Сәрсенбі, 17 Ақпан 2021 15:13

А.Баталов халық алдында есеп берді

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов халық алдында есеп берді. Өткен жылды қорытындылап, жеткен жетістіктер пен жасалған жұмыстың мән-жайымен тұрғындарды таныстырды. Сонымен қатар алға қойылған мақсат-міндеттермен бөлісіп, қолға алынатын жобаларға кеңінен тоқталып өтті.

  1. ЖҚЖК-2020: 105,6 млрд. теңгеге 900-ге жуық жоба іске асты

"Жұмыспен қамтудың жол картасы" аса басымдылыққа ие, ол Алматы облысының барлық аудандары мен қалаларында сәтті жүзеге асырылуда.

 2020 жылы пандемия кезеңіне қарамастан бағдарлама аймақтарда қарқынды жүзеге асырылды.

"2020 жылы "Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020" аясында 900-ге жуық жоба іске асырылды, бұл 19,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Мемлекеттік бюджетке түсімдер 562 млрд. теңге мөлшерінде қамтамасыз етілді, оның ішінде меншікті кірістер 25% - ға өсті және 284 млрд. теңгеге жетті»,-деп атап өтті өңір басшысы Амандық Баталов.

Айта кету керек, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыруға Алматы облысында 105,6 млрд. теңге қаржы бөлінген.

 

  1. ШОБ қолдауға 13 млрд. теңге жоспарланған

Алматы облысында карантин кезеңінде 15 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілері қызметін тоқтатты. Бірақ, мемлекеттің қолдауының арқасында кәсіпкерлердің 90% - дан астамы карантиннен кейін өз бизнестерін қайта бастады.

"Пандемияға байланысты ауыр жағдайларға қарамастан, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны азайған жоқ және 262 мың адам жұмыс істейтін 123 мыңнан астам кәсіпорын жұмысын жалғастыруда. Әрине, мұнда Бизнестің жол картасы, "Еңбек" бағдарламасы шеңберінде және 15 млрд.теңгеге дейін ұлғайтылған "Даму" Қорының қаражаты есебінен мемлекеттік қолдау үлкен рөл атқарды. Кредиттер, гранттар, микрокредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау түрінде барлығы 4 мың кәсіпкер көмек алды. Дағдарысқа қарсы жоспар аясында 119 мың. бизнес субъектілері салықтық ынталандырулар алды, 641 субъектіге 24 млрд.теңгеге несиелер бойынша кейінге қалдырулар берілді. Сонымен қатар, 6,5 мың жалға алушыға жалдау ақысы 30% - дан 90% - ға дейін төмендетілді»,-деді облыс басшысы Амандық Ғаббасұлы халық алдында есеп беру жиынында.

Ағымдағы жылы шағын және орта бизнесті қолдауға 13 млрд.теңге жұмсау жоспарланып отырғанын, жалпы өңірлік өнімге ШОБ үлесі 34,3% - ға дейін артатынын атап өту қажет.

 

  1. 30 жылдықтың аясында 1 млн. шаршы метр тұрғын үй беріледі

Алматы облысында тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға үлкен көңіл бөлінуде. Ағымдағы жылы Жетісу өлкесінде бір млн.шаршы метрден астам тұрғын үйді тапсыру жоспарланған, оның ішінде "Нұрлы жер" мемлекеттікбағдарламасы  бойынша 191 мың шаршы метр пайдалануға беріледі.

 Өңір басшысының мәліметінше, өңірде пәтер алуға 52 мыңға жуық адам, жер телімдерін алуға 154 мыңнан астам азамат кезекте  тұр.

"Өткен жылы 2 395 отбасы баспанамен қамтамасыз етілді, оның ішінде 1 258 көпбалалы және әлеуметтік осал отбасы, оның ішінде 180-і меценаттар есебінен. 3731 отбасы жаңа баспанаға ие болады, оның ішінде "Бақытты Отбасы", "7-20-25", "Шаңырақ" бағдарламалары бойынша - 1906 адам. Алайда, жоғарыда айтқанымдай, облыста үй кезегінде тұрғандар саны артпаса, кемімек емес,  бізге көбірек құрылыс жүргізу керек", - деді әкім.

 

  1. Көгілдір отынға 1,5 млн.адам қол жеткізеді

Қазіргі уақытта Алматы облысында көгілдір отынмен 1,2 млн.халқы бар 156 елді мекен қамтамасыз етілген. 6 жыл ішінде газдандыруға 148 млрд.теңге бағытталды, оның 93 млрд. теңгесі инвесторлар есебінен. Тек облыс орталығында 2020 жылы газға 16 мың абонент қосылды. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов халыққа есеп беру кездесуінде айтты.

"Талдықорғанда IV кезек аяқталды, өткен жылы біз жұмысты күшейтіп, бір жыл ішінде 16 мың абонентті қостық. Барлығы 54 мыңның 22 мыңы қосылған. Биылғы жылы да осындай қарқынмен жалғастыру керек. Балқаш, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Ескелді аудандары мен Текелі қаласының орамішілік желілері салынуда. Ақсу, Сарқан, Алакөл, Райымбек және Кеген аудандарын қамтитын "Талдықорған - Үшарал" және "Шелек - Кеген" магистральдық газ құбырларының құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжатты әзірлеу аяқталуда. Құрылысты келесі жылдан бастау жоспарлануда және 2025 жылға қарай газдандыру деңгейі 76% - ға дейін жеткізіледі, көгілдір отынға 1,5 млн.адам қол жеткізе алады", - деді Амандық Баталов.

Айта кету керек, 2018 жылдан бастап өңірде шағын қалаларда көп қабатты тұрғын үйлерді газбен блоктық-модульдік қазандықтарды орнату арқылы автономды жылыту жүйесімен қамтамасыз ету мәселесі шешілуде.

 

  1. Алматы облысында екі заманауи көтерме-тарату орталығы пайда болады

Ұлттық тауар өткізу жүйесі шеңберінде Алматы облысында Еңбекшіқазақ ауданында және Қапшағай қаласында екі көтерме-тарату орталығы құрылады. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов халық алдында есеп беру кездесуінде айтты.

Өңір басшысының айтуынша, қазіргі заманғы көтерме-тарату орталығы  өнімді шоғырландыруға, оны шығынсыз сақтауға және ішкі нарыққа ғана емес, экспортқа да жеткізуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

"Құрылған көтерме-тарату орталықтары азық-түлік тізбегінің шығынын азайту, бағаны тұрақтандыру, сауда инфрақұрылымын дамыту және экспорт арналарын құру мәселелерін кешенді түрде шешеді. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі бір триллионға жетеді деп жоспарлап отырмыз. Еңбек өнімділігі бір адамға 2,8 млн. теңгені құрайды . Бұл көрсеткіш өткен жылы 2,4 млн.теңгені құрады", - деп атап өтті әкім.

Өз кезегінде ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ұлттық тауар өткізу жүйесі кластерлерді, фермерлерді, сатып алушыларды, көлік жүргізушілерді, өткізушілерді және тұтынушыларды біріктіру үшін зәкірлі инфрақұрылым болатынын атап өтті. Ұсынылып отырған жүйенің өзегі үш типтегі көтерме-тарату орталықтарының бірыңғай желісі болады.

 

  1. Облыста 19 мыңнан отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды

Алматы облысында қоғамның әлжуаз тобына қамқорлық көрсету қашанда алдыңғы орында. Бүгінгі күні 18,5 мың әлеуметтік осал отбасы жалпы сомасы 8,7 млрд.теңгеге атаулы әлеуметтік көмек алды. 1,2 млрд.теңге сомасында 19 мыңнан астам балаға кепілдендірілген әлеуметтік пакет берілді. Бұл туралы өңір басшысы Амандық Балатов халық алдындағы есебінде айтты.

 Сонымен қатар, жетісулық 368 адам 15,6 млрд. теңге сомасына 42500 теңге көлеміндегі төлемдерге қол жеткізді.

 

  1. Бес жылда 27 мың орындық 49 мектеп салынды

Білім беру саласында мектеп оқушылары мен колледж студенттерін қашықтықтан оқыту үшін барлық жағдай жасалған. 80 мың компьютер сатып алуға 12,3 млрд.теңге бөлінді, 23,7 мың мектеп компьютері мұқтаж жандарға уақытша пайдалануға берілді. Бұл туралы облыс басшысы Амандық Баталов халық алдында есеп беру кезінде мәлімдеді.

Демеушілік қаражат есебінен 2110 бірлік ұйымдастыру техникасы беріліп, бір млрд. теңгеге 70 жаңа жайлы автобус сатып алынған. Мектеп әжетханаларының мәселесі де өз шешімін тауып келеді. 348 оқу ордасында бұл жағдай реттелсе, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп 17 мектептің әжетханаларын жасау  қалған.

 Білім саласындағы тағы бір мәселе, үш ауысымды оқу орындарының санын қысқарту. Үш ауысымды оқытуды жою үшін Үкіметтің қолдауымен соңғы бес жылда 27 мың орындық 49 мектеп салынған. Көші-қон мен бала туу көрсеткішінің артуына байланысты үш ауысымда оқытатын метеп саны артуда. Алматы облысында бүгінгі таңда 49 білім ордасы 3 ауысымда балаларды оқытады.

«Өткен жылы барлығы жеті мектеп пайдалануға берілді, биыл 18 мектеп саламыз.

Жұмыспен қамту 2021 жол картасы аясында тағы жеті мектептің, оның ішінде үш ауысымның орнына алты мектептің құрылысы басталады. Елбасының Бес әлеуметтік бастамасын іске асыру аясында Талдықорған қаласында Жетісу университетінің, медициналық және политехникалық колледждердің, Қаратал ауданында Бастөбе колледжінің жатақханалары салынды», – деді облыс әкімі есеп беру кезінде.

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту деңгейі 98% - ға жетті. 127 балабақшаның ашылуымен қамту 2022 жылы 100%-ға дейін жеткізіледі.

«Облыс бойынша 193 балабақшаның ыстық суы жоқ, 105-і сумен қамтамасыз етілмеген, 20-сы кәрізсіз.Президент балаларды ерте жастан дамыту жүйесін, мектепке дейінгі оқытудың баламалы нысандарын құруды және басқа да мәселелерді қамтитын кешенді жоспар әзірлеуді тапсырды. Сондықтан осы проблемаларды шешу жөніндегі облыстық жоспарды мұқият зерделеп, әзірлеу қажет», – деп түйіндеді аймақ басшысы Амандық Ғаббасұлы.

Оқылды 1467 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…
Қар 14, 2024

ҚМА еріктілер қозғалысының…

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет