Дүйсенбі, 14 Маусым 2021 15:03

Қыздармен көбірек сырласу керек

Қыздар арасындағы мәселелер кімді болса да, алаңдатпай қоймайды. «Қыздың ары – елдің ұяты» деп қазақ халқы бекер айтпаса керек. Қыз баланың тұлымшағы желбіреген күннен бастап «олай істеме, бұлай істеме», «ұят болады» деп үнемі тыйым салғаннан гөрі пайдалы ақыл-кеңестер неге бермеске? Тіпті өмірден опық жеген кейбір аналар өздері жүріп өткен жолында аузы күйген сәттерін қызына жасырмай айтып, тірлікте кездесетін қателесу, қатыгездіктен сақтандыруды білмейді. Мінсіз әйел болғандай, жұмған аузын ашпай, сыр бермеген болады. Қысқасы, біздің қоғамда қыздармен ашық сырласу жағы әлі күнге ақсап келеді.

Қыздар арасында ашық сұхбаттасу үшін Еңбекшіқазақ ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, 10 маусым күні Райымбек батыр атындағы орта мектепте кездесу өтті. Іс-шараға Есік қаласындағы колледж директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, колледж психологтары мен медбикелері және студент, оқушы қыздар қатысты.

Жиын барысында қыздар арасындағы құқықбұзушылық пен жас қыздардың ерте жастағы жыныстық қатынасқа түсуі және ерте жастағы жүктілік мәселелері қарастырылды.

Жаман қылық жұқпалы аурудан да қиын, бірден-бірге ауысса, ұрпағына да кетеді. Қоғамда тәртібі нашар, төбелесқұмар, жеңіл жүрісті, бұзық қыздар көбеюде. Ата-бабамыз «Қызға қырық үйден тыйым» деп қыздардың абыройына, арына нұқсан келмеуін қатты қадағалаған. Қыз баланың пәктігі – генетикалық тазалықтың кепілі. Арына деген адалдығы  отбасының бақыты болған. Осы мәселелер бойынша Еңбекшіқазақ аудандық ішкі істер басқармасы, «Жергілікті полиция қызметі» ювеналдық полиция тобының инспекторы, полиция лейтенанты Ильдана Даутова баяндама жасады. Инспектор жас қыздар арасындағы құқық бұзушылық, соның ішінде өзінен жасы кіші қыздарға әлімжеттік көрсету, ұрлық, алаяқтық қазіргі таңда аудан бойынша қыздар арасындағы өзекті мәселе екенін атап өтті. Сонымен қатар 15-17 жас аралығындағы қыздар арасындағы жүктілік, ерте жастағы жыныстық қатынасқа түсу де жас қыздар арасындағы үлкен даулы мәселелердің бірі екенін тілге тиек етті.

Ойнап жүріп, от басып, оң-солын танымаған жасөспірімдер жанталасып жасанды түсік жасатудың жолдарын қарастырады. Жылына Қазақстанда 400 мыңға жуық сәби дүниеге келсе, 200 мыңға жуық жасанды түсік жасалады екен. Жүкті болып қалған қыздар қысылғанда үлкендерге айтуға бата алмай, құрбысынан ақыл сұрайды. Ол нендей ақыл қоссын?! Әрине, «судың да сұрауы бар», түсік жасатудың өзі тегін емес. Қаражаттан таршылық көрген кейбір қыздар Қытайдың арзанқол дәрілерін ішіп, қансырап жататындары да бар. Осы мәселе бойынша Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасының акушер-гинеколог дәрігері Балым Бақытқызы түсіндіріп берді. Ерте жастағы жыныстық қатынасқа түсу салдарынан болатын әр түрлі жұқпалы аурулар туралы жиынға қатысушыларға толыққанды мағлұмат берді. Қателесіп жасалған бір сәттік әрекеттің нәтижесінде жатырға біткен шаранадан құтылу мақсатында, түсік жасату, әртүрлі дәрі-дәрмек қолдану болашақ ана болу мүмкіндігіне кері әсерін тигізіп, бедеулікке әкеп соғатынын студенттер мен оқушыларға жан-жақты жетізді.

Жиын соңында шараға арнайы шақырылған ауданаралық, көпсалалы аурухана жанынан ашылған «Алтын ұрпақ» жастар денсаулық орталығының психолог маманы Вероника Захарченко және аурухананың нарколог маманы Елена Шубина өздерінің іскерлік тәжірибесінде кездескен оқиғалармен бөлісіп, баяндама жасады. Сонымен қатар аудандық ауруханадан келген СӨСҚ дәрігері –Арухан Нсанбаева арнайы видеоролик көрсетіп, қыздарға репродуктивті денсаулық туралы мағұлмат беріп, саламатты өмір салтын ұстануға және дұрыс тамақтануға шақырды. Кездесуге келген қыздар ой-пікірлерімен бөлісіп, мамандарға сауалдарын қойып, психолог маманмен анонимді түрде сұхбаттасты.

  

А.Әбіт

Еңбекшіқазақ ауданының жастар

ресурстық орталығының маманы,

аудандық мәслихат депутаты

 

Оқылды 2380 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет