Бейсенбі, 03 Шілде 2025 17:53

«Жіті ішек жұқпалары, алдын алу мен сақтық шаралары»

Жіті ішек жұқпалары – дегеніміз  бұл бактериялар, вирустар, қарапайымдылар тудыратын және балалар мен ересек адамдарда ішек қызметінің бұзылуымен (диарея) сипатталатын жіті жұқпалы ауру. Ішек жұқпасы әлемде ең көп таралған инфекциялардың қатарына жатады. Жіті ішек жұқпалары  жыл бойында айналымда болады,  ал  негізгі бас көтеретін мезгілі жаз, күз айлары болып есептеледі.

       Инфекция қоздырғышы адам ағзасына  ауыз арқылы еніп, ары қарай ішекте өсіп жетіледі де, микробтары нәжіспен ілесіп сыртқы ортаға тарайды. Инфекция жеке бас тазалығының сақталмауынан, жуылмаған көкөністерден, тиісті термикалық өңделмеген, сапасыз, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тағамдар пайдаланғаннан, сондай-ақ, сапасыз ауыз суды пайдалану нәтижесінде жұғады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша жыл сайын дүниежүзінде 1-1,2 млрд дейін диареялық аурулар тіркеледі, миллиондаған бала ішек инфекцияларынан және олардың асқынуларынан көз жұмады.

    Жіті ішек инфекциясының клиникасына тән белгілерге:

    - Аурудың жедел, кейде аяқ-астынан басталуы;

    - Қызба

    -Уыттану белгілері (интоксикация)

    - Әр түрлі деңгейде ас қорыту жолының зақымдалу синдромы (гастрит, энтерит, колит)

    - Сусыздану синдромы

       Көп жағдайда науқас адамдар медициналық көмекке жүгінбейді, жиі туыстары мен таныстарының кеңесі бойынша үй жағдайында емделеді. Бұл жағдай науқастарды уақтылы анықтауды қиындатады және инфекцияның таралуына ықпал етеді.      

      Жіті ішек инфекциялары ауруларының алдын алу жолдары:

      - жеке бастың гигиена ережелерін сақтау;   

      -көкөніс, жеміс-жидектерді пайдаланар алдында ағынды судың астында мұқият жуып, қайнаған сумен шайқау;

      - қоғамдық орындарда болғаннан соң, дәретханаға барғаннан кейін, баланы тамақтандырар алдында, тамақты дайындар алдында қолды міндетті түрде сабындап жуу;

      - шикі сүтті міндетті түрде қайнатып ішу;

      - тез бұзылатын және дайын тамақтарды тоңазытқышта сақтап, егер сақтауға мүмкіндік болмаса сатып алған күні пайдалану;

      - шикі және дайын өнімдерді бір бірінен бөлек жеке ыдыста сақтау;

      - егер дайын тамақ келесі күнге қалатын болса, оны пайдаланар алдында қайнатып немесе қуырып, пайдалану;

      - шикі және дайын өнімдерді (ет, сүт, көкөніс және жеміс-жидектерді) пісіріп пайдалану;

      - қала сыртына демалуға шыққан кезде кездейсоқ су көздерінен су ішпеу және ыдыс жумау;

      - суға тек арнайы белгіленген орындарда ғана түсу.

      Есте сақтаңыздар! Жай ғана ішектің қалыпты жұмысының бұзылуынан пайда болып басталған ауру, өте қауіпті асқынуларға (қатты қан кетуге, ағзаның сусыздануына, тіпті өлім-жітімге де) әкеліп соқтыруы мүмкін. Сондықтан, өзін-өзі, әсіресе кішкентай баланы емдеуге мүлдем болмайды. Аурудын алғашқы белгілері біліне бастағаннан-ақ, бірден медициналық көмекке жүгініңіздер!

Еңбекшіқазақ аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Д.Бақберген

 

Оқылды 293 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 26, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 26, 2025

Бір тіл – бір әлем

Әр адам өзінің өмір жолын немен байланыстыратыны тек өз еркінде. Алдына мақсат қойып,…
Қар 26, 2025

Чемпиондық рух

 Саламатты өмір салты - адамның басты байлығы – денсаулықты күтуге, дұрыс өмір сүруге…
Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…
Қар 24, 2025

Терінің жұқпалы саңырауқұлақ аурулары

Терінің саңырауқұлақ аурулары – теріні, тырнақты және шашты зақымдайтын саңырауқұлақтан…
Қар 24, 2025

Мемлекеттік бақылау және қадағалау…

Мемлекеттік бақылау және қадағалау — қоғамдағы қауіпсіздік, сапа, құқықтық тәртіп және…
Қар 20, 2025

Тұрақтылықтың стратегиялық бағдары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының ішкі саясатының…
Қар 19, 2025

Ғажайып дәрілерге сенеміз бе?

Соңғы жылдары Қазақстанда халық денсаулығын тез жақсартуды уәде ететін, түрлі атаумен…
Қар 19, 2025

Ғасырлар үні: Қазақ тілінің даму…

Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани өзегі. Ол ұлттың дүниетанымын, мәдениетін, тарихын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет