Жұма, 12 Мамыр 2023 15:30

Тіректі саладағы серпіліс – өңір өркендеуінің кепілі

Аудан әкімі Алтай Досумбаев бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері жөнінде баспасөз брифингін өткізді. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен ауыл шаруашылығы нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты.

Аудан басшысы әр сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, аудан жайлы қысқаша мағлұмат берді. Биыл аудандағы ауыл көшелеріне тас жол төселіп, ауылдарға газ, су тартылып, бірнеше білім және спорттық нысандарының құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Сонымен бірге аудан аумағында атқарылатын әлі талай міндеттің тұрғанын және оны орындап, іске асыруда барынша күш жұмсалатынын айтқан Алтай Машикұлы тілшілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Басқосуға келген БАҚ өкілдері аудан басшысына әлеумет, білім, экономика, ауыл шаруашылығы салаларындағы көкейде жүрген сауалдарын қойды. Бұл ретте әрбір сала басшылары журналистермен тікелей қарым-қатынас ұстап, ақпараттық шектеулерге жол бермеу қажет деген ұсынысын ортаға салды. Облыстық «Жетісу» телеарнасының тілшісі егіс алқаптарындағы су тапшылығы проблемасын алға тартып, суды үнемдеу мәселесіне ерекше назар аударуды сұрады. Аудан әкімі өзекті сауалға нақты жауап берді. Әкімнің айтуынша, қазір ауданымызда 86 мың гектар егіс алқабының 70 мың гектары суармалы. Бірнеше жылдан бері өңіріміздегі шаруалар тіршілік нәрінен таршылық көрді. Ал биыл осы мәселе оң шешімін таба бастады. Алтай Машикұлының сөзінше, биыл ауданымыз облыстық «Су шаруашылығы» мекемесімен бірлесіп 350 шақырым тоғанды тазалаған. Алайда аудандағы 71 елді мекеннің 40-ның су жүйесін қайта жаңғырту қажет.

Әкімнің мәліметінше, қазіргі таңда ауданда үш ауысымда білім беріп жатқан 3 мектеп бар. Ал жаңа оқу жылында 8 мектеп үш ауысымға көшуі мүмкін. Жаңа оқу жылында 6000-ға жуық оқушы 1 сыныпқа барады. Аталған мәселені шешу мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында  аудан аумағында 13 мектеп салынбақ. Оның бесеуінің құрылысы биыл басталады. «Бүгінде Есікте 1500 орындық, Төле би ауылында 450 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр. Олар биыл қолданысқа беріледі. Қосымша жеке кәсіпкердің қаржысына Есік пен Шелекте 900 орындық 2 мектептің құрылысы басталмақ», – деді аудан басшысы. Сонымен қатар әкім барлық 17 мектеп қолданысқа берілсе, кадр тапшылығы туындауы мүмкін екенін айтты. Қазірдің өзінде ауданда 49 мұғалім тапшы. Мамандарды өңірге тарту үшін 270 пәтерлі көпқабатты үй салынып, қызметкерлерге беріледі. Ал «Дипломмен ауылға» бағдарламасын жүзеге асыруда дәрігерлер мен мұғалімдерге жағдай жасалмақ. Брифингте бірқатар әлеуметтік мәселелер көтерілді. Оның бірі – ауылдарды газдандыру.      

Қазіргі таңда аудандағы елді мекендердің 14 пайызы ғана газға қосылған немесе 25 мың абоненттің 8,7 мыңы ғана көгілдір отынмен қамтылған. «Ауқат Инвест» атты жеке инвесторлық компания 5 ауылға газ тарту үшін жобалық-сметалық құжатын дайындап жатыр. Жоба құны аталған құжат әзір болғанда анықталады. Тағы 3 жобаға қаражат бөлінді. Сонымен қатар 54 елді мекенді толық қамту мақсатында осы компания инвестициялық жоба әзірлеп жатқанын айта кеткен жөн. Алдымен жоғарыда аталған 5 ауыл, кейіннен кезең-кезеңімен қалған ауылдар көгілдір отынға қосылады. Бұл жоспар 5 жылға жалғасады. Газға қосылу бағасы шамамен 350 мың теңге болмақ», – деді Алтай Досумбаев. Сонымен бірге, әкім көпқабатты үйлерді жылумен қамту үшін 16 блоктық-модульдық қазандықтар орналастыру жоспарланғанын айтты. Бүгінгі таңда 15-нің құрылысы аяқталған. Ал біреуінің құжатына өзгерістер енгізіліп жатыр. Ауданымыздағы көпқабатты үйлерді жылумен қамту жұмысы мемлекеттік бағдарлама аясында іске асырылған.

Аталған брифингтен кейін БАҚ өкілдері ауданымыздағы бірқатар өндіріс орындарын аралап, өңіріміздің өндірістік әлеуетіне көз жеткізді. Ең әуелі, БАҚ өкілдері сапар аясында Есіктегі «King fish» атты балық өсіретін компанияның тыныс-тіршілігімен танысты. Бүгінде аталған компанияның құрамында 4 балық шаруашылығы бар. Жалпы өндірістің жылдық қуаты 500 тонна. 50-ге тарта адам жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар шаруашылықта өңдеу өнеркәсібі де жолға қойылған. Компания қызметкерлерінің сөзінше, өндіріс көлемін тағы 200 тоннаға ұлғайту жоспарда бар. Бүгінде  аталған балық шаруашылығына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. Мысалы, шетелден сатып алынған шабақтардың жалпы құнының 50 пайызына, балықтарды өсіру үшін кеткен жемнің 25 пайызына субсидия беріледі екен. Ал балыққа қажетті жем Польшадан тасымалданады. Қазір «King fish» компаниясының балық өнімдерінің дені ішкі нарыққа саудаланады.

Ауданымыздағы іргелі кәсіпорындардың бірі – «Unifruit» ЖШС. Ол қазірге Орта Азиядағы бетон діңгек шығаратын жалғыз зауыт. Бетон діңгектер алма мен жүзімнің өнім көлемін арттыруға зор мүмкіндік береді. Бұл діңгектер тірек қызметін атқарып, жас көшеттердің жерсінуіне және ойдағыдай жетілуіне ықпал етеді. Өндіріс италиялық тәжірибеге сүйене отырып қолға алынған.  Зауыт жылына 30 мың дана бетон діңгек шығаруға қауқарлы.

– Біздің серіктестік бірнеше сұрыпты алма өндірумен де айналысатынын айта кеткен жөн. Жылдан жылға тұтынушылар тарапынан сұраныс артып келеді, – дейді компания басшысының орынбасары Бекжан Маратов.

Ауданымыздағы агроөнеркәсіптің қарқынды дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан кәсіпорындардың бірі – «Адал» АӨК. Аталған компания екі жыл ішінде өнім көлемін 2 есе арттырмақ. Компания басшысының кеңесшісі Керімтай Абдрахмановтың айтуынша, қазіргі таңда фермада күніне 3 рет 860 сиыр сауылып, 30 тонна сүт өндіріледі. Ал екі жыл ішінде 2000 сиыр сатып алынса, күніне 70 тонна сүт өндірілмек. «Облыс әкімдігінде өндіріс ошағын кеңейту бойынша жобамызды қорғап, өңір басшысының қолдауына ие болдық. Мұнда еуропалық «гальштейн» сүтті сиырын ұстап отырмыз. Кешенде 600-ден астам қызметкер жұмыс жасайды. Жұмысшылар ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі», – деді Керімтай Абдрахманов БАҚ өкілдеріне. Сонымен қатар ол сүтті еуростандарттарға сәйкестендіру мақсатында шетелдік мамандар компания өкілдерін оқытуға келетінін айтты. «Адал» АӨК-де  мал азығын дайындау үшін арнайы бөлім құрылған. Еншісінде 3000 гектар суармалы алқап бар. Ол жерде жоңышқа, соя, бидай секілді дақылдар өсіріледі. Бұл бөлімде жергілікті тұрғындар жұмыс істейді. Олардың орташа жалақысы 300-400 мың теңге көлемінде.

Бүгінде ауданымыздағы жемістер мен жидектерді өңдеуде тәулігіне 600 тонна қызанақ және 300 тоннаға дейін басқа да жеміс-көкөніс шикізатын өндіретін «Есік жеміс-жидек консерві зауыты» ЖШС-гі жұмыс істейді. Кәсіпорынның жеке өндірістік базасы бар, онда 800 гектар жерде алма, өрік, қызанақ өсіріледі. «Есік жеміс-жидек консерві зауыты» ЖШС-і  өнімдерінің 80 пайызы Ресейге, ал 20 пайызы ішкі нарыққа сатылады екен. Қазір кәсіпорын шикізат тапшылығын азайту үшін егіс көлемін 200 гектарға көбейтіп, тамшылатып суарылатын аумақты арттырған. Қазір ондағы мамандар жас көшеттерді ауа райының қолайсыздығынан туындайтындын  зардаптан сақтаудың қамын жасап  жатыр. Сапар барысында журналистер қауымы аудандағы тұрғындардың талап-тілектері ескеріліп, ауқымды жұмыстар  атқарылып, тіректі салдадағы тың серпіннің  өңірдің өркендеуіне жол ашып келе жатқандығына көз жеткізді.

 Е.АСЫЛ.

Оқылды 9782 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 26, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 26, 2025

Бір тіл – бір әлем

Әр адам өзінің өмір жолын немен байланыстыратыны тек өз еркінде. Алдына мақсат қойып,…
Қар 26, 2025

Чемпиондық рух

 Саламатты өмір салты - адамның басты байлығы – денсаулықты күтуге, дұрыс өмір сүруге…
Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…
Қар 24, 2025

Терінің жұқпалы саңырауқұлақ аурулары

Терінің саңырауқұлақ аурулары – теріні, тырнақты және шашты зақымдайтын саңырауқұлақтан…
Қар 24, 2025

Мемлекеттік бақылау және қадағалау…

Мемлекеттік бақылау және қадағалау — қоғамдағы қауіпсіздік, сапа, құқықтық тәртіп және…
Қар 20, 2025

Тұрақтылықтың стратегиялық бағдары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының ішкі саясатының…
Қар 19, 2025

Ғажайып дәрілерге сенеміз бе?

Соңғы жылдары Қазақстанда халық денсаулығын тез жақсартуды уәде ететін, түрлі атаумен…
Қар 19, 2025

Ғасырлар үні: Қазақ тілінің даму…

Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани өзегі. Ол ұлттың дүниетанымын, мәдениетін, тарихын…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет