Сәрсенбі, 17 Ақпан 2021 14:32

«Қайырымды істер марафоны» басталды

Сүрінге сүйеу, жығылғанға тіреу болу – бабалардан қалған асыл қасиет – қайырымдылық. Бұл ұлы ұғымды ұлықтап, ұрпаққа үлгі етудің, қанда бар қасиетті қайта тулатудың маңызы мол. Осы орайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген бастаманың орны бөлек.

Былтыр желтоқсан айында «Волонтер жылының» жабылу рәсімінде Президент: «Енді санаулы күннен соң біз Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қадам басамыз. Бұл – ел дамуындағы аса маңызды белес, тарихи меже. Сондай-ақ, жетістігімізді саралап, болашағымызды бағамдайтын кезең. Келер жылғы мерейтойлық іс-шаралардың мазмұнына ерекше мән береміз. Оның әрқайсысы терең мағыналы және қоғам үшін пайдалы болуы тиіс. Сонымен қатар, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беруі шарт. Осыған орай жалпыұлттық деңгейде «Қайырымды істер марафонын» ұйымдастыруды ұсынамын», – деген еді. Игі бастама дереу қолға алынды.

Елорданың төрінде меценаттар мен донорлар жиналған жиынға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қатысып, жобаны жүзеге асыру барысы талқыланды. «Бұл – игілігі зор, қайырымы мол ізгі шара. Оған азаматтық сектор мен бизнес-қауымдастық өкілдерінің, мемлекеттік органдар мен барша белсенді азаматтардың қатысуы өте маңызды. Себебі қоғамның әлеуметтік-маңызды мәселелерін шешуде мемлекет – қоғам – бизнес өкілдері арасындағы әріптестікке артылар сенім зор», – деген министр қоғам үшін қайырымдылық, меценаттық және донорлық ең маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ А.Балаева қайырымдылық мәдениетін жүйелі түрде дамыту мақсатында «Қайырымдылық туралы» заң қабылданғанын да тілге тиек етті. Заңға Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен нақты және тиімді құқықтық тетіктерді белгілейтін түзетулер әзірленіп жатыр. Бұл туралы былтыр Президент: «Қайырымдылық және волонтерлік ұйымдар өздерінің еңбек етуіне, соның ішінде мемлекетпен және бизнеспен бірлесе жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасайтын заң жүзінде шынайы мәртебеге ие болуы тиіс. Үкіметке бұл мәселені пысықтау тапсырылды. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, инфрақұрылымды пайдаланудың, ақпараттық қолдау кезінде жеңілдіктер берудің нақты тетіктерін әзірлеудің мәні зор. Сонымен қатар салықтық жеңілдіктер мәселесі де маңызды», – деген еді.

Жиында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрайымы Лима Диас: «Қайырымды істер» марафоны – бұл адам мен ұйымдарды біріктіретін қайырымдылық қозғалысы. Ол адамдарды жақсылық жасауға ынталандырады. Жомарттық, жақсылық және қайырымдылық – бұл қоғамға өз үлесін қосуға, басқа адамдардың өміріне оң өзгерістер әкелуге мүмкіндік беретін құндылықтар», – деп, ұйымдастыру комитетінің жұмысына тоқталды. «Қайырымды істер» марафонын ұйымдастыру комитеті марафонға қатысушыларға ұйымдастырушылық, әдістемелік, сонымен бірге ақпараттық көмек көрсетумен айналысады және марафон барысында өтетін барлық іс-шараларды қорытындылайды.

Тақырыптық, гуманитарлық және әлеуметтік салаға бағытталған халықаралық және ұлттық мерекелерді атап өтуге арналған күнтізбе шығарылады. Ол марафонға қатысушыларға бағдар болады, әрі телефонға арналған қосымша ретінде жасалады. Сонымен қоса, басқарма төрайымы «Ең қайырымды қала», «Ең қайырымды әкім», «Ең қайырымды бизнес», «Ең қайырымды аула», «Ең қайырымды ұжым», «Ең қайырымды ЖОО», «Еңқайырымды ауыл», «Ең қайырымды мектеп» және «Ең қайырымды редакция» секілді конкурстар ұйымдастырылатынын айтты. Олардың қорытындысы жыл соңында шығарылады.

Сондай-ақ, 4 ұлттық «жақсылық күні» ұйымдастырылмақ. Бұл күндері республикалық, облыстық деңгейде бір мезгілде қайырымдылық, волонтерлік немесе өзге де акциялар өткізіледі.

Бұдан бөлек, қайырымдылық сабақтары ұйымдастырылмақ. Мәселен, франдрайзинг, корпоратистік волонтерлік, журналистерге арналған сторителлинг және тағы сол сияқты тренингтер мен мастер-кластар ұйымдастырылады. Осынау жобаларды жүзеге асыра отырып, кемінде 5 млн адамды қамту жоспарланған. Осылайша қоғамда қайырымдылық жасау, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, волонтерлікті дамыту сынды мәселелерді көтеру көзделген.

Иә, кесапаттан қоғамды құтқаратын – қайырымдылық. Бұған былтырғы тосыннан тап болған індет те көз жеткізді. Қиын-қыстау кезеңде сырт қалмай, мұқтаж жанға көмек қолын созған, мейірімділік пен ізгілік танытқан азаматтар қайырымды жандардың бар екенін, қандағы қасиеттің тасада қалмайтынын көрсетті. Жақсылық жасаудан сіз де сырт қалмаңыз, оқырман.

 

Қ.МҰРАТҚЫЗЫ

 

 

 

 

Оқылды 1758 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…
Қаз 23, 2025

Кітап оқу – өркениет кепілі

Қоғамның нағыз рухани құндылықтан ажырап, алақандай смартфонға бар уақытын сарп етіп…
Қаз 23, 2025

Құрметті мамандық

Рухани-мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз…
Қаз 23, 2025

Әлеуметтік сала – ізгіліктің алтын…

Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, адамдардың…
Қаз 23, 2025

Ұлттық өркендеу жолы

XXI ғасыр – цифрлық революция заманы. Бүгінде әлемдегі барлық салалар цифрлық…
Қаз 23, 2025

Әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Таза әйнек — үйдің, автокөліктің де ажары. Дегенмен, әйнекті жууға арналған сұйықтықты…
Қаз 23, 2025

Диспенсерге арналған пластик…

Қазіргі таңда кеңселер мен ұйымдарда, сондай-ақ тұрмыстық жағдайда диспенсерге арналған…

Күнтiзбе

« Қазан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет