Дүйсенбі, 24 Қаңтар 2022 11:31

Жат ағымның жетегінде кетпейік

Жастар – қоғам өмірінің ең негізгі бөлшегі. Отанынсүйетін, тарихымен мақтана алатын, тілі мен мәдениетіне құрметпен қарайтын, дәстүрін сыйлайтын жастарды тәрбилеу – бүгінгі күннің басты талабы. Соңғы кездері жастардың жат діни ағымның жетегінде кетуі жиілеп  кетті. Бұл  мемлекет пен елдің бірлігі, тұтастығы үшін қауіпті індеттің бірі болып табылады.

Ресми деректер бойынша, елімізде 20 мыңнан астам түрлі діни бағыттарды ұстанушылар  бар  екен. Олардың жетегіне ерген 800-ден астам қазақстандық шекара асып, түрлі  жиһадтық соғыстарға қатысып, ажал құшқан. Ал аман қалғандары «Жусан» операциясы арқылы елге қайтарылуда. «Жусан» операциясы 2019 жылы басталды. Ол Сириядағы  қақтығыс аймағынан жат ағымның  арбауында жүрген отандастарымызды елге қайтаруды көздейді. Осы орайда жастарды теріс жолға түсіп кетуге итермелейтін себептерді анықтап көрсек. Аудандық ақпараттық түсіндіру тобының  мүшесі, Қалыбек батыр мешітінің бас имамы Сұлтанбек Карибаевтың берген деректеріне сүйенсек, жастардың жат ағымның жетегінде кетуіне бірнеше себеп бар.

Біріншіден, жастарға  діни сауаттылық  қажет. Теріс ағымға арбаушылар  көбінесе  қиындыққа төзімсіз, білімсіз, сенгіш  келетін білімі жоқ жастарды тартуға тырысады екен. Жат ағымға алданушылардың 85-90 пайызының мүлдем діни сауаты жоқ. Ал дінімізде білімнің маңыздылығы ерекше. Тіпті Құранның ең алғашқы түскен аяты «Оқы» деумен басталады.

Екіншіден, ғаламтордың ықпалы. Өйткені әлеуметтік  желілерде тыйым салынған  уағызшылардың уағызымен, экстремистік сайттардың қол жетімділігі. Қазіргі таңда ұялы байланыссыз, интернетсіз жүрген жастарды көрсек таңыр-қайтын кезге тап болдық. Жастар сол интернетте жарияланған мәліметтерге, видеоларға  имандай сеніп, лайк басып, пікір жазып, ақпараттармен  бөлісіп отыру үрдіске айналдырған.

Үшіншіден, отбасындағы тәрбие. Толық емес отбасынан шыққан мейірімге мұқтаж  балалар жылулықты көшеден іздейтіні анық.  Ата-аналарымыздың  көпшілігі  жұмыста болғандықтан балалардың тәрбиесіне  көңіл  бөлетін уақыттары тапшы. Көбінесе тек материалдық құңдылықпен ғана  шектеліп жататыны  рас. Ата-аналар бала тәрбиесіне көңіл бөлмей, барлық міндетті мектепке итере салады. Бір әке-шешенің берген тәрбиесін жүз мектеп бере алмайтыны анық. Отбасында адал мен арамды білмей өскен бала, өскенде дінге қатысты көкейінде жүрген  сұрақтың жауабын ата-анасынан алмағандықтан  көшедегі жат ағымның өкілінен сұрап, тұзағына оп-оңай түсіп кете барады.

Төртіншіден, әлеуметтік жағдай, жұмыссыздық. Тұрмыстың тапшылығы тауқыметінен жаман демекші, лаңкестік  идеологияға бой алдырғандардың біразының  тұрақты  жұмыс орны жоқ, тұрмыс деңгейі төмен. Адам кейде жоқшылықтан, тұрмыс тауқыметінің ауырлығынан көмек сұрайтын сәттер жиі кездесіп жатады. Осындай ұтымды жағдайды  пайдаланып қамқорлығы мен қолдауын көрсетіп, қаржылай қаматамасыз етіп отырады. Жастарымызға жұмыс ұсынып, өз қатарына тартады екен.

Бесіншіден, психологиялық  күйзеліске ұшырау. Қамшының сабындай қысқа бес күнде өмірде жақсыны да жаманды да қатар көресің,басыңа қиыншылық туған сәтте мейірім мен материалдық қолдау көмек көрсететін жанды іздейсің. Дәл осы сәтте саған дос болып, жаны жабырқау жандардың жанынан табыла кетіп, көңілге демеу береді.

Алтыншыдан, жұмыс орны мен араласатын ортасы. Жалпы дәстүрлі емес діни ағымдардың мүшелері мемлекеттің жұмысынан бас тартып, сауданы берекесі бар сүннет амалдардың біріне балап, көпшілігі сауда-саттықпен, жеке кәсіппен айналысады. Жұмысқа өзімен пікірлес, діни көзқарасы сәйкес келетін сенімді азаматтарды іздейді. Өзінің ойындағысын таппаған жағдайда діннен хабарсыз  жүрген жастарды тартып, жоспарлы түрде үгітнасихат жүргізіп, қатарын толықтыра түседі. Тағы бір айта кететін жағдай, көбінесе жастардың дінге бет бұрған достарыны ықпалымен келіп жататындығы бар. Кейбір жоғарғы оқу орындарының жатақханаларында, шала сауатты жастарымыздың уағыз айтып жүргендері  қаншама. Осы тұрғыдан тағы да  рухани  имандылық  жағынан тәрбилеудің маңызы артады.

Жетіншіден, шетелдегі заңсыз оқу орындарында білім алу. Жалпы Қазақстанда  жат ағымның кең таралуының себебі шетелден теріс дініи білім алу. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастап шетелде діни білім алушылар көбейді. Ол жылдары Қазақстанда сауатты дініи білім беретін оқу орындары болмады. Ал қазіргі таңда діни бағыттағы оқу орындары жеткілікті. Дегенмен де, суды бұлақтың басынан ішейік, шетелдің оқу орындарында, ғалымдардың алдында отырып, білім нәрімен сусындайық, дейтіндер де табылады. Сол мақсатпен шетелге барған, діни сауаты аз жастар, заңсыз тіл курстарында  сабақ беретін ұстаздардың  улы уағызын бойына сіңіріп, елге қайтады. Сонымен атар шетелде діни біліп алып, елге абыройлы қызмет жасап жүргендерді де жоққа шығара  аламаймыз. «Қысқасы, бүгінгі қазақ жастары ата – салтымызбен асыл дінімізді ардақтап, елдің ертеңі үшін еңбек етуге талпыну керек» дейді С.Каримбаев. Әрбір ата-ана – ұстаз.  Өз тарихы мен салт-дәстүрін, дінін жатқа білетін ұрпақтың болашағы  жарқын  болатыны сөзсіз. Халқымыздың  мақтан тұтатын  жастары  көбейе берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

          

Айгүл КӘДІРБАЙҚЫЗЫ.

Оқылды 6386 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Берекелі мереке Ережеп – берекелі ай »

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет