Сәрсенбі, 17 Ақпан 2021 14:33

Жол картасы: 60 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов «Жұмыспен қамтудың Жол картасын» жүзеге асыруға ерекше көңіл бөліп отыр. 2020 жылы бағдарламаны іске асыру үшін 1051 жобаға 105 миллиард теңге бөлінді.
Айта кету керек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы «Жұмыспен қамту-2020 Жол картасы» аясында үлкен жұмыс атқарылды.
Бағдарлама аясында 60 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Карантин кезеңінде жұмысынан босап қалған азаматтардың дені жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырылды.
Облыс әкімі Амандық Баталовтың айтуынша, «Жұмыспен қамту Жол картасы» бағдарламасы арқасында тұрғындардың жұмыспен қамтылу деңгейі артып, халықтың әл-ауқаты жақсарып, жұмыссыздық азайып келеді.
«Бағдарламаның негізгі міндеттері: өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздарды және халықтың нысаналы топтарына кіретін азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын орындау, кадрлық әлеуетті дамыту. Биыл біз бұл салаға үлкен көңіл бөлеміз», – деп атап өтті Амандық Баталов.
Мәселен, «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» аясында 18 миллиард теңгеге 216 ауылдың жолы жөнделді. Еңбеккерлер жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа алынып, ең азы 85 мың теңге жалақы алып отырды.
Осы бағдарламамен жұмысқа орналасқан Фархат Мансапбековтің айтуынша, «ЖҚЖК» олар үшін тамаша мүмкіндік болған.
«Мені жұмысқа шақырған кезде қатты қуандым. Өйткені қазір ақша өте қажет. Жалақы да жақсы, жағдай да жақсы. Ең бастысы, біз өз ауылымызға пайдамызды тигіземіз», – деді ол.
Алматы облысында «Жұмыспен қамту-2020 Жол картасы» бағдарламасы бірнеше бағытта жүзеге асырылуда. Бұл –  күрделі жөндеу, әлеуметтік нысандарды қайта жаңарту, елді-мекендерді абаттандыру, ауылдық жерлерде дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттер салу. Сонымен қатар, мектеп ғимараттарын күрделі жөндеуге және емдеу амбулаторияларын салуға бірінші кезекте көңіл бөлінуде.
Яғни, бұл – өңірдің әр аудан, қаласында «Жұмыспен қамту Жол картасы» аясында кем дегенде 10 жоба іске асырылуда деген сөз.
Атап өту керек, аймақта бұл бағдарлама аясында жүздеген сәтті жоба жүзеге асырылып, мыңдаған жетісулық жұмысқа орналасты. Сонымен қатар, өңірде әлеуметтік маңызды нысандар саны артып келеді. Жетісуда «ЖҚЖК-2021»жобасын да белсенді дамыту жоспарланып отыр. Биыл тағы жеті мектептің құрылысы басталады. Оның алтауы үш ауысымды мектептердің орнына салынбақ.

Автор: Айман АСЫЛ

Оқылды 1464 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 28, 2026

Конституция – құқықтық кепіл және…

Ұсынылып отырған түзетулер Конституцияны тек құқықтық құжат қана емес, азаматтардың…
Қаң 28, 2026

Мемлекеттік басқарудың тиімділігі

Президенттің, Вице-Президенттің және Кұрұлтайдың өкілеттіктерін нақтылау мемлекеттік…
Қаң 28, 2026

Халық кеңесі және азаматтық қоғам

Халық кеңесінің құрылуы жаңа консультативтік орган ретінде халық мүддесін қорғайтын заң…
Қаң 28, 2026

Заң шығару процесін жаңарту

Кұрұлтай мен Парламенттің өкілеттіктерін жаңарту, заң шығару бастамасын кеңейту және…
Қаң 28, 2026

Сот билігінің тәуелсіздігі

Сот билігінің тәуелсіздігін күшейту, сот өндірісін әртараптандыру және адвокатураның…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет