Бейсенбі, 03 Шілде 2025 17:52

Эхинококкоз және оның алдын алу шаралары.

 Эхинококкоз – созылмалы ағымымен, ағзаның аллергиясымен және бауырдың, өкпенің және басқа мүшелердің зақымдалуымен сипатталатын паразиттік ауру.  Ауру ошағында  көптеген кистозды түзілістер қалыптасады, ауру көбіне еңбек ету қабілетінің жоғалуы мен мүгедектікке алып келетін ауыр асқынуларды тудырады және асқынған жағдайларда өліммен аяқталады.

         Аурудың қоздырғышы – гельминт «Echinococcus granulosus».     

         Эхинококкоздың қауіптілігі оның ұзақ уақыт бойы белгісіз, 5 тен  20 жылға дейін немесе одан да көп уақытқа созылуы мүмкіндігінде.

          Адамдар үшін эхинококкоздың негізгі көзі ауылшаруашылық малдар мен үй жануарлары, оның ішінде жиі жағдайда ит болып келсе, сирек жағдайда қасқыр, түлкі мен шибөрілер болып табылады.  Адам және ауылшаруашылығы жануарлар (қой, шошқа, сиыр, жылқы және т.б.) эхинококкоздың аралық иесі қызметін атқарады.

       Эхинококкозды жұқтыру жолдары - адамдар жұқпаны ауырған жануарлардан (ит, ірі және ұсақ мүйізді малдар, жабайы жыртқыштар) қарым-қатынас арқылы, жабайы жидектер жинау және оларды пайдаланған кезде,  гельминт жұмыртқасымен ластанған ашық су көздерінен (бұлақ, бастау) суды ішкен кезде, сол сияқты жеке бас гигиенасын сақтамаудан паразит жұмыртқасы тағаммен немесе ауыз сумен ішке өтеді.   Балалардың жұқтыруы итпен немесе эхинококкоз қоздырғыштарымен ластанған ойыншықтармен ойнаған кезде, осы паразиттің жұмыртқасы ағазаға түсуі мүмкін.

       Эхинококкоздың таралу факторларының бірі топырақ болып табылады. Жануардың нәжісімен түскен эхинококк жұмыртқалары бау бақшалары мен ауладағы топыраққа түсіп, шаң-тозаңмен үйге тасымалданады. Адам бақша немесе саяжайда жұмыс жасау кезінде және дұрыс жуылмаған бақша көкөністері мен жемістерді тұтынуы гельминттерді жұқтыруға ықпал етеді.

        Эхинококкозды жұқтыру қауіпі жоғары топқа ауласында үй жануарларын ұстайтын ауылды жердің тұрғындары, аңшылар, мал шаруашылығы кәсіпорындары, мал соятын пунктер, малды кәдеге жарату және көму объектілерінің жұмыскерлері, малшылар мен шопандар,  хайуанаттар саябағының жұмыскерлері саналады.

       Эхинококкоздың белгілері - аурудың белгілері таспа құрттың адам ағзасындағы түсу орнына байланысты болады. Бауырды зақымдаған кезде сарғаю пайда болуы мүмкін, оң жақ қабырғаның астында ауырлық сезімі, бауырдың ұлғаюы, оң қол мен арқаға берілетін ауырсыну байқалады. Паразит өкпеде болған кезде ентігу, қан түкіру, кеуденің ауырсынуы, жөтел  пайда болады.

        Эхинококкоз диагнозы зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін (ультродыбыстық зерттеу, рентгенография, компьютерлік томография) қолдану арқылы расталады.

       Эхинококкозды емдеу тек хирургиялық әдіспен жүзеге асырылады, емнен кейін науқас диспансерлік бақылаумен қамтылады.

 Эхинококкоздың алдын алудың негізгі шаралары:

   Ең бастысы - жеке гигиена ережелерін сақтау;

   Иттермен және кез келген басқа жануарлармен байланыста болғаннен кейін немесе бақшада жұмыс істегеннен, аулада ойнағаннан кейін қолды сабынмен мұқият жуу;

   Қаңғыбас иттермен жақын араласпау, балалардың олармен ойнауына жол бермеу;

   Иттерді арнайы бөлінген жерлерде серуендету, оларға профилактикалық емдеу жүргізу;

    Тоғандардың, өзендердің және басқа да табиғи су қоймаларының шикі суын ішпеу;

       Тағамға қолданылатын көкөністер мен жеміс- жидектерді  мұқият жуып-тазалаудан кейін, жануарлардан алынған өнімдерді тек жақсылап термиялық өңдеуден кейін пайдалануды.

 

Еңбекшіқазақ аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Д.Бақберген

 

Оқылды 335 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет