Сейсенбі, 28 Маусым 2022 10:22

Елге керек ақпараттың көзіміз, Жаңалықтың жаршысы, әлеуметтің сөзіміз (4-бет)

Индира ТОКМУРЗАЕВА, дизайнер:

– Газетті алғаш беттеген күніңіз туралы естелігіңізбен бөліссеңіз?..

– Мен редакцияға келген күннен бастап газет беттедім деп айта алмаймын. 2006 жылы 1 қарашада мәтін теруші болып жұмысқа қабылдандым. Алғаш газет беттеген күнім әлі есімде. Газетті бірінші рет беттеген кезде қиналғаным рас. Мәтінін қалай қояды, суретін қалай таңдайтынымды білмейтінмін. Ол кезде менің тәжірибем аз болғандықтан, түннің бір уағына дейін отырған кездерім болды. Мені газет беттеуге үйреткен ұстазым дизайнер Рашида Рахманова, газеттің қай жерінде сурет, қай жерінде мәтін тұратынын сызып беретін Баянды аға болатын. Осы кісілер менің газет беттеуді үйренуіме  көп  еңбегін сіңірді.

– Жұмыстағы бір күніңіз қалай өтеді?

– Менің жұмыс күнім таңғы сағат 9-дан басталады. Газет беттелмей тұрып бірінші жоспарланады, сол жоспарға байланысты материалдар дайындалады, содан кейін ғана барып газет беттеледі. Материалдар алдыма келгеннен бастап маңыздылығына қарай бөлінеді. Жоспарға байланысты қай материал кету керек, қайсысы кетпеу керек соған қарап, газет беттеледі. Менің газеттегі бір күнім осылай өтеді.

 

Майя АКИРБАЕВА, дизайнер:

 – Дизайнер мамандарға жиі қойылатын сұрақтың бірі – кәсіби оқу қажет пе?

– Әрине. Ғылым мен технологияның қарыштап дамыған кезеңінде өмір сүріп жатқандықтан, күн сайын түрлі өзгерістер болып, өмірімізге жаңашылдық еніп жатады. Білгеніңді ары қарай дамытып, оқып-ізденіп, уақыт ағысымен бірге жылжып отыру маңызды. Дизайнер болу үшін 4 жыл жоғары оқу орнында оқып шығу мүмкіндігі болмаса, арнайы қысқа мерзімде оқыту курстары бар. Дизайнерліктің қыр-сырын біліп, кәсібилікті арттыру үшін солардан өту керек.

– Жұмысыңыз сізге қандай жауапкершілік артады?

– Дизайнерлік ең алдымен – шығармашылық. Ойша бейнелеу, мәтін мен иллюстрацияны үйлестіру, өңдеу, әрлеу...бәрі-бәрі шығармашылықты талап едеті. Сенің жасаған жұмысың – қорытындылаушы. Басылым бетіндегі кез-келген ақпарат, мейлі ол мақала немесе жарнама болсын дизайнердің жұмысы арқылы бенеленіп оқырманға жетеді.

Оқылды 11745 рет

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 20, 2024

Эксперты сельского хозяйства…

Народный штаб по поддержке строительства атомной электростанции провел встречу с…
Қырқ 20, 2024

Қазақ егіншілік саласының мамандары…

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы…
Қырқ 20, 2024

Жители Алматинской области обсудили…

Народный штаб в поддержку строительства АЭС провел очередную встречу с жителями…
Қырқ 20, 2024

Алматы облысының тұрғындары АЭС…

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб Қарасай ауданының тұрғындарымен кезекті кездесу…
Қырқ 20, 2024

Еңбекшіқазақ ауданының ұстаздары АЭС…

Еңбекшіқазақ ауданындағы Ә.Қайдар атындағы мектептің ұжымы АЭС салу мәселесін талқылау…
Қырқ 19, 2024

Қазақстанда атом энергетикасы…

Олар болашақта атом электр станцияларын басқаруға және техникалық қызмет көрсетуге…
Қырқ 19, 2024

В Казахстане готовят более 9 тысяч…

Подготовка кадров для управления и технического обслуживания атомных электростанций –…
Қырқ 19, 2024

Болашақ дәрігерлер АЭС құрылысына оң…

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб Талғар медициналық колледжінің оқытушылары мен…
Қырқ 19, 2024

«Без атомной энергетики дефицит…

Члены Народного штаба по поддержке строительства атомной электростанции провели встречу с…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет