдық ғибадаттың сауабы жазылады». Хадисті риуаят еткен Әнәс ибн Мәлик (р.а.) бұл хадис жайлы: «Егер осы хадисті Пайғамбарымыздың аузынан естімеген болсам, керең болайын», - деген екен. Пайғамбардың бұл сөзі ережеп айын құлшылықпен өткізген пендесіне Алланың  жақсылығы мол келетіндігін байқатуда. Осы айда ұстаған нәпіл оразаның сауабының көптігі жайындағы хадисте: «Шындығында, жәннатта бір өзен бар. Оны «Ережеп» деп атайды. Оның суы сүттен ақ, балдан тәтті. Кімде-кім Ережеп айында бір күн ораза ұстаса, Алла тағала ол пендесіне осы өзеннің суын ішкізіп, дәмін татқызады», - делінген. Алла елшісі (с.ғ.с.) тағы бір хадисте: «Мені мұқият тыңдандар! Ережеп адамдардың ұрыс-керіске араласпай тыныш, бейбіт жүретін Алланың айы болып табылады. Кімде-кім жүрегімен сеніп және шын пейілмен маңыз беріп, Ережеп айында бір күн ораза ұстаса, Ұлы Алланың ризалғына бөленеді», - деп айтқан. Ережеп айында қасиетті түн бар. Ол – Миғраж түні. Миғраж – Ережеп айының 26-нан 27-сіне қараған түні. Миғраж оқиғасы хижреттен бір жарым жыл бұрын, Ережеп айының жиырма жетінші түнінде болған. «Миғраж» сөзі – «жоғары шығу», ал «Исра» сөзінің мағынасы «игі сапар» дегенді білдіреді. Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде Миғраж  оқиғасын былай баян етеді: «Құлын (Мұхаммедті ғ.с.) бір түн өзіне белгілерімізді көрсету үшін Масжид Харамнан біз айналасын мүбарак қылған Масжид Ақсаға апарған Алла, әр түрлі кемшіліктен пәк. Шексіз, Ол естуші, білуші» Қорыта  айтқанда, Хақ Елшісінің (с.ғ.с.) өзі Ережеп, Шағбан, Мұхаррам, Шәууал айларында ауыз бекітіп, руханиятқа  ерекше көңіл бөлген. Ережеп айының жұлдызы туғанда, Парасат падишасы (с.ғ.с.) « Уа, Ұлы Жаратушы! Ережеп пен Шағбан айларын берекелі ете көр! Бізді қасиетті Рамазанға аман-есен жеткізгейсің!» деп дұға жасаған. Ақиқаттың ажал толқыны сахабалар да осы мезгілде бір ерекше қарқынмен  құлшылық жасайтын. Парызбен қоса, нәпіл құлшылықтарын орындап, жоқ-жітікке, жетімдер мен кембағалдарға қол ұшын созып, көмектесетін. Сол үшін исі мұсылман жұрағаты мұндай қасиетті айларды құр жібермей, қадір-қасиетін бағалап, бейне құлшылық пен ізгілік жасауда жарысқан жандардай күй кешкені жөн. Ережеп айының келуімен алдағы Рамазан айының да лебін сезе түсеміз. Рамазан айына деген рухани дайындығымызды пысықтай түсуде Ережеп айының берері мол. Өйткені Ережеп – Алладан  келер жақсылықтың бастамасы.

Алла  елімізге осы айдың берекесін нәсіп етсін. Жұрт тыныш, ел аман, дініміз бүтін, халқымыз аман болғай!

                                                                                  Сапархан  Айдарханұлы, ауданның  бас имамы.

Оқылды 6292 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Жат ағымның жетегінде кетпейік Ораза ұстау — парыз »

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…
Қар 14, 2024

ҚМА еріктілер қозғалысының…

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет