Облыстың жергілікті атқарушы органдарының 2020 жылғы қызметі Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың жыл сайынғы Жолдауларынан туындайтын міндеттерді орындауға, коронавирустық пандемиямен күреске, барлық ресурстарды жұмылдырып, дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру арқылы облыс халқының өмір сүру деңгейінің төмендеуіне жол бермеуге бағытталды.
2020 жылы уақытылы қабылданған шаралардың арқасында облыс экономикасының негізгі салаларында оң серпін сақталып қалды.
Бағалау қорытындысы бойынша 2020 жылы жалпы өңірлік өнім 3 343,5 млрд.теңгені, нақты көлем индексі 101%-ті, халықтың жан басына шаққанда 1616,2 мың теңгені құрады.
Өнеркәсіпте 1 трлн.168 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 102,3%-ті құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде дайын металл бұйымдарының өндірісі – 25,3%-ке, фармацевтика өнімдері – 10,2%-ке, тамақ өнімдері – 3,5%-ке, сусындар - 2,3%-ке, машина жасауда– 1,3 есе, электр жабдықтарының өндірісі – 1,5 есе өсті, сондай-ақ металлургия өнеркәсібінде алюминий өндірісі 1,8 есе ұлғайды.
Өнеркәсіптің 42 жаңа нысаны іске қосылды, жұмыс істеп тұрған 18 кәсіпорын кеңейтілді, қосымша 1476 жұмыс орны құрылды.
Индустрияландыру картасы аясында 2818 жұмыс орнын құра отырып, 128,7 млрд.теңге сомаға 20 нысан (2019 ж. – 6) пайдалануға берілді. Оның ішінде ірілері: "Жетісу мажико" агрокешені", "ТКМЗ", "AGRITECH" және "Жетісу Соя" майлы дақылдарды қайта өңдеу зауыттары, "Nauryz Agro", "Алатау-Құс" құс фабрикалары және "Салем-құс" бөдене жұмыртқасын өндіретін құс фермасы, "OTAN Green Food" ет бағытындағы құс фабрикасын қайта жаңарту, "SSA Feed Mills" құрамажем зауыты.
Іске асырылған 8 жобаның төртеуі Трансұлттық компаниялардың қатысуымен жүзеге асырылды: "Маревен Фуд" – қуаттылығы жылына 417 млн.дана болатын тамақ өнімдерін шығару зауыты, "Лукойл" – майлау материалдарын өндіру зауыты (жылына 100 мың тонна), "Wilo Central Asia" – сорғы жабдықтарын өндіру зауыты (жылына 2000 бірлік), "SSA Фид Миллс" – құрамажем зауыты (жылына 60 мың тонна).
"Қарапайым заттар экономикасы" шеңберінде басым жобаларды жеңілдікпен насиелеу бағдарламасы бойынша 85,2 млрд.теңге сомаға 254 жоба қарастырылуда, оның ішінде 56,1 млрд. теңге сомаға 183 жоба мақұлданды.
Нәтижесінде 2020 жылдың қорытындысы бойынша жеңіл өнеркәсіпте жергілікті қамту үлесі 73%-ті, құрылыс материалдары бойынша – 95%-ті, тамақ өнеркәсібінде – 85%-ті, жиһаз өнеркәсібінде – 67%-ті, химия өнеркәсібінде – 54%-ті, машина жасауда – 30%-ті құрады.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2,3% өсіммен 917,8 млрд. теңгені құрады. Бағалау қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған бір адамға шаққанда еңбек өнімділігі 2 510 мың теңгені немесе 2019 жылға 104%-ті құрайды. Саланы қолдауға 51,8 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде 46,2 млрд. теңгесі – субсидиялар.
40,4 млрд. теңгеге 34 инвестициялық жоба іске асырылды, 57,5 млрд.теңге инвестиция тартылды.
Компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып, автоматтандырылған жүйелер белсенді енгізілуде.
Осындай жүйелермен инкубациялық жұмыртқалар және құстарды тамақтандыру өндірісі жабдықталған, жылыжай кешендерінде гидропоника компьютерлік жүйесі арқылы басқару технологиясы қолданылады (өнімді топырақсыз ортада өсіру), қант қызылшасын жинау үшін 14 цифрлық комбайн қолданылады.
5 мың га суармалы жер қалпына келтірілді, Книжевский су қоймасына, "Достық", "Тоған", "Октябрь-2", "Талап", "Сасықпай", "Көтентай" су қоймаларына және "Үкірші" магистральдық каналына күрделі жөндеу жүргізілді.
Нәтижесінде, 2019 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы дақылдарының алқабы 6,9 мың гектарға ұлғайып, 968,5 мың гектарды құрады.
Ылғал үнемдеу технологияларын қолдану алаңы 149 мың гектарға және су үнемдеу технологиясын пайдалану – 19 мың гектарға жеткізілді.
1,4 млн.тонна астық бастырылды (2019 жылдың деңгейіне 100%), 549,5 мың тонна қант қызылшасы (104,6%), 296,1 мың тонна майлы дақылдар (93,6%), 785,8 мың тонна картоп (103,7%), 1 млн. тонна көкөніс (103,7%), 112,2 мың тонна бақша дақылдары (93,0%), 133,2 мың тонна жемістер мен жидектер (119,2%) жиналды.
Қарасай ауданында алаңы 5,1 га болатын "Eurasian Green Product" жылыжайы пайдалануға берілді, жалпы алаңы 101,1 га болатын 101 жылыжай жұмыс істейді, 35,3 мың тонна көкөніс жиналды.
Мал шаруашылығында мал мен құстың барлық түрлерінің саны көбейді, 2,2% өсіммен 388,7 мың тонна ет сатылды, 813,6 мың тонна немесе 2019 жылмен салыстырғанда 3,2% - ке артық сүт сауылды.
АӨК өңделген өнімінің экспорты 2020 жылы 20,6% - ке өсіп, 110 млн. АҚШ долларын құрады. 754 тонна ІҚМ еті және 2,9 мың тонна құс еті экспортталды.
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 123,2 мың бірлікті (100,7%) құрады, онда жұмыспен қамтылғандар саны 261,8 мың адамға жетті. ШОБ субъектілерінен бюджетке 124,2 млрд.теңге немесе 2019 жылға 109,5% түсті.
"Бизнестің жол картасы", "Еңбек" бағдарламалары аясында және "Даму" қорының қаражаты есебінен кәсіпкерлікті қолдауға 14,9 млрд.теңге бөлінді.
Мемлекеттік бюджетке 561,7 млрд. теңге түсті, бұл 2019 жылға қарағанда 10,3%-ке артық, оның ішінде жергілікті бюджетке түскені – 283,7 млрд.теңге немесе 125,5%.
Облыс бюджеті 742,1 млрд. теңгені құрады. Шығындардың жалпы сомасындағы ең үлкен үлес салмағы әлеуметтік-мәдени сала шығыстарына тиесілі – 55% (білім беру – 41,2%, денсаулық сақтау – 4,5%), ауыл шаруашылығы – 9%, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 13%.
Облыс аумағында сыйымдылығы 27 мың орыннан асатын 803 туризм нысаны жұмыс істейді.
2020 жылы облысқа шамамен 1,3 млн. адам келді, бұл өткен жылдың деңгейінен 43%-ке төмен (2019 ж. – 2,3 млн. адам). Туризм саласындағы көрсеткіштердің төмендеуі өткен жылы пандемияға байланысты қабылданған шектеу шараларына байланысты болды.
4,1 млрд.теңге жекеменшік инвестицияларға 24 туристік нысан пайдалануға берілді.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 680,7 млрд. теңгені құрады (2019 ж. – 641,2), нақты көлем индексі – 104%. Инвестициялардың негізгі көлемі – 476 млрд.теңгесі немесе 70%-і бюджеттен тыс қаражат есебінен игерілді.
44 мыңнан астам жұмыс орнын ашу көзделген, құны 5,4 трлн. болатын 546 жобадан тұратын инвестициялық портфель құрылды. Оның ішінде 2020 жылы 3 мың жұмыс орнын құра отырып, 131,4 млрд.теңгеге 42 нысан іске қосылды.
Трансұлттық компаниялардың қатысуымен облыста республика бойынша 19 жобаның ішінде 124,1 млрд.теңге инвестиция көлемімен 3,6 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, 8 жоба біздің облыста іске асырылуда. Оның ішінде 59,6 млрд. теңгеге 4 нысан іске қосылды ("ЛУКОЙЛ", "МАРЕВЕН ФУД", "WILO", "SSA FEED MILLS" ЖШС).
Республикадағы жалғыз құрғақ порты бар "Қорғас – Шығыс қақпасы" АЭА (арнайы экономикалық аймағы) және "Қорғас" ШМХЫО (шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығы) облыстың дамуына үлкен серпін беріп отыр, онда 48,3 млрд.теңгеге 12 нысан іске қосылған. Болашақта 15,5 мың жұмыс орнын құра отырып 353,4 млрд.теңгеге 61 жобаны іске асыру жоспарлануда.
6,9% өсіммен барлығы 957,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша – 116,6 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 1206 пәтерлік 275 үй, кредиттік – 648, жалға берілетін – 517, коммуналдық үйлер– 41.
Инженерлік инфрақұрылым құрылысы бойынша 24 жоба аяқталды, 6 264 жер учаскесіне 483,6 шақырым инженерлік-коммуникациялық желілер тартылды.
Жалпы алаңы 77,3 мың шаршы метр болатын 1163 пәтерлік 34 коммерциялық тұрғын үй пайдалануға берілді. Бағдарлама бойынша барлығы 477 пәтер сатылды, оның ішінде коммерциялық – 397 және кредиттік – 80 пәтер.
2020 жылы жалпы барлық бағыттар бойынша 2 395 отбасы ("Нұрлы жер" – 1081, «Бақытты отбасы» – 561, «7-20-25» –477, «5-10-20» –96, демеушілер есебінен –180) тұрғын үй алды, оның ішінде 847-сі – көп балалы отбасылар.
Барлық бағыттар бойынша 134,5 млн.теңге сомаға 234 тұрғын үй сертификаты берілді.
742 елді мекеннің 678-і (91,3%) орталықтандырылған сумен, 55-і (7,4%) орталықтандырылмаған сумен және 9-ы (1,2%) тасымалданатын сумен қамтамасыз етілген.
2020 жылы халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін "Нұрлы жер", "Жұмыспен қамтудың жол картасы", "Ауыл – Ел бесігі" бағдарламалары шеңберінде сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы, күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша 109 жобаны іске асыруға 16,8 млрд.теңге бөлініп, игерілді, оның ішінде "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 31 жобаны қайта жаңартуға және салуға – 5,0 млрд. теңге, "Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында 66 жобаны іске асыруға – 10,6 млрд. теңге, "Ауыл – Ел бесігі" аясында және жергілікті өзін-өзі басқару бойынша 12 жобаны ағымдағы жөндеуге – 1,1 млрд. теңге.
Нәтижесінде 844 шақырым су құбыры желілері салынып, қайта жаңартылды, ауыз суға қосымша 4 елді мекен қол жеткізді, сумен қамтамасыз ету деңгейі 98,3%-ке жетті (678 елді мекен).
Жаңартылатын электр энергиясының 29 нысаны жұмыс істейді, оның ішінде 18 ГЭС, 6 ЖЭС және жалпы қуаты 896,3 МВт болатын 5 күн электр станциясы.
Жылумен жабдықтау жалпы қуаты 777,8 Гкал болатын 35 қазандық арқылы жүзеге асырылады. Жылу желілерінің ұзындығы 512,6 шақырымды құрайды.
2020 жылы жылумен жабдықтау бойынша 16 жобаны іске асыруға бюджеттен 7 млрд.теңге бөлінді. 10 шақырымнан астам жылу желілері салынып, қайта жаңартылды, желінің тозуы 49% - тен 47,8% -ке дейін төмендеді.
Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету үшін Талғар және Қаскелең қалаларында 1041 абоненті бар 23 көп пәтерлі тұрғын үйлерге арналған блокты-модульді қазандықтарды орнату бойынша 14 жоба іске асырылды.
2020 жылы газдандыру деңгейі 59% - ті құрады. 1,2 млн. халқы бар 156 елді мекен газдандырылды.
Облысты газдандыруға тартылған инвестициялар көлемі 14,6 млрд.теңгені құрады, оның ішінде 10,1 млрд.теңгесі – жекеменшік қаржы, яғни 1 теңге бюджет қаражатына 3,24 теңге жекеменшік қаржыдан келеді.
Талдықорған қаласында IV кезектің кварталішілік желілерін тарту жұмыстары аяқталды, барлық 54,3 мың абоненттің 22,2 мыңы газға қосылды.
Өткен жылдан бастап Талдықорған қаласында 2 қазандық, Қапшағай қаласында 1 қазандық және Ескелді ауданы Қарабұлақ кентінде 1 қазандық газбен жылытуға ауыстырылды (2021 жылдың 1-жартыжылдығында пайдалануға беріледі).
"Алматы-Байсерке-Талғар", "Алматы-Талдықорған", "Талдықорған-Текелі" негізгі магистральдық газ құбырлары, АГТС-тар (автоматты газ тарату станциялары) және жеткізуші газ құбырлары салынды.
Облыстың автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы9633 шақырымды құрайды (оның ішінде республикалық маңызы бар – 2822 км, облыстық маңызы бар – 6811 км).
Жергілікті маңызы бар жолдарды, кентішілік жолдарды салуға және жөндеуге 60,9 млрд.теңге бөлініп, игерілді. 35,8 шақырым жолды салу және қайта жаңарту, 4 шақырымын күрделі жөндеу, 379,3 шақырымын орташа, 301 мың шаршы метр жолды ағымдағы жөндеу аяқталды. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 84% - ке жетті. Көлік қызметтерінің көлемі 487,6 млрд. теңгені құрады, НКИ – 82,3%.
Облыста 732 ауылдың 457-сі басым ауылдар болып белгіленді, оның ішінде 151-і – тірек, 306-сы – серіктес ауылдар.
2020 жылы «Ауыл– Ел бесігі» жобасы шеңберінде 24 ауылдық елді мекенді (20 тірек, 4 серіктес ауылдар) қамти отырып, 13,7 млрд.теңге сомаға 50 жоба іске асырылды (РБ – 12 млрд. теңге, ЖБ – 1,7 млрд. теңге), 13,6 млрд. теңгесі игерілді (РБ – 11,9 млрд. теңге немесе 99,3%, ЖБ – 1,7 млрд. теңге немесе 100%).
Нәтижесінде, күніне 360 келушіге арналған 2 ДСК салынды, 20 шақырым сумен жабдықтау желілері, 70 шақырым кентішілік электрмен жабдықтау желілері, 90 шақырым кентішілік жолдар жөнделіп, 4,4 шақырым жылу желілері салынды.
38 нысан аяқталды, 12 нысан – 2021 жылға ауысқан нысандар.
2021 жылы 88 жобаны іске асыру жоспарланған, оның ішінде 12-сі – 2020 жылдан ауысқан жобалар, 56 ауылдық елді мекен (38 тірек, 18 серіктес) қамтылады.
Облыс бойынша барлығы 60,7 мың жұмыс орны құрылды (о.і. 33,4 мыңы тұрақты), оның ішінде 19,5 мың жұмыс орны Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде ашылды.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасын іске асыру үшін 16,1 млрд.теңге бөлінді.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына ауылдарда 4,5 млрд.теңге сомаға 1064 шағын несие, қалаларда - 239,2 млн. теңге сомаға 24 шағын несие берілді. Бұдан басқа, қайтарымды қаражат есебінен 187 адам 730,3 млн.теңге сомада несие алды.
"Бастау бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен жоспарлы 2900 адамның орнына 3677 адам қамтылды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына – 1375 адам, жастар тәжірибесіне – 1932 адам және қоғамдық жұмыстарға – 19972 адам жіберілді. Электрондық еңбек биржасы арқылы тұрақты жұмысқа 15783 адам орналастырылды.
"Жұмыспен қамту жол картасы" аясында 1040 нысан іске қосылды, оның ішінде 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 982 нысандағы жұмыстар немесе 93,9% аяқталды.
2020 жылы облыс бойынша 38,4 мыңнан астам аз қамтылған азаматтар 9 млрд 799 млн теңге сомаға түрлі әлеуметтік көмектер алды.
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың жаңа әдістемесі бойынша 2021 жылдың 1 қаңтарына АӘК 8,7 млрд.теңге сомада 18465 отбасына (95169 отбасы мүшелеріне) төленді.
АӘК алушылар ішінен 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін 1,2 млрд.теңге сомаға 19,6 мың бала кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етілді.
Облыста 67,3 мың мүгедек тұрады, 2041 орынға 10 стационарлық үлгідегі мекеме жұмыс істейді, олардың қызметтерімен 2012 адам қамтылған.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту күндізгі 3 бөлімше базасында жүзеге асырылады, өткен жылы олар 207 мүгедек балаға қызмет көрсетті.
Санаторлық-курорттық емдеумен 5602 соғысқа қатысушылар мен мүгедектер қамтамасыз етілді, 2121 кресло-арба, протездік-ортопедиялық бұйымдар және басқа да арнайы құралдар сатып алынды, 22050 мүгедек көмекшілердің қызметімен қамтамасыз етілді.
Талдықорған қаласында Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы жұмыс істейді. 195 адамға қызмет көрсетілді.
2014 жылдан бастап облыс орталығында 150 орындық әлеуметтік бейімдеу орталығы жұмыс істейді, өткен жылы 203 адамға қызмет көрсетілді.
760 күндізгі жалпы білім беретін мектеп, 901 балабақша, 76 колледж және 2 ЖОО жұмыс істейді. Облыс мектептерінде 42,5 мың мұғалім жұмыс істейді, оның ішінде 15,2 мың адам немесе 35,7%-і жоғары және бірінші санатқа ие.2020 жылы облысқа 1546 жас мамандар келді.
101 балабақша, 6977 орындық 6 шағын орталық ашылды. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту деңгейі 98% -ке жетті.
Білім беру саласында 26 білім беру нысанының құрылысы жүргізілді, оның ішінде 17 мектеп, колледж студенттеріне арналған 4 жатақхана, 5-еуі – өзге де нысандар. Барлығы 15 нысан іске қосылды, қалған 11 нысан 2021 жылға ауысқандар.
Қарасай ауданы Әйтей ауылында, Шамалған станциясында, Жамбыл ауданы Жайсаң, Қасымбек ауылдарында, Іле ауданы Түймебаев ауылында, Кербұлақ ауданы Қосағаш ауылында, Көксу ауданы Қызылтоған ауылында 818 орындық 4 жатақхана, 2900 орындық 7 мектеп пайдалануға берілді. Балқаш ауданы Бақбақты ауылында, Жамбыл ауданы Сұраншы батыр және Мыңбаев ауылдарындағы 3 балабақша қайта жаңғыртылды, Кеген ауданының Саты ауылында А.Түркебаев атындағы орта мектепке спорт және мәжіліс залы, асхана блогы салынды.
21,4 млрд.теңгеге 58 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізілді, оның ішінде 10-ы – ауыспалы нысандар.
Бүгінгі таңда үш ауысымда оқытатын 49 мектеп бар.
Үкіметтің қолдауымен соңғы 5 жылда 26,9 мың орындық 49 мектеп салынды. Бірақ туу көрсеткіші мен ішкі көші-қонның жоғары болуына байланысты үш ауысымды мектептер саны өсуде.
38 колледжде 487 кәсіпорынның қатысуымен және 25 кәсіп пен мамандық бойынша 2350 студентті қамти отырып, дуальді оқыту енгізілді.
Облыста 804 денсаулық сақтау мекемелері бар, оның ішінде мемлекеттік – 641, жекеменшік – 163.
Мемлекеттік медициналық ұйымдарда 5198 дәрігер және 16277 медбике жұмыс істейді. 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз ету – 25-ті, орта медицина қызметкерлерімен қамту – 78,4-ті құрайды.
Талдықорған қаласында 200 төсектік модульді жұқпалы аурулар ауруханасы, Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында ауысымда 100 адам қабылдайтын әйелдер консультациясы бар 100 төсектік перзентхана салынды.
6 нысанды күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Талдықорған қ. №1 қалалық емхананы жөндеу 2021 жылға ауыстырылды.
Облыстың медициналық мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен 8,7 млрд.теңге бөлінді. Медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету деңгейі 89%-ті, санитарлық автокөлікпен жабдықтау деңгейі 90% - ті құрайды.
Облыстық, аудандық және қалалық ауруханалар деңгейінде интернет желісіне 100% қолжетімділік қамтамасыз етілген, аудандық деңгейден төмендер – 96%.
Қағазсыз құжат айналымы 53 медициналық ұйымға енгізілді, 1993,2 мың адамға немесе халықтың жалпы санының 96%-іне электрондық денсаулық паспорты жасалды. Барлық медициналық ұйымдар МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесіне көшті.
Өткен жылы пандемиямен күреске жергілікті бюджеттен 13,8 млрд.теңге, оның ішінде екінші толқынға дайындыққа – 8,8 млрд. теңге бөлінді.
3 томограф, 18 рентген-аппараты, 219 ӨЖЖ (өкпені жасанды желдету) аппараты, 180 "Жедел жәрдем" машинасы, 12 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды.
Облыста инфекциялық төсек-орындар саны 1300-ден 5280-ге дейін көбейтілді.
Көп бейінді ауруханалар базасында 4 ахуалдық орталық құрылды, онда білікті мамандар ауыр науқастар мен балаларға көмек көрсетеді.
Облыста жеке қорғану құралдарының өндірісі жолға қойылған. Саланың ірі кәсіпорындары "Дольче", "СП "Абди Ибрахим Глобал Фарм", "Келун-Казфарм" ЖШС болып табылады.
Жергілікті бюджет есебінен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 92,1 млн.теңгеге вирусқа қарсы препараттар сатып алынды (4 түрлі).
6971 медицина қызметкері6,6 млрд. теңге сомада үстемеақы алды, жергілікті бюджеттен қосымша 137 млн. теңге сомада 1123 медицина қызметкеріне сыйақы берілді. 501 медицина қызметкері 2 млн. теңге көлемінде төлем алды. Қайтыс болған тоғыз медицина қызметкерінің отбасы мүшелеріне 90 млн.теңге (10 млн. теңгеден) мөлшерінде төлем жүргізілді.
2020 жылы медицина қызметкерлеріне 127 пәтер бөлінді, ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 47 медицина қызметкері тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
Тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі.
Облыста 578 мемлекеттік мәдениет және архивтер мекемесі, оның ішінде 247 мәдениет үйі мен клуб үйлері, 278 кітапхана, 26 музей, 2 галерея, 20 архив, Бикен Римова атындағы облыстық драма театры, Сүйінбай атындағы облыстық филармония, "Алатау әуендері" концерттік бірлестігі, Халық шығармашылығы орталығы, облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы жұмыс істейді. 88 халықтық және үлгілі ұжымдар мен 1501 үйірме бар.
2020 жылы Алакөл ауданында Лепсі тарихи мұражайы ашылды.
"Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында Жамбыл ауданының Сұраншы батыр ауылы мен Сарқан ауданының Қарабөгет ауылындағы мәдениет үйінің ғимараттары қайта жаңартылды. 20 нысанға күрделі жөндеу және 32 мәдениет және архивтер нысанына ағымдағы жөндеу жүргізілді.
Мәдениет және архив мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 444,6 млн.теңге бағытталды. 47,2 мыңнан астам түрлі іс-шаралар өткізілді.
Облыста 3702 спорттық мекеме жұмыс істейді, оның ішінде 3 Спорт сарайы, 53 бассейн, 25 стадион, 26 теннис корты, 20 хоккей корты, 1 шаңғы базасы, 7 ипподром және басқалары бар.
Спорттың 70 түрі бойынша 41 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді, оқушылар контингенті 38880 баланы құрайды.
Олимпиадалық резервті даярлау орталығында спорттың 8 түрі бойынша 150 спортшы, спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатта 12 спорт түрі бойынша 624 тәрбиеленуші жаттығады. 2020 жылы Қарасай ауданы Райымбек ауылында, Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылында және Көксу ауданы Балпық би ауылында 3 спорт кешені пайдалануға берілді.
Ауыл тұрғындарын дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту үшін барлық ауылдық округтерде спорт әдіскерлері жұмыс істейді, "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы шеңберінде барлығы 1262 спорт алаңы, оның ішінде 2020 жылы – 69 спорт алаңы жайластырылған.
20 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 124 спорт шебері және 175 спорт шеберіне кандидат және 166 бірінші санаттағы спортшы дайындалды, халықаралық және республикалық жарыстарда 853 медаль (292 алтын, 258 күміс, 303 қола) жеңіп алынды.
14-тен 29 жасқа дейінгі жастар саны 392,8 мыңнан астам адамды құрайды, 2020 жылғы 3-тоқсандағы экономикалық белсенді жастар – 297,1 мың адам, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар – 287,2 мың адам. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,3%-ті құрайды.
Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға 2020 жылы 623,4 млн.теңге бөлінді, 11319 іс-шара өткізілді.
"Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында 996 жас маман 268,9 млн.теңге сомада көтерме жәрдемақы алды, 664 маман тұрғын үй сатып алуға 2,7 млрд. теңге сомада несие алды.
2020 жылы полиция органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2,4 млрд.теңге бөлінді.
Облыстың автожолдарында жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау үшін 79 бірлік автокөлік сатып алынды, фотобейне тіркеу жүйесінің жабдықтары ауыстырылды. Текелі қаласының полиция бөлімі жанындағы жедел басқару орталығының құрылысы аяқталды.
"Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында қауіпсіздікті арттыру шеңберінде облыс бойынша 1,3 мың сыртқы бейнебақылау камерасы жұмыс істейді, "Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет - 112" іске қосылды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде барлық бағыттар бойынша қылмыстар саны 36,3% - ке төмендеді.
Талдықорған қаласында "Open әкімдік" ашылды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында "Қызмет – 109", қоғамдық көлікте– "Е-билеттеу" жүйесі жұмыс істейді. Ағымдағы жылы "Е-КСК", "Халықтық қатысу бюджеті" жүйелерін іске қосу жоспарлануда.
"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында Facebook, Instagram, Twitter, Instagram әлеуметтік желілерінде облыс әкімінің, барлық аудандар мен қалалар әкімдерінің аккаунттары құрылды, олар онлайн режимде жұмыс істейді және халықпен кері байланыс қамтамасыз етілген. Барлық аудандар мен қалаларда "Ашық әкімдіктердің" жұмысы ұйымдастырылған. Өткен жылы 53 мың өтініш қаралды, олардың бір бөлігі Облыс аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған жаңа бағдарламасында ескерілді.
Әкімдіктің www.zhetysu.gov.kz сайтында www.egov.kz платформасында облыс әкімінің блогы жұмыс істейді. Күн сайын өтініштерді қабылдау, тіркеу, есепке алу және оларға жауаптарды орналастыру жұмыстары жүргізіледі.
2020 жылы облыс әкімінің блогына 673 өтініш келіп түсті (2019 ж. – 535), оларға жауаптар уақытылы берілді. Өтініштердің көпшілігі Қарасай (128), Талғар (109), Іле (87), Еңбекшіқазақ (39) аудандарынан және Талдықорған қаласынан (72) келіп түсті.
Тұрғындарды жер қатынастары, тұрғын үй, әлеуметтік төлемдер, жолдарды жөндеу, сумен және газбен жабдықтау, денсаулық сақтау мәселелері толғандырады.
Облыс басшылығы 685 адамды жеке қабылдады, оның ішінде 154 адам онлайн-режимде қабылданды. 125 адамның мәселесі оң шешімін тапты, қалған мәселелер бойынша түсініктемелер берілді.
Халыққа қолайлы жағдай жасау үшін облыста 20 сервистік әкімдік ашылды, ауылдық округ әкімдері аппараттарының ғимараттарында 253 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді. 2020 жылы олар арқылы 270 мыңнан астам қызмет көрсетіліп, кеңестер берілді, оның ішінде 35 мың ЭЦҚ-кілттер берілді.
Облыс тұрғындарына 11,8 млн. мемлекеттік қызмет көрсетілді (2019 ж. – 7,8 млн.), оның ішінде 95,4%-і – электронды түрде көрсетілді. 28 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды, қалалардың (Талдықорған, Қапшағай, Текелі) бас жоспарларын енгізе отырып, жер кадастры, сәулет және қала құрылысы дерекқорларын біріктіру жүргізілді, инженерлік желілердің деректері цифрландырылды, субъектілерді инженерлік желілерге қосуға техникалық шарттар беру процестері автоматтандырылды.
Барлық деңгейдегі әкімдердің есептері барысында айтылған халықтың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру мәселесі тұрақты бақылануда.
2020 жылдың қаңтар - ақпан айларында 779 есеп өткізіліп, оған 103381 адам қатысты.
Есептік кездесулер барысында барлық деңгейдегі әкімдерге 661 ұсыныс айтылды (2019 ж. – 619), оның ішінде: 120-сы – жол жөндеу, 107 –экология, санитарлық тазалау және абаттандыру, 98 – білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет объектілерін салу және жөндеу, 76 – электрмен, газбен жабдықтау, елді мекендерді телефондандыру, 54 – ауыз су, 17 – жер, 15 – тұрғын үй, 174-і – басқа да мәселелер. Оның ішінде 245 мәселе бойынша түсініктеме берілді, 416-сы бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.
2020 жылы облыс әкімінің есептік кездесуінде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына 15 мәселе енгізілді, оның ішінде өткен жылдың соңына дейін 7 мәселе шешімін тапты.
Мәселен, Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылы тұрғындарының өтініші бойынша "Мелькомбинат" тұрғын алабы ауданындағы жаяу жүргіншілер өткеліне бағдаршам орнатылып, 2820 метр арық желілері жөнделді.
"Көшпенділер" туристік нысаны орналасқан Іле өзеніне баратын 6,1 шақырым жолдың шұңқырларын жөндеу жүргізілді.
Талдықорған қаласындағы Абылай хан, Жансүгіров және Н. Назарбаев даңғылдарында орналасқан жол секундомерлері ауыстырылды.
Жеміс ағаштарын бактериялық күйікке қарсы өңдеуге дайындық жұмыстары жүргізілді, республикалық бюджеттен 122,6 млн. теңге бөлінді. Алайда, жеке және заңды тұлғалардан өтінімдердің түспеуіне байланысты бөлінген қаражат республикалық бюджетке қайтарылды.
Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы кәріз жүйесінің және сүзу алаңдарының құрылысы аяқталды.
Талдықорған қаласында белгіленбеген орындарға қойылған автокөліктерді алып кетуге арналған 3 эвакуатор сатып алынды.
Құрылыс пен күрделі жөндеуге байланысты қалған 8 ұсыныс қаражат бөлінуіне қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
Мәселен, өткен жылы осы нысандар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме және жобалық-сметалық құжаттама облыстық бюджет қаражаты есебінен әзірленді. Бұл нысандар аяқталу мерзімі бойынша 2021 жылға ауысқан нысандар болып табылады. Олар: Іле ауданының Өтеген батыр ауылындағы әйелдер консультациясы бар перинаталдық орталықтың, Қаратал ауданының Көпбірлік және Тастөбе ауылына дейінгі автожолдың, Талдықорған қаласындағы сауда павильондарының, Талдықорған қаласының оңтүстік-батыс тұрғын алабындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының құрылысы, Талдықорған қаласының Қабанбай батыр көшесін қайта жаңарту, Талғар ауданының «Саз Талғар-7» су қоймасын күрделі жөндеу, Кербұлақ ауданының Сарыөзек ауылындағы су құбыры желілерінің 4-ші кезегінің құрылысы болып табылады.
Аудан және қала әкімдерінің есептік кездесулері бойынша іс-шаралар жоспарына183ұсыныс енгізіліп (2019ж.–171), олардың барлығы толығымен шешілді.
Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер мен Боралдай кенті әкімдерінің есептіккездесулерінің қорытындысы бойынша барлығы 233 іс - шара жүзеге асырылды (2019 ж. – 165).
Іс-шаралар жоспарының орындалуы тоқсан сайын облыстық, аудандық және қалалық әкімдіктердің отырыстарында қаралып, БАҚ-та (бұқаралық ақпарат құралдарында) жарияланды.
2021 жылы жергілікті атқарушы органдардың жұмысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 26 қаңтардағы кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындауға бағытталатын болады.
Облыс экономикасына шамамен 800 млрд.теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр.
Ағымдағы жылы 3 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы 117,8 млрд.теңгеге 62 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.
Кербұлақ ауданындағы Сингапурлық-қытайлық компанияның қатысуымен қуаты жылына 1,2 млн. тонна цемент өндіретін «АлаЦем» зауыты (47 млрд. теңге инвестиция, 360 жұмыс орны), Еңбекшіқазақ ауданындағы «ВЭС Нурлы» және Сарқан ауданындағы жалпы қуаты 55 МВт (21,3 млрд. теңге инвестиция, 23 жұмыс орны) «ENEVERSE KUNKUAT»екі жел электр станциялары, қуаты 6 мың тоннаболатын «Алюгал» қорытпаларынан құрылыс материалдарынөндіретін зауыт(1,8 млрд. теңге инвестиция, 350 жұмыс орны), жалпы қуаты 5,5 мың тонна көкөніс өсіретін Қарасай ауданындағы «Eurasian green product» және Қапшағай қаласындағы «МВ арна» екі жылыжайы (6,4 млрд. теңге инвестиция, 139 жұмыс орны),Еңбекшіқазақ ауданындағы қуаты жылына 6 мың тонна болатын «Frosco» жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорны (3,5 млрд. теңге инвестиция, 90 жұмыс орны)сияқты және т.б. ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды іске қосу күтілуде.,
Сонымен қатар, облыста инвесторларды тарту және сүйемелдеу бойынша кешенді жүйе құрылған. Инвесторларға жәрдем көрсету мақсатында 2014 жылдан бастап «Алматы облысының Өңірлік даму орталығы» ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) жұмыс істейді, ол «Бір терезе» және «Жасыл дәліз» қағидаттарына сәйкес фронт-кеңсе функцияларын орындайды.
2020 жылы 161 кездесу ұйымдастырылып, 345-тен астам өтініш өңделді, 14 жұмыс кеңесі өткізілді. 2021 жылы іске қосылған жаңа кәсіпорындар есебінен экспортты 18% - ке ұлғайту және 391,7 млн, АҚШ долларына жеткізу күтілуде.
2021 жылы өнеркәсіп көлемін 1317,2 млрд.теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі көлемін – 1151,8 млрд. теңгеге дейін жеткізу.
49 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорынды пайдалануға беру және жұмыс істеп тұрған 25 кәсіпорынның өндірісін кеңейту 2,4 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.
Германиялық «Бауман» инвесторымен бірлесіп «Жетісу қой» ұсақ қара малды терең өңдеу бойынша қуаты жылына 30 мың тонна ет комбинатын, сондай-ақ жалпы инвестициялар көлемі 190 млрд.теңге болатын американдық «Тайсон Фудс» компаниясының ІҚМ (ірі қара мал) етін өңдеу зауытын салу жоспарлануда.
Жұмыс істептұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 124,7 мың бірлікке дейін өседі деп күтілуде.
Бұрын істеншыққан 20 мың га суармалы жерді айналымға енгізу жоспарлануда. Ислам Даму Банкінің қаражаты есебінен Ескелді, Ақсу, Алакөл және Көксу аудандарындағы 13,3 мың га жерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
Талғар, Жамбыл, Қарасай, Іле, Райымбек, Сарқан және Кербұлақ аудандарында 12 су шаруашылығы нысаны күрделі жөндеуден өткеннен кейін 6,7 мың гектар айналымға енгізіледі, бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 2,3 млрд.теңге бөлінді.
Облыс бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігі ағымдағы жылы 2,5 мың гектарға ұлғайтылып, 971 мың гектарға жеткізілетін болады, оның ішінде қант қызылшасының алқабы – 0,4 мың гектарға (2020 ж. – 16,1 мың, 2021 ж. – 16,5 мың га), дәндік жүгері – 1,2 мың гектарға.
2020 жылы қайта жаңартылған «ОтаnGreenFood» ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) құс фабрикасы өз қуатының 60%-іне шығады, бұл 17 мың тонна құс етін шығаруды қамтамасыз етеді.
«Наурыз Агро ЛТД» ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) жаңа құс фабрикасы 32 млн.дана көлемінде инкубациялық жұмыртқа өндірісін іске қосады.
«Прима Құс» ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) қуаттылығы 37 мың тонна ет бағытындағы құс фабрикасының құрылысы басталады.
Өнімді қайтаөңдеу саласында «Frosco» ЖШС-ның (жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің) 6 мың тонна көкөністерді қайта өңдеу қуаттылығымен жеміс-көкөніс өнімдерін терең қатыру бойынша кешеннің құрылысы жүргізілуде.
Сондай-ақ, қуаты сағатына 20 тонна «Алатау Құс» ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) құрама жем зауытының құрылысы жоспарлануда.
Көксу қант зауытында қуаттылығы жылына 12 мың тонна құрақ қантын өңдейтін желісі іске қосылды, 7,5 мың тонна шикізат әкелінді. Сонымен қатар, Көксу ауданында қызылша сықпасын өңдейтін және түйіршіктелген жем шығаратын зауыт салу жоспарлануда.
Ет, сүт өнімдері, консервіленген көкөністер мен жемістер, уыт және крахмал жеткізілімдерінің өсуі есебінен қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі 20% - ке ұлғаяды және шамамен 150 млн, АҚШ долларын құрайды.
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында барлық қаржыландыру көздері есебінен 1005,0 мың шаршы метр тұрғын үйді, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен 191,3 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.
«7-20-25» бағдарламасы бойынша 34 массив анықталды, онда 2025 жылға дейін жалпы ауданы 2,6 млн.шаршы метр 57,8 мың пәтерлік бір мыңнан астам коммерциялық үй салу жоспарлануда, оның ішінде 4,7 мың пәтер (279,8 мың шаршы метр) осы бағдарлама бойынша іске асырылатын болады.
Ағымдағы жылы 1391 пәтерге арналған 37 коммерциялық үй салынады (88,5 мың ш.м.), оның ішінде «7-20-25» бағдарламасы бойынша 817 пәтер іске асырылады.
Ағымдағы жылы Бағдарламаның барлық бағыттары бойынша 3731 отбасы («Нұрлы жер» – 1825, «Бақытты отбасы»–519, «7-20-25» – 817, «5-10-20» – 570) тұрғын үй сатып алады, оның ішінде 1212-сі – көпбалалы отбасы бар.
Ол үшін облыстық бюджеттен сомасы 500 млн. теңгеге сомасына тұрғын үй сертификаттары берілген.
Облысты газдандыру бойынша мақсатты жұмыс жалғасады.
Ағымдағы жылы Текелі қаласында және Балқаш, Қаратал, Көксу және Талғар аудандарының елді мекендерінде орамішілік желілердің құрылысы басталады. 231 мың адам халқы бар Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарын және 75 мың адам халқы бар Кеген және Райымбек аудандарын қамти отырып, «Шелек – Кеген» МГҚ (магистральды газ құбыры) (ұзындығы – 229 км) қамти отырып, «Талдықорған – Үшарал» МГҚ (магистральды газ құбыры) (ұзындығы – 318 км) құрылысы бойынша ТЭН (техникалық-экономикалық негіздемесін) және ЖСҚ (жобалау-сметалық құжаттамасын) әзірлеу аяқталады.
Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін облыс бойынша газдандыру деңгейі 2025 жылға қарай 76%-ке дейін жеткізілетін болады, көгілдір отынға 1,5 млн.адам қол жеткізе алады.
2021 жылы Іле ауданында органикалық және қатты-тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін 2 зауыт салу белгіленген:
- Қазақстан-Испан «Wasteenergykazakhstan» ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) компаниясымен бірге қуаты жылына 120 мың тонна «Мериолизис» жасыл технология бойынша толық циклді қоқыс өңдеу зауытын салу, инвестициялар көлемі – 41,8 млн. евро;
- қуаты жылына 100 мың тонна «ZORBIOGAZ» ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) қоқыс өңдеу зауытын салу, онда биогаз ала отырып, органикалық қалдықтарды толық қайта өңдеу технологиясы және электр энергиясын, сондай – ақ биокарбон мен тыңайтқыштарды алу үшін оны кейіннен жағу көзделген, инвестициялар көлемі – 7,5 млн.евро.
Аталған жобалар бойынша «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС-мен (жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен) шарттар жасалды.
Сондай-ақ, ӨКМ (өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері) операторымен Талдықорған, Қапшағай қалаларында және Өтеген батыр кентінде бөлек жинауды енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойылды.
ҚТҚ-ны (қатты-тұрмыстық қалдықты) бөлек жинауды енгізу бағдарламасы шеңберінде жаңа 429 контейнер алаңын жайластыру, 2746 түрлі-түсті контейнер орнату, 31 қоқыс тасығыш сатып алу жоспарлануда.
Ағымдағы жылы жылумен жабдықтау бойынша 21 ЖСҚ (жобалау-сметалық құжаттама) әзірлеуге бюджеттен 120,3 млн.теңге (оның ішінде Қапшағай қаласының жылу желілерін реконструкциялау бойынша 20,3 млн. теңге сомасына 3 жоба), 82 КПТҮ (көппәтерлі тұрғын үйлер) үшін БМҚ (блокты-модульдық қазандық) орнату бойынша 18 (Іле ауданы – 8 БМҚ (блокты-модульдық қазандық) 56 КПТҮ(көппәтерлі тұрғын үйлер); Талғар ауданы – 10 БМҚ (блокты-модульдық қазандық) 26 КПТҮ (көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінді.
Ағымдағы жылы Талдықорған қаласындағы 2 қазандықты газбен жылытуға ауыстыру үшін облыстық бюджеттен 2,6 млрд.теңге бөлінді (№2 орамдық қазандық – 1,89 млрд. теңге; №5 – 743,9 млн. теңге).
Сондай-ақ, МЖӘ (мемлекеттік-жекешелік әріптестік) аясында 108 көп пәтерлі тұрғын үйлерге арналған 30 блокты-модульді қазандықтарды салу жоспарлануда (Қарасай – 12 КПТҮ(көппәтерлі тұрғын үйлер) үшін 3 БМК (блокты-модульдық қазандық), Еңбекшіқазақ – 81 КПТҮ (көппәтерлі тұрғын үйлер)үшін 21 БМК (блокты-модульдық қазандық), Панфилов – 15 КПТҮ (көппәтерлі тұрғын үйлер)үшін 6 БМК(блокты-модульдық қазандық)).
Электр қуаты жүктемелерінің жыл сайын өсуімен, сондай-ақ ЖЭК (жаңартылатын энергия көздері) объектілері құрылысының деңгейінің өсуін ескере отырып, электрмен жабдықтау схемасын одан әрі дамыту, қолданыстағы қуаттарды күшейту және ЖЭК (жаңартылатын энергия көздері) объектілерінің қуаттарын беру схемаларын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Алматы облысының оңтүстік-шығыс аумағын электрмен жабдықтау» ТЭН (техникалық-экономикалық негіздеме) әзірленді. Аталған ТЭН (техникалық-экономикалық негіздеме) Алакөл, Еңбекшіқазақ, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Райымбек және Ұйғыр аудандарының электрмен жабдықтау схемаларын перспективалы дамытуды көздейді, оның шеңберінде ЖЭК (жаңартылатын энергия көздері) объектілерінің қуаттарын беру схемалары да ескерілген. Кернеуі 110кВ және 220кВ салынатын әуе желілерінің жиынтық ұзындығы 1294,1 км құрайды. ТЭН (техникалық-экономикалық негіздеме) мемлекеттік сараптамадан өту сатысында.
Бүгінгі таңда Талдықорған қаласында жылу электр станциясын салу маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Инвестормен меморандумға қол қойылды.
Жылу электр станциясының құрылысы электр энергиясының тапшылығына ғана әсер етіп қоймайды, сондай-ақ бүкіл өңірдің дамуына мультипликативтік әсер етеді және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді. 500-ден астам жаңа жұмыс орны құрылады, жалпы ЖЭО қаланың қалыптастырушы кәсіпорындарының біріне айналады.
Қазіргі уақытта жобаның ТЭН (техникалық-экономикалық негіздеме) әзірленді, оң қорытынды алынды. Жұмыстың жалпы құны 274,15 млрд.теңге. Жоспарланған ЖЭО (жылу электр станциясы) қуаттылығы 400 Гкал/сағ жылу энергиясын және 400 МВт электр энергиясын құрайды.
Ағымдағы жылы аумақты абаттандыруға облыстық бюджеттен 7 млрд.теңге қарастырылған. 18 елді мекендегі 40 көшені жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізу, аумақты абаттандыру бойынша 30 жобаны іске асыру, 7 саябақты абаттандыру, 147 спорт аймағын (воркаут), 120 балалар алаңын орнату жоспарланған.
Білім беру объектілерінің құрылысына жергілікті бюджеттен 14,7 млрд.теңге, оның ішінде үш ауысымды оқытуды жою үшін 12 мектепте – 10,8 млрд.теңге көзделген (Еңбекшіқазақ ауданындағы Ташкенсаз а., Іле ауданындағы Қараой а., Жәпек батыр а., Қосөзен а., Боралдай к., Жаңаталап а., Қарасай ауданындағы Үштерек а., Батан а., Шамалған ст., Алмалыбақ а., Іргелі а., Талғар ауданындағы Талғар қ.).
2021 жылы 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтуды 99,9%-ке дейін жеткізу жоспарлануда. 11909 орындық 127 балабақша ашу жоспарланған.
2021 жылы 86 мектеп жоғары жылдамдықты кең жолақты интернетке қосылатын болады және 80,7% - ті құрайды, 1,8 мың компьютер сатып алынады, 1 компьютерге оқушылардың қамтылуы 4,1 оқушыны құрайды.
Денсаулық сақтау саласында 3 дәрігерлік амбулатория, Балқаш ауданының ОАА (орталық аудандық аурухана) сейсмикалық күшейту және Талдықорған қаласындағы 300 төсектік көпбейінді аурухана жанынан патологоанотомиялық бөлімше салынады, 3 объектіге күрделі жөндеу жүргізіледі.
Мәдениет саласында Райымбек ауданының Нарынқол ауылында архив ғимаратының құрылысы аяқталады.
2021 жылы дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтарды қамтуды 32,5%-ке дейін, БЖСМ-де (балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі) айналысатын балалар мен жасөспірімдерді қамтуды 11,0%-ке дейін арттыру жоспарлануда.
Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында, Алакөл ауданы Достық ауылында, Балқаш ауданы Бақанас ауылында, Райымбек ауданы Нарынқол ауылында, Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында 5 ДСК-ның (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) құрылысы жоспарланған.
Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, жергілікті атқарушы органдардың органдарын және квазимемлекеттік секторды оңтайландыру жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
Коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда.
4 облыстық ахуалдық орталығының дәрігерлері күн сайын аудандық ауруханалармен ауыр науқас науқастар бойынша бейнекеңес жүргізеді.
26 реанимациялықбөлімшеқажетті жабдықтармен жабдықталған (96 төсек).
Жоғары ағынды оттекті терапия әдісі енгізілді, облыс ауруханаларында 36 «Хай Флу» аппараты бар, 410-нан астам пациент емделді.
Медициналық ұйымдарда 17 компьютерлік томограф, 53 рентген-аппарат, 606 ӨЖЖ (өкпені жасанды желдету) аппараты жұмыс істейді.
Оттегі станцияларымен облыстың 17 ауруханасы қамтамасыз етілген, 1350 оттегі концентраторы бар.
Облысқа «Спутник V» вакцинасының 150 мың дозасын кезең-кезеңмен жеткізу жоспарланған, ағымдағы жылдың ақпан айында 6 000 доза, наурызда – 9 000 доза, сәуірден маусымға дейін – ай сайын 45 000 доза (135 мың) жеткізу күтілуде.
Медициналық ұйымдарда 27 егу кабинеті дайындалды, медицина қызметкерлерімен халықты КВИ-ға (коронавирустық инфекция) қарсы вакцинациялауды жүргізу алгоритмі бойынша семинар өткізілді.
Халықты вакцинациялау кестесі дайындалды.
Облыстың 1202 дәріханасында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардыңболуына және бағасына мониторинг жүргізілуде, дәрілік заттардың тапшылығы жоқ.
Халық арасында инфекцияның алдын алу және Covid-19-ға қарсы вакцинация бойынша түсіндіру жұмыстары күшейтілді, карантиндік шараларды сақтау бойынша мониторингтік топтар жұмысын жалғастыруда.
2021 жылға белгіленген барлық жоспарларды іске асыру коронавирус пандемиясының зардаптарын еңсеруге, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының оң қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Амандық БАТАЛОВ,
Алматы облысының әкімі