Бейсенбі, 03 Наурыз 2022 10:58

Алматы облысында ауылшаруашылығын дамытуға 47 млрд.теңге қарастырлған

Алматы облысының бірқатар аудандарында дақылдар тұқымын жақсартуға мән берілмейді. Көктемгі дала жұмыстары басталатын уақыт жақындағанымен минералды тыңайтқыштарға тиісті өтінім берілмеген. Жанар-жағармай қорын жинақтау жұмысы нашар. Осы және басқа да кемшіліктер бүгін облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен жиында кеңінен талқыланды, деп хабарлайды облыстық баспасөз қызметі.

Биыл өңірдегі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 1297 гектарға көбейіп, жалпы 974 мың гектарға себіледі, оның ішінде дәнді дақылдар – 484 мың және майлы дақылдар – 132 мың гектар. Қажетті 202 мың тонна тұқым толығымен даярланды. Дегенмен аудандарда тұқымдардың сортын жаңартуға аса мән берілмей келеді, Ақсу, Балқаш, Жамбыл аудандары мен Талдықорған қаласынан тұқым шаруашылықтарынан жоғары репродукциялы тұқым алынбаған. Жалпы облыстағы құйылған барлық тұқымның 10 мың тоннасы ғана - аттестталған субъектілердің өнімі.

- Жалпы облыс және Алматы қаласы тұрғындары қажеттілігін қамтуға маусым аралығына 280 мың тонна картоп керек, ал облыстағы 53 қойманың сыйымдылығы 52,4 мың тонна немесе 37% ғана жабады. Алматы агломерациясын дамытуға тиісті Еңбекшіқазақ, Жамбыл аудандары мен Қапшағай қаласында бір қоймадан ғана бар, яғни заманауи қоймаларды салуға инвесторлар тартуды жандандырумыз қажет, - деді Ә.Жақанбаев.
Бүгінге дейін минералды тыңайтқыш сатып алуға Райымбек, Балқаш аудандары өтінім бермеген, ал Жамбыл, Көксу, Ұйғыр, Ескелді, Ақсу аудандары мен Талдықорған, Текелі қалалары жоспарланған көлемнің 6% дейін ғана алған. Шаруашылықтарда жанар-жағармайдың қажетті қорын қалыптастыру нашар жүргізілуде.
Облыстық бюджеттен 12,5 млрд. теңге жұмсалып 1331 дана техникамен қамтылған 56 сервистік-дайындау орталығының бүгінде тек 5-еуі ғана тиімді жұмыс жасайды, ал 12 СДО өз міндеттемелерін орындамағандықтан олармен арадағы келісім-шарт бұзылған. 13 СДО-ның лизингтік төлемінде 373 млн. теңге қарыз бар.
«Қазсушар» РМК Алматы филиалының директоры С. Құдайбергеновтың сөзіне сүйенсек, өткен жылы жалпы көлемі 134,4 мың гектарға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен 7 866 келісім-шарт жасалып, 133,1 мың гектарға 1 065 470 м3 көлемде су жеткізілген. Биылғы жылы да осы шамада су беру жоспарланып отыр.
Жалпы Алматы облысының ауыл шаруашылығы саласын дамытуға 47 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде мал шаруашылығына – 21 млрд. теңге, өсімдік шаруашылығына – 6,7 млрд., инвестициялық субсидиялауға – 12 млрд., су шаруашылығына – 2,5 млрд. және қайта өндеуге – 2 млрд. теңге, ауыл халқын несиелендіруге – 3,6 млрд. теңге қарастырылған.

 

JETISÝ MEDIA

Оқылды 3691 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 05, 2026

Конституциялық реформалар қоғамның…

Жаңа Конституция азаматтардың құқықтық қорғалуын күшейтіп қана қоймай, қоғамдық…
Ақп 05, 2026

Конституциялық өзгерістер қоғамдағы…

Жаңа редакцияда азаматтардың негізгі құқықтары нақты айқындалып, оларды қорғаудың…
Ақп 05, 2026

Жаңа Конституция мемлекеттік…

Ол билік институттарының жауапкершілігін күшейтіп, шешім қабылдау процесіне қоғамдық…
Ақп 05, 2026

Конституциялық реформалардың басты…

Жаңа Конституция құқық пен міндет арасындағы тепе-теңдікті сақтай отырып, әр азаматтың…
Ақп 05, 2026

Жаңартылған Конституция қоғамдағы…

Онда азаматтың мемлекет алдындағы ғана емес, мемлекеттің де азамат алдындағы…
Ақп 05, 2026

Конституциялық реформалар қоғам…

Жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақтылау арқылы құқықтық…
Ақп 05, 2026

Конституциялық реформалардың қоғамға…

Жаңа Конституция қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыруға және азаматтардың мемлекетке…
Ақп 05, 2026

Адвокатура мәртебесінің…

Адвокатураның мәртебесін Конституция деңгейінде бекіту – қорғау институтының…
Ақп 05, 2026

Билікті Президент қолына…

Жаңартылған Конституция билік тармақтарының арасындағы тепе-теңдікті күшейтеді.…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет