Сенбі, 08 Қараша 2025 17:12

Статистика саласы – дамудың деректі негізі

8 қараша – елімізде Статистика қызметкерлері күні ретінде аталып өтеді. Осы мерекеге орай «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Бағдат Рахимов аудандық статистика басқарма ұжымын қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Кездесуде Бағдат Рахимов қоғам дамуы мен мемлекеттік саясаттың тиімді жүзеге асуында статистика саласының маңызы ерекше екенін атап өтті.

– Нақты дерек пен сапалы талдау – кез келген шешімнің берік іргетасы. Сіздердің еңбектеріңіз мемлекетіміздің экономикалық, әлеуметтік дамуын айқындайтын маңызды бағыттардың бірі. Статистика дегеніміз – сандық көрсеткіштердің  жиыны. Ол уақыт өткен сайын өзара байланыста  әрқашан дамып, толығып отырады. Олай болса, оқыған, білімдар адамдар  сол көрсетілген  сандық көрсеткіштерді оқи және түсіне білуі керек. Себебі ондағы көрсетілген сандық көрсеткіштер   арқылы    мемлекетіміздің   саяси  және  әлеуметтік-экономикалық даму немесе кему процесстерін толығымен көруге болады. Сонымен бірге статистикалық сандық көрсеткіштерді қолданып, оған талдау жасау арқылы болашаққа, яғни белгілі бір кезеңге болжам жасауға толық мүмкіндік туады. Демек, статстикада жай  әншейін берілген құрғақ сандық көрсеткіштер емес, онда тек қана айқын, дәлелді, нақты сандық мәліметтер көрсетіледі, – дей келе, қуаныш иелеріне, сала ардагерлеріне жылы лебізін арнап, ақ тілегін білдірді.

Сондай-ақ Бағдат Болатұлы өз сөзінде аудандық статистика басқармасының қызметін жоғары бағалап, басшысы Алуа Елеусізованың кәсіби біліктілігі мен ұйымдастырушылық қабілетін ерекше атап өтті.

Мереке қарсаңында бөлім қызметкерлеріне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Бұл – олардың адал еңбегіне көрсетілген құрмет пен ризашылықтың белгісі.

Кездесу соңында ұжым атынан сөз алған Алуа Серікқызы көрсетілген қолдау мен жылы лебіз үшін «AMANAT» партиясының аудандық филиалына алғысын білдіріп, алдағы уақытта да сапалы статистикалық мәліметтер арқылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қоса беретінін жеткізді.

Ринат НАРХАНОВ.

 

 

Оқылды 411 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет