Жұма, 07 Мамыр 2021 15:44

Білікті сарбаз – ел қорғаны

Кез келген елдегі прогресс қорғаныстың қуаты мен әскердің әлеуетімен өлшенетіні ақиқат. Бұл тегін емес.  Себебі стратегиялық маңызға ие саланың қашанда сақ әрі дәуірге сай болуы бүгінгідей алмағайып заманда баршаның көкейін тескен кесек  мәселе. Қазір әлем елдерінің қорғану тәсілдері мен соғыстың алдын-алу шарттары мүлдем  өзгерген. Әуелі, әскердің қарақұрым көптігі емес, жаужүрек жауынгердің озық техниканы меңгеруі мен кәсіби біліктілікті арттыруы басты  міндет. Білікті сарбаздар қашанда ел қорғанысының тірегі саналмақ.

Біз сөз етіп отырған білікті сарбаздың бірі Қаракемер ауылында орналасқан 6654 әскери бөлімінің кинолог маманы Ерлан Байгенжинов. Ерлан Қазбекұлы 1986 жылы ауданымызға қарасты  Өрнек ауылында өмір есігін ашқан. Болашақ сарбаздың балалық шағы  тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдарымен тұспа-тұс келіпті.

– Мен тәуелсіз елдің ұрпағы ретінде мектеп табылдырығын аттадым. Ол кезде өзім секілді балалардың жүрегінде жас мемлекеттің жарқын болашағына деген үлкен үміт болды. Сондықтан біздің буында тәуелсіз елдің қасиетін ардақтауды мұрат тұтқандар көп еді. Сол бала күнгі арманым  сарбаз болып сапта тұруыма түрткі болды, – дейді  Ерлан  Байгенжинов. Ол 2003 жылы мамыр айында мектепті бітіріп, сол жылы қарашада әскери борышын өтеуге шақырылған. Әскери борышын Шымкент қаласында өтеген жас сарбаз 2004 жылы қараша айында Қаракемер ауылында орналасқан 6654 әскери бөліміне кинолог мамандығын игеруге жіберілген. Білікті маман  2013 жылдан бері  6654 әскери бөлімнің  кинология орталығында аға маман-аға нұсқаушысы  лауазымында қызмет етіп келеді.

Ерлан  Қазбекұлының  қызметтік иті – «Олимпия» атты 3 жасар бельгиялық овчарка. Күні бүгінге дейін сарбазбен қатар оның қызметтік иті аудандық полиция қызметкерлерімен бірлесе көптеген қылмыстық  іске белсене  қатысып, түрлі заң бұзушылықтардың бетін ашты.

– «Олимпия» – өте сезімтал  және ақылды овчарка. Біз онымен бірге аудан көлеміндегі  жантүршігерлік қылмыстардың бетін ашқан кездеріміз болды. Ол – қылмыскерлердің ізіне түсудің қас шебері. Талай күдіктінің құрықталуына көкмектескенін көзім көрді. Міне, солай ақылды овчарка сан рет  жазықсыз жапа шеккендердің жанына медет бола білді,  –  дейді сарбаз.

Жауынгерлік қызметін адал атқарып, осы салаға елеулі еңбек сіңіргені  үшін Ерлан Қазбекұлы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының  арнайы төсбелгісімен, ҚР Ішкі істер министрлігінің, облыс және  аудан әкімдерінің  алғыс хатымен,  тағы сол сияқты көптеген марапаттарға ие болған.

–Тәуелсіздік пен Ұлттық ұлан – егіз ұғым. Қазақстан  тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ел тыныштығын көз қарашығындай аялаған Отан қорғаушылар күні мерекесімен барша Қазақстан азаматтарын шын жүректен құттықтаймын. Отан қорғау – әр азаматтың  қасеиетті борышы деп түсінемін,  –  дейді Ерлан Қазбекұлы.

 

Е.АСЫЛ

Оқылды 1386 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « COVID-19: Аудандағы ахуал Кәсіби әскерилердің қара шаңырағы »

Соңғы жаңалықтар

Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…
Қаз 23, 2025

Кітап оқу – өркениет кепілі

Қоғамның нағыз рухани құндылықтан ажырап, алақандай смартфонға бар уақытын сарп етіп…
Қаз 23, 2025

Құрметті мамандық

Рухани-мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз…
Қаз 23, 2025

Әлеуметтік сала – ізгіліктің алтын…

Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, адамдардың…
Қаз 23, 2025

Ұлттық өркендеу жолы

XXI ғасыр – цифрлық революция заманы. Бүгінде әлемдегі барлық салалар цифрлық…
Қаз 23, 2025

Әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Таза әйнек — үйдің, автокөліктің де ажары. Дегенмен, әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Күнтiзбе

« Қазан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет