Бейсенбі, 10 Маусым 2021 10:23

Қоғамдық мәселелер оң шешімін табады

Сәрсенбі күні аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы Әлібек Жақанбаев тұрғындарды қабылдап, азаматтардың жеке және әлеуметтік мәселелерін тыңдады.

Партия ғимаратында өткен қабылдауға келген Есік қаласының тұрғыны Майра Каракузиева Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханада көз дәрігері болып жұмыс істейді. 2014 жылдан бері үй кезегінде. Аудан басшысының айтуынша, қала тұрғыны бюджеттік ұйым қызметкері санаты бойынша жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж адамдар тізімінде 241-ші болып тұр. Қызметтік пәтерді алу үшін өзі жұмыс істейтін ұйымның тұрғын үй комиссиясына жүгінуге болады. Сондай-ақ былтыр медицина қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 112 млн теңгеден астам қаржы бөлініп, Есік қаласы мен Шелек ауылында 15 пәтер сатып алынған.

Аудан орталығының тұрғыны Раушан Төлепова Алматы көшесіндегі аяқсыз қалған тротуар мәселесін көтерді. Былтыр басталған жөндеу жұмыстары соңына дейін жүргізілмей, қала орталығының сәнін кетіріп тұр. Әлібек Әскербекұлы мердігер атанған  «Kaz Damu Leaders» ЖШС жөндеу жұмыстарын келісім-шарт негізінде уақытында аяқтамағандықтан, қала әкімдігі сотқа бергенін айтты. Қазіргі уақытта кешеуілдеген жаяу жүргінші жолының мәселесі сотта қаралуда.

Қабылдау барысында жаңашарлық Медетхан Игіліков те жол мәселесі бойынша сауал қойды аудан әкіміне. Айтуынша, Ават – Жаңашар – Космос – Базаркелді тас жолын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары басталып кеткен. Алайда, құрылыс Жаңашар ауылына дейін созылып, жолдың көп бөлігі жасалмаған. «Жөндеу жұмыстары жалғасын таба ма?» деген сауалға Әлібек Жақанбаев жоба 2021-2022 жылдарға жоспарланғанын айтты.

– Облыстық  маңызы бар Базаркелді ауылына кіреберіс жолын орташа жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың сәуір айында басталған болатын. Қазіргі таңда 800 метрге асфальт төсеу, жол жиектері мен белгілерді орнату үшін қаражаттың екінші траншы күтілуде. Айта кетерлігі, жоба 2021-2022 жылдарға жоспарланған. Мердігер мекеме «ЖҚБ-13» АҚ тарапынан жөндеу жұмыстарын биыл аяқтау үшін облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсыныс берген – деді Әлібек Әскербекұлы.

Тұрғын үй салу үшін жер телімінде кезекте тұрған ақшилік Салтанат Мамесеитоваға аудан басшысы Ақши ауылында 90 гектар жерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізілетінін айтты. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін азаматтар өз кезегімен жер теліміне қол жеткізетін болады.

Есік қаласының төменгі жағы мен Бөлек ауылы тұрғындарының шешілмей жүрген мәселесі – жаз мезгіліндегі ауызсудың тапшылығы. Жұртшылықтың осы проблемасын көтерген Злиха Мустапаеваға аудан орталығы мен жақын орналасқан елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жақын арада аяқталатыны айтылды. Ол үшін Есік топтық су құбырын жүргізуге бюджеттен 4 млрд 200 млн теңге қарастырылып, құрылыс жұмыстары басталып кеткен.

 

Сардарбек  НҰРАДИН

Оқылды 1211 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « COVID-19: Аудандағы ахуал Қыздармен көбірек сырласу керек »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет