Жұма, 14 Қараша 2025 17:19

Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Бейбіт ИСКАКОВ: Қаржы тұрақтылығы – әлеуметтік дамудың кепілі

1993 жылы 15 қараша – тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан үшін ерекше күн. Бұл күні ұлттық валюта – теңге айналымға енгізілді, сонымен қатар, қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып бекітілді. Мереке қарсаңында аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Бейбіт Искаковпен сұхбаттасқан едік.

–  Құрметті Бейбіт Құлжамбайұлы, бүгінде еліміз қос мерекені бірге атап өтуде. Осы мерекелер жайлы пікіріңізді білсек.

– Иә, расымен жыл сайын Ұлттық валюта және қаржыгерлер күні қатар тойланады. Валютамен жұмыс істейтін қаржыгерлер болғандықтан болар қос мереке қатар тұр. Ал валюта күніне келер болсақ, оның тарихы сонау Тәуелсіздік жылдарынан басталады. Ел Тәуелсіздігінің айқын белгісі – өзінің ұлттық валютасының болуы.  Валюта – тек ақша бірлігі емес, ол мемлекеттік егемендіктің нышаны, елдің тұрақтылығы мен дамуының көрінісі болғандықтан, еліміздің  экономикасының нығаюына өз үлесін қосты.

– Ауданымызға оралайық, бүгінгі таңда қаржы саласын тізгіндеп отырсыз. Биылғы жылға бөлінген қаржының игерілу барысы қалай?

– Сұрағыңыз орынды. 2025 жылға бюджеттің шығыс бөлігінің жоспары 50 млрд 138 млн теңгеге бекітілді. Жыл бойы бюджетке 5 нақтылау және 6 түзету жұмыстары жүргізілді. Оларды ескере келе, өткен жылмен салыстырғанда  бюджет шығысы 71,4 пайызға ұлғайған. Бүгінгі таңда нақты 43 млрд 996 млн теңгесі игерілген. Бөлінген қаражат жыл соңына дейін жоспарлы түрде игеріледі. Бюджет қаражатты жылдың аяғына дейін толық және тиімді игеру мақсатында ауылдық округтерге және аудандық бөлімдерге бақылау шаралары тұрақты түрде жүргізілетін болады.

– Салық түсімдеріне байланысты біздің аудан дотация есебінен өмір сүретін ауданға жатады. Келешекте донор ауданға айналу үшін сіздің ойыңызша қай салаларды дамытуға басымдық берген жөн?

–  Салық – еліміздің экономикасының өркендеуіне және халық тұрмысының жақсаруына өз үлесін қосатын маңызды құрал. Ауданның салық түсімдері төмен болған жағдайда оны «дотация есебінен өмір сүретін аудан» деп атайды.  Ал «донор» ауданға айналу үшін ең алдымен агроөнеркәсіп кешенін, өңдеу өнеркәсібін, туризм мен экотуризмді, сондай-ақ инвестиция тарту саласын дамыту қажет. Аудандағы инвестициялық ахуалды жақсартып,  салық базасын кеңейту мақсатында түрлі инвестициялар тартылып жатыр. Аудан әкімі Талғат Байеділов облыстық делегация құрамында Қытай  Халық Республикасына іссапармен барып, шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізді. Мысалы, өткен жылы «Жетісу вольфрамы» ЖШС Сөгеті ауылында іске қосылды. Қазіргі таңда бірнеше ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ауданда жалпы 7 жоба іске асырылып, 2 млрд 43 млн теңге көлемінде инвестиция тартылды. Нәтижесінде 89 жаңа жұмыс орны ашылды. 2025-2026 жылдары іске асырылу сатысында 8 жоба бар,  бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

–   Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелеп, еңбек етіп жүрген бөлім қызметкерлеріне тоқтала өтсеңіз.

–   Еңбекшіқазақ ауданының экономика және қаржы бөлімі ауданда экономикалық саясатты қалыптастыру мен дамыту мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау, жергілікті бюджетті атқару және коммуналдық меншігін басқару, стратегиялық, бюджеттік есепке алу және бюджеттік есептілік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру салаларында  басшылықты жүзеге асыратын орган. Бөлімде 13 адам жұмыс атқарады. Барлығымыз ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын қалыптастыру, өңірлік даму саласындағы саясатты іске асыру, ауданның стратегиялық, экономикалық және бюджеттік есепке алу және коммуналды меншікті басқару саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жолында еңбек етудеміз.

–  Мереке қарсаңында әріптестеріңізге  айтар тілегіңіз болса...

–  Қаржы мекемелері – ауданның тіршілік ету механизмінің негізгі бөлігі, аудан экономикасында маңызды орын алады. Ауданның дамуы қаржыгерлердің ұмтылыстарының, тәжірибе бен күш-жігерінің, еселі еңбегінің арқасы. Осы айтулы күнде қаржы саласында еңбек етіп жүрген үзеңгілес әріптестерімді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, мол табыс, жаңа жетістіктер тілеймін! Еліміздің қаржы жүйесі дами берсін, теңгеміз тұрақты болсын! Себебі, қаржы тұрақтылығы – әлеуметтік дамудың басты кепілі.

– Сұхбат бергеніңізе рахмет. Мереке құтты болсын.

 

Тілдескен

Ж.САТЫБАЛДЫ.

Оқылды 1350 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет