Жұма, 07 Мамыр 2021 16:21

Кәсіби әскерилердің қара шаңырағы

Қаракемер елді мекенінде  орналасқан 6654 әскери бөлімі 1962 жылы шаңырақ  көтерген. Басында оқу дивизионы болып құрылған бөлім 1993 жылы полк мәртебесін алды. Ал 2017 жылы Ұлттық ұланның оқу бригадасы дәрежесіне көтерілді. Осы уақытқа дейін аталмыш бөлім бактериологиялық, радиациялық, химиялық арнайы бөлімдердің командирлерін және түзеу мекемелеріне қажетті мамандарды даярлап келген.

Бүгінде 6654 әскери бөлімде бөлімше командирлері мен сержанттар, байланыс мамандары, аспаз, брондалған техниканың механик-жүргізушісі, атқыш, радиохимиялық, ядролық қорғаныс бөлімшесінің командирлері, автомо-бильдік бөлімшелердің, түзету мекемелерін күзететін бөлімшелердің командирлері, қала тыныштығын күзететін, ішкі істер қызметіне көмекші патрульдеу бөлімшелерінің сержанттары сынды 20-ға жуық мамандық оқытылады. «Әскерден ең бірінші темірдей төзім талап етіледі, ерлік – екінші орындағы нәрсе», – деп Наполеон Бонапарт айтқандай, аталған бөлімде әскерилердің кәсіби біліктілігі мен төзімділігі қатар шыңдалады. Сонымен қоса, 6654 әскери бөлімінде Қазақстандағы Ұлттық ұланға қызметтік иттер дайындайтын кинология орталығы жұмыс жасайды. Біз арнайы барғанымызда көптеген өзге мамандықтағы жауынгерлер көктемгі оқу-жаттығуда болғандықтан олармен тілдесудің сәті түспеді. Ал  аталған әскери бөлімдегі кинология орталығының  жұмысымен толық танысып қайттық.

Ел тыныштығын кірпік қақпай күзеткен Отан қорғаушылардың жан құралы қару-жарақ десек, ал кинолог мамандарының басты құралы – ит. Бүгінде аталған кинология орталығында жарылғыш заттар, оқ-дәрі, қару-жарақ, есірткі іздейтін, иісті ажырататын  (одорология) және  із кесетін иттер жаттықтырылады. Мұндағы иттердің дені неміс және бельгиялық овчаркалар. Орталық мамандарының айтуынша, ондағы  иттердің басым көпшілігі қазақша нұсқаумен ғана жүреді. Күшіктерді әрбір кинолог маман 2 айынан бастап үйретеді. Ең әуелі күшікке «жат», «тұр», «жүгір» деген бұйрықтар беріліп, әскери тәрбиеге дағдылана бастайды екен. Кейін иттер бейімділігіне сай патрульдік, іздестіру немесе есірткі анықтауға арнайы үйретіледі. Ал арнаулы жаттығудан өткен иттер еліміздің әр аумағындағы Ұлттық ұланның бөлімшелеріне жіберіледі. Орталық мамандарының сөзінше 2020 жылы  арнайы жаттығудан өткен 44 ит респуликамыздың әр аймағындағы Ұлттық ұлан қосынына  берілген.

Ізкескіш иттердің жақсы нәтиже көр-сете алуы олардың денсаулығына тікелей байланысты. Бүгінде  иттер мен күшіктердің  денсаулығын жіті бақылайтын  ветеринарлық пункт бар. Тіпті, онда жаттығуда жарақатталған иттерге ота да жасалады. Сонымен қоса, иттерді тамақтандыруға да аса мән беріледі. Орталықтағы ақылды овчаркаларға дәрумендерге мол тамақтар әзірленеді. Ал күшіктейтін  иттерге арнайы күтім жасалады. Ондағы мамандар кинологиялық  орталықтың жыл өткен сайын кадрлық әлеуетінің артып, материалдық-техникалық базасының  нығайып келе жатқандығын айтады.

Ерзат АСЫЛ

Оқылды 1116 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет