Сейсенбі, 16 Ақпан 2021 15:58

А.Баталов: «Жол картасы» Жетісу өңірінің дамуына үлес қоспақ

Алматы облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жиналысы өтіп,  күн тәртібінде «Nur Otan» партиясы Алматы облысының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол картасы қаралды. Отырысқа облыс әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы Амандық Баталов және әкім орынбасарлары, облыстық мәслихат хатшысы Жанболат Жөргенбаев облыстық партия филиалының басшылығы, облыстық мәслихат депутаттары, департамент, басқарма басшылары қатысты.

Жиналысты облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық депутаттық фракция жетекшісі Гүлнәр Тойлыбаева ашып жүргізіп, күн тәртібіндегі мәселелерді атап өтті.

«Барлықтарыңызға мәлім, «Nur Otan» партиясы республика бойынша әр аудан-қала мен облыстық сайлауалды бағдарламасын әзірлеп, қалың бұқараның талқылауынан өткізген болатын. Ерекешелігі бұл бағдарлама әр өңірді жеке қамтып, аймақтың дамуы жолында өз рөлін айқындай түсті. Осы бағдарлама аясында  Алматы облысында да үлкен жұмыстар жүргізіліп, «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында Жол картасы әзірленді.

Жол картасының әр тармағының тиімді іске асып, орындалуы әр депутаттың жеке бақылауында болмақ, ол үшін әр депутатқа салалар бекітіліп берілді. Сонымен жауапты басқарма басшылары бағдарламаның іске асуы персоналды түрде жауапкершілігінде болмақ, бұл жол картасында қарастырылған» деп атап өтті.

Одан әрі, Гүлнәр Қожағұлқызы сөз кезегін сайлауалды бағдарламада көрсетілген жұмыстарды іске асыру бойынша Жол картасының жобасын таныстыру үшін облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Әмірхановқа берді.

Жомарт Әмірханов өз сөзінде «Nur Otan» партиясы Алматы облысының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасы аясында облыстық 2021-2025 жыларға арналған даму бағдарламасы әзірленді. Бүгін сайлауалды бағдарламаны іске асыру бойынша Жол картасы назарларыңызға ұсынып отырмыз, 7 бағыт қамтылып, оған 25 көрсеткіш және 130 іс-шара жоспарланған. Жайлы қала бағытында жол сапасын арттыру, тұрғын-үймен қамту, сапалы ауыз су мен су жүйесімен қамту көзделген, ол үшін 2021-2025 жылдары аралығында 5,4 млн. шаршы метр тұрғын-үй салу көзделген, оның ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1 млн шаршы метр. Сонымен қатар, 3 мыдай әлеуметтік аз қамтылған отбасылармен, 5309 көпбалалы отбасы тұрғын-үймен қамтылмақ. Жергілікті жерлерде жолды жақсы және қанағаттанарлық деңгейін 2025 жылға дейін 99% жеткізу жоспарланған. Ауыз су жүйесімен қамту бағытында 2023 жылы қалалық жерлерде 100%, ал ауылды елді мекендерде 99,5% көзделген деп атап өтті.

Облыстық мәслихат жанындағы тұрақты комиссия төрағалары Асқар Сүлейменов және Римма Салықова ұсыныстарын білдіріп, Жол картасының жобасы облыстық Саяси кеңес Бюросының қарауына жіберілді.

Асқар Сүйлейменов өз сөзінде «Nur Otan» партиясының Сайлаулауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Жол картасы жалпы еліміздің қарқынды дамып, өркендеуін мақсат еткен партиямыздың Лидері, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекетімізді одан әрі дамытуға жаңа серпін беретін стратегиялық сабақтастығы деп білемін.  Бүгін «Nur Otan» партиясы депутаттық фракция жанындағы экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, депутаттық өкілеттіктер мен этика мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының жұмыс жоспары бекітіліп, алдағы  5 жылға жоспарланған барлық шаралар басты назарға алынады. Жоспарда көзделгендей «2020-2025 жылдар аралығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы» аясында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және оны мүлдем жою бағытында мемлекеттік органдармен бірлескен іс-шараларды ұйымдастырамыз. Халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қанағаттану деңгейін 90%-ға дейін арттырамыз. Облыс тұрғындарының өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 5 жыл ішінде 30 патрульдік автокөлік сатып алынады. Сонымен қатар, тұрғын үймен біріктірілген  39 учаскелік полиция пункттері салынады. Халқымызда «Мұратына жүрген жетеді» - деген жақсы сөз бар! Осы ретте алға қойған мақсаттардың тиімді жүзеге асатындығына сенімдімін деп қорытындылап өтті.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе фракция мүшелерінің жеке жұмыс жоспарлары  қаралып, облыстық депутаттық фракция жетекшісінің орынбасары Сұлтан Нұрдаулетов баяндап өтіп, жұмыс жоспарлары бекітілді.

«Жол картасында» партияның нақты мақсаттары бағытталған, Сайлауалды бағдарламада халықтың барлық санатын қамтыған, сонымен бірге, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, денсаулық, ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамытуға жаңа қадам жасалынды. Бағдарламада отбасын, әйел азаматтарды, жастарды қолдауға да ерекше көңіл бөлінді. Мақсаттарға жету үшін «Жол картасының» әрбір тармағының орындалуын қатаң бақылауымыз қажет. Бұл Елбасымыздың бізге берген тапсырмасы.

Бұл ретте «Жол картаның» барлық бағыттары мәслихат депутаттарының арасында бөлінген. «Жол картада» белгіленген нысандардың құрылысы мен жөндеуден өтетін жұмыстарын қадағалайсыздар.

Нысандардың облыс бойынша аумақтарда орналасқанына орай, Сіздер аудан, қалаларда фракция жетекшілерімен тұрақты комиссия төрағаларымен тығыз жұмыс жасауларыңыз қажет.

 Бағдарлама тармақтарының орындалуы туралы ақпаратты жауапты мемлекеттік органдардан  анықтауларыңыз қажет.

Жол картада әрбір сала бойынша тиісті құрылыс немесе жөндеуден өтетін нысандар көзделген. Мысалы: денсаулық сақтау саласына қатысты – 72 нысан, білім саласына қатысты – 81 жаңа нысан салынса, 101 білім беру мекемесі күрделі жөндеуден өтеді. Сонымен қатар, мәдениет саласына қатысты – 61 жаңа нысан салынып, 51 Мәдениет үйлері күрделі жөндеуден өтеді. Аталған осы және басқада іс-шараларды іске асыруға қажетті қаражаттар көзделгенкезекті облыстық бюджет жобасын қарау кезінде халық алдындағы міндеттемелерді қаржыландыру үшін қажетті түзетулерді енгізуге дайын болыңыздар. Бізге, облыс жұртшылығы сенім артып, өз дауыстарын берген соң, «Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына сайланған кезден бастап, халықтың сенімін ақтауымыз қажет деп сөзін қорытындылады.

Соңғы сұрақ, облыстық депутаттық фракцияның жанынан құрылған тұрақты комиссияларының жұмыс жоспарлары депутаттар тарапынан қаралып, бірауыздан бекітілді.

Жиынды қорытындылаған өңір басшысы, облыстық партия филиалының төрағасы Амандық Баталов өз сөзінде: ««Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асырудағы «Жол картасы» Жетісу өңірінің дамуына үлес қоспақ. Сайлаушыларымызға берген уәделеріміз сапалы, әрі уақытылы іске асуы тиіс. Алдағы 5 жылда біз партияның «Өзгерістер жолы. Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасы аясында өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырамыз. Ол үшін, менің орынбасарларыма және аудан-қала әкімдеріне сайлауалды бағдарламаны іске асыру бойынша Жол картасында көрсетілген көрсеткіштерді өзгеріссіз және мерзімнен шегермей  орындауды тапсырамын» деп атап өтті. 

Назарларыңызға сала кетсек, 2020 жылдың 16 қарашасында кезектен тыс XXVII облыстық конференциясында өңірілік сайлауалды бағдарлама бекітілген. Осы сайлауалды бағдарлама негізінде іске асыру бойынша Жол картасының жобасы әзірленді. Жол картасын іске асыру бойынша қаржы көлемі 2 трлн. 678 млрд. тенге құрап отыр, оның ішінде республикалық бюджеттен – 428 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 523 млрд., жеке инвестиция – 1 трлн. 727 млрд. теңге.

Мысалға, тұрғындарды табиғи газбен қамту аясынжда 2025 жылға дейін 195 елді мекенді қамти отырып, 1,6 млн тұрғын немесе, өңір халқының 76% табиғи газға қол жеткізіп, өңірдің газдандыру деңгейі 59% көрсетпек.

Сонымен қатар, 72 медицина нысанын салып, алғашқы медико-сантарлық ұйымдар үшін 347 дана медициналық құрал жабдықтармен сатылып алынбақ.

Блім сапасын арттыруда үш кезекте оқитын мектептер орнына 39 мектеп салынбақ,ал мектепке дейінгі ұйымдармен қамтуды 2022 жылы 100% жеткзілмек. Бұқаралық спортты дамытуда 2025 жылға дейін 18 спорт нысанын салу, оның ішінде 8 дене шынықтыру комплекстері бар. Бағдарлама аясында 8 колледжге студенттік жатахана салу жоспарланған, оның 3-і былтырғы жылы пайдалануға берілді. 

Оқылды 1001 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…
Қар 14, 2024

ҚМА еріктілер қозғалысының…

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет