Бейсенбі, 24 Маусым 2021 09:35

Тәртіп сақшыларына құрмет көрсетілді

Ел тыныштығын сақтау жолында қиындыққа төзіп, қауіп-қатерге басын тігетін қоғамдық тәртіптің қырағы сақшылары – полиция қызметкерлерінің еңбегі әрдайым құрмет пен алғысқа лайық. Осы орайда, сәрсенбі күні тәртіп сақшыларының төл мерекесі аудандық полиция басқармасында аталып өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі Әлібек Жақанбаев, 6654 әскери бөлімінің командирі, полковник Еркен Жанабергенов, полиция ардегерлері қатысты.

Қоғамның қауіпсіздігін, аймақтың тыныштығын өз өмірінен биік қойып, қызмет бабында қаза болған полиция қызметкерлері – жас мамандарға үлгі. Мерекенің ашылу салтанатында Отан алдындағы борышын адал атқарған Сембай Оразбеков, Аркадий Колесник, Тұрғанжан Турдиев, Мусрет Абдуллаев, Рустем Касымов, Рашит Нұрсаханов, Болат Сүлейменов, Ұзақ Жакупов, Қуаныш Рыспековтің есімдері аталып, әріптестері бір минут үнсіздікпен еске алды.

Аудандық полиция басқармасында ұзақ жылдар еңбек етіп, осы салаға өшпейтін ізін қалдырып, қомақты үлесін қосқан, полиция сержантынан басшылық дәрежеге дейін көтерілген Сембай Оразбековтің ерен еңбегі ұмытылмақ емес. Әріптестерінің еңбегін ұлықтау мақсатында басқарма алаңына орнатылған Сембай Оразбековтің бюсті ашылып, саланатты түрде лентасы қиылды. Келген қонақтар Даңқ аллеясына гүл шоқтарын қойып, батырлардың ерлігіне тағзым етті.

Алғашқы болып сөз кезегін алған аудан басшысы Әлібек Әскербекұлы полиция қызметкерлерінің ерен еңбегіне тоқталды:

– Елбасы «Адамдар полиция қызметкерлерін өздерінің қорғаушысы ретінде танып, өз қауіпсіздіктерін сезінуі тиіс» – деп атап көрсетті. Бұл халық алдында адал қызмет етуге ант берген қатардағы әрбір тәртіп сақшысына, үлкен жауапкершілікті жүктейді. Өйткені, еліміз үшін адам өмірінің қауіпсіздігі қашанда басты назарда. «Қылмыс түзелмей, тұрмыс түзелмейді» деген бір-ақ ауыз сөзбен түйіндеген. Осы уақыт бойы Қазақстан полициясы еліміздің қоғамдық қауіпсіздігінің, тиісті тәртіптілігімен қамтамасыз ету мен қолдаудың, азаматтардың еркіндігі мен конституциялық құқықтарын қорғаудың, қылмыскерлікке қатаң талап қоюмен қатар қабілеттілігі мықты мемлекеттік жүйе болып табылады. Мұның бәрі, ең алдымен, ел тыныштығын сақтау, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін жасалып жатқан игі шаруалар. Еңбекшіқазақ ауданы полициясының тарихында қайсарлық пен табандылықтың, кәсібиліктің үлгілері аз емес. Полиция күнінде біз ішкі істер органдары ардегерлеріне де ерекше алғыс лебіздерімізді жолдаймыз. Ардагерлердің мол тәжірибесі жас буын тәртіп сақшыларына адамдардың өмірінің тыныштығы мен амандығын сақтап, қоғам ішінде тәртіп пен тұрақтылықты орнатып, өз қызметтік борышын орындауға мүмкіндік берері сөзсіз – деп, қызмет бабында ерекше көзге түскен біқатар тәртіп сақшысына Алғыс хаттарын табыстады.

6654 әскери бөлімінің командирі Еркен Жанабергенов мерекемен құттықтап, әскери бөлімнің атынан төс белгілерді табыстады. Полиция ардагерлері ұйымының төрағасы Тлеуғазы Жакупов  ардегерлерді марапаттады.

Полиия басқармасының басшысы, полиция полковнигі Жақсылық Алтынбаев мерекенің құрметті қонақтарына алғыс айтты:

– Аудандық полиция басқармасының ішкі жұмыстарына араласып, жас тәртіп сақшыларын тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін полиция ардагерлеріне айтар алғысымыз шексіз. Сіздерден үлгі алып, өздеріңізге қарап бой түзеген жас қызметкерлер қылмыспен күресте қырағылық танытып, тыныштықты күзетуге барын салуда – деп, ардагерлерге ризашылығын білдірген Жақсылық Бейқұтұлы әріптестеріне ел тыныштығы жолындағы қызметте табыс тілеп, жеке құрамға марапаттарын тапсырды.

Мерекелік шара соңы аудандық мәдениет үйінің ұйымдастырған концерттік бағдарламасына ұласты.

 

С.НҰРАДИН

Оқылды 1309 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 28, 2026

Билік институттарын жаңарту

Президент, Курултай және Халық кеңесінің өкілеттіктері мен функцияларын қайта қарау…
Қаң 28, 2026

Сот билігі мен құқық қорғау…

Сот билігінің тәуелсіздігін күшейту, сот өндірісін әртараптандыру және адвокатура…
Қаң 28, 2026

Неке және отбасы құндылықтары

Отбасы мен некенің Конституция деңгейінде қолдауы қоғамдағы тұрақтылық пен ұрпақ…
Қаң 28, 2026

Сөз бостандығы және шығармашылық

Сөз және шығармашылық еркіндігін нығайту, сондай-ақ зияткерлік меншікті қорғау…
Қаң 28, 2026

Адам құқықтары мен дербес деректер

Жеке тұлғаның өмірі, ар-намысы және дербес деректерін қорғаудың Конституция деңгейінде…
Қаң 28, 2026

Преамбула мен ұлттық құндылықтар

Жаңа Преамбула мемлекеттің миссиясын, тарихи жады мен мәдени ерекшеліктерді нақты…
Қаң 28, 2026

Конституциялық реформаның жалпы мәні

Ұсынылып отырған конституциялық өзгерістер Қазақстанның құқықтық жүйесін жаңа деңгейге…
Қаң 28, 2026

«Сказке живой природы» – 20-лет

Частный детский зоопарк «Сказка живой природы», основанный в 2005 году…
Қаң 28, 2026

Саяси жаңғыру жолындағы жаңа қадамдар

Жуырда аудандық мәслихаттың мәжіліс залында «Жаңғыртудан тұрақтылыққа: Президент сөзінің…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет