Дүйсенбі, 31 Мамыр 2021 11:39

Еңбегі ерен тыл ардагері

Сұлтан Каткенов 1926 жылы бұрынғы Талдықорған облысы Теректі ауылында дүниеге келген. Екі жасқа толғанда шешесінен, алты жасында әкесінен айырылып, ағаларымен ағайындас тумаларының қолында өсіп, латынша алты сыныптық білім алған. С.Қаткенов басынан аумалы-төкпелі кезең – ашаршылық, қуғын-сүргін, сұрапыл соғысты өткерген.

1943 жылы 17 жасында Отанды қорғау үшін соғысқа сұранды, бірақ бойының аласалығы, салмағының аздығынан әскерге алынбады. Есесіне, тылда еңбек етіп, тыл ардагері атанды.1945 жылы армия қатарына қабылданады да Ресей, Украина, Кавказ елдерінде болып, соғыстан соң қираған қалалармен елдімекендерді қалпына келтіру, жарылмай қалған мина, снарядтарды залалсыздандыру жұмыстарын атқарып, 1950 жылдың сәуірінде Растовтан елге қайтқан.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Отан алдындағы борышын адал атқарып, 1945 жылы берілген «Жеңіс парады»,«Адал еңбектері үшін» т.б.бірнеше медальдармен марапатталған. 1950 жылы әскер қатарынан оралған соң Шелек өңірінде мектеп-интернатта қойма меңгерушісі, темекі бригадасында жұмысшы, тағы басқа салада еңбек етіп, 1986 жылы құрметті зейнет демалысына шыққан.

«Әкеміздің бойы аласа болғанымен алғыр, зерек, өте шапшаң қимылдайтын қарулы кісі еді.Соның арқасында армияда  жүріп партия қатарына өтті. Өмір бойы партбилетін төсінде сақтап, антына берік болды. Зейнетке шыққаннан кейін күнделікті теледидардан жаңалықтарды қалт жібермей, газет-журналдарды, тарихи романдарды, әсіресе, І.Есенберлиннің «Жанталас», «Алмас қылыш» тарихи романдарын қолынан тастамайтын. Үйдегі ұсақ тірліктерге араласып, мал күтіп, көрші, туыстарға қамқор болып, ақыл-кеңес беріп жүретін», – деп аяқтады әкесі туралы әңгімесін зейнеткер апайымыз Мереке Сұлтанқызы.

Расымен де, ата-бабаларымыздың Отанға деген сүйіс-пеншілігі, патриоттық сезімінің мықтылығынан және тыл ардагерлерінің табанды еңбегі маңдай терінің арқасында еліміз жеңіске жетіп, бүгінгі күнде тәуелсіз мемлекетте бейбіт өмір сүрудеміз. Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл ардагерлерінің бүгінгі ұрпақ үшін жасаған ерлігі мен еңбегіне мың тағзым.

 

Бахтияр МЫСАҚАНОВ,

Шелек политехникалық колледжінің білімгері

Оқылды 2406 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет