Дүйсенбі, 26 Сәуір 2021 17:36

Мемлекеттік инспектор аудан тынысымен танысты

Мемлекеттік инспектор аудан тынысымен танысты mezet

Бүгін ауданымызға Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Бауыржан Қасенов іс-сапармен келді. Мемлекеттік инспектордан бөлек, Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков, облыстық бас санитар дәрігер Ерғали Сыдыманов, аудан әкімі Әлібек Жақанбаев, әкімнің бірінші орынбасары Айбек Бидаев бастаған топ аудандағы бірнеше нысанға арнайы барып, жұмысымен танысты.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Бауыржан Қазбекұлы алдымен аудандағы коронавирусқа қарсы вакцинация барысының жай-күйін білді. Саяжайдағы халықтың медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру мақсатында ашылған «Болашақ» отбасылық денсаулық орталығына барып, ондағы жағдайды бағалады. Орталықта коронавирусқа қарсы вакцинация кабинеті ашылып, барлық құрал-жабдықпен түгел қамтылған. 10 сәуірден бері мұнда екпе салынып келеді. Ал сәуірдің 26-сындағы көрсеткіш бойынша аталған орталықта 470 тұрғын «Спутник-V» вакцинасының 1-компонентін алыпты.

Мемлекеттік инспектордың келесі барған нүктесі ауданымыздағы үлкен медициналық орталық – TabibMed болды. Мұнда 20 мыңнан астам халық тіркеліп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша тегін медициналық қызмет алып отыр. Сонымен қатар ақылы негізде түрлі медициналық диагностика жасатып, анализ тапсырушылар саны да артқан. Өйткені орталық соңғы медициналық құрылғылармен толық жабдықталған: компьютерлік томография, рентген, флюрография, т.б. денсаулықты толық тексеруге қажетті аппараттардың соңғы үлгісі алынған. Бүгінде орталықта 110 қызметкер жұмыс істейді. Алдағы уақытта бұл емхананың жанынан стационар ашу жоспарлануда. Мұның барлығы да жеке кәсіпкерлердің қаражатымен қолға алынған. TabibMed орталығының құрылтайшысы Ернұр Қоңырбаев: «Аудан әкімі Әлібек Әскербекұлы қазіргі жағдайдан хабардар және қолдау білдіретінін айтып отыр. Ол жағдай – жол мәселесі. Мына үлкен жолдан қарт кісілер мен балаларға арлы-берлі өту оңай емес. Сондықтан орталыққа бұрылатын тұстан бағдаршам орналастыру, сондай-ақ қоғамдық көліктің емханаға қарай кіруі сынды мәселелерді көтеріп отырмыз», – дейді. Мемлекеттік инспектор кәсіпкерлердің жұмысы мен халыққа көрсетіп отырған қызметін жоғары бағалады.

Іссапар ары қарай Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасында жалғасты. Мұнда да Бауыржан Қасенов алдымен коронавирусқа қарсы екпе орталығының жұмысымен танысты. Мұнда 26 сәуірге дейін 12 605 тұрғын коронавирусқа қарсы «Спутник-V» вакцинасының 1-компонентін және 1960 адам екінші компонентін салдырыпты. Аурухананың бас дәрігері Жәмилә Әбеуованың айтуынша, тұрғындар арасында екпе салдыруға деген сұраныс өте жоғары. Оны орталық алдындағы кезекте тұрған адам санынан да байқадық. Екпе орталығы бірінші қабатта орналасқан, әрі кірер есігі де негізгі есіктен бөлек, оқшауланған. Яғни коронавирусқа қарсы екпе салдыруға келгендер мен ауруханаға келген өзге тұрғындардың жолы түйіспеуі үшін барлық жағдай жасалған. Мұндай оңтайлы шешім «Болашақ» орталығында да қарастырылған. Мемлекеттік инспектор пациенттерге медициналық көмек көрсету алгоритімінің ұйымдастырылуына оң бағасын беріп, аурухананы түгел аралап, ондағы жағдаймен танысты.

Сапар соңы Есік қаласының жоғары жағында орналасқан су сүзгі станциясында жалғасты. Онда аудандық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Асхат Ансатбаев Есік топтық су құбыры жобасы жайлы айтып, қазірге дейін жасалған жұмыс барысын таныстырды. Жоба аясында Еңбекшіқазақ топтық магистральды су құбырына Есік қаласы мен 8 елді мекенді қосу жоспарланған. Осылайша 105 200 адам таза ауызсумен қамтылмақ. Жоба 2022 жылы толық аяқталып, ел игілігіне беріледі.

 

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Оқылды 1114 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Қарусыз майдан батыры Партия конференциясы өтті »

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 09, 2025

Алматы облысының қатысуымен …

Алматы облысының қатысуымен Мәскеуде бизнес-форумИнвестициялар, цифрлық технологиялар…
Қырқ 09, 2025

Бизнес форум с участием Алматинской…

Бизнес-форум с участием Алматинской области в МосквеИнвестиции, цифровые технологии и…
Қырқ 09, 2025

Мемлекет басшысы Үкіметке инвестиция…

Мемлекет басшысы Үкіметке инвестиция тарту жүйесін түгел жаңғырту жөніндегі нақты…
Қырқ 09, 2025

Президент: Қазақстан міндетті түрде…

Президент: «Қазақстан міндетті түрде цифрлық ел болуы керек» «Қазақстан – әлем…
Қырқ 09, 2025

Мемлекет басшысы: "Әлемде жаңа…

Мемлекет басшысы: «Әлемде жаңа геосаяси тәртіп орныға бастады» «Қазір дүние жүзі жаңа…
Қырқ 09, 2025

Мемлекеттік қызметшілердің…

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі – еліміздің мемлекеттік басқару жүйесінің…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Когулов Аскар Турсбекович 1983 жылы 26 маусымда Еңбекшіқазақ ауданында Бижанов…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Шынғожа Айбарұлы Тикельдиев, 1991 жылы 28 тамызда Еңбекшіқазақ ауданы Қазатком…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Тойғанбеков Бақберген Бауыржанұлы 1988 жылы 21 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет