Бейсенбі, 24 Маусым 2021 16:28

Жетісудың бас шаһары әлі де қызыл аймақта

Алматы облысында соңғы екі аптада коронавирус жұқтырудың 487 дерегі тіркелген. Өңірде вирустың өсу қарқыны 0,2% - дан 0,1% - ға дейін төмендеді. Бұл туралы «Jetisy Media» алаңында мәлім болды.
Өткен аптада ең жоғары өсу қарқыны Балқаш - 0,2% (5ж.), Жамбыл - 0,2% (20ж.), Қаратал - 0,3% (18ж.) аудандарында байқалған.
«Бір тәулік ішінде КВИ-дің 37 жағдайы тіркелді, оның жетеуі 14 жасқа дейінгі балалар, оқушылар арасында 2 жағдай анықталды.
Облыс өңірлері арасында Ақсу ауданында 2, Балхаш ауданында 3, Енбекшіқазақ 3, Ескелді 1, Жамбыл 3, Іле 3, Қарасай 3, Қаратал 2, Сарқан 1, Талғар 2, Ұйғыр 1 жағдайдан, Талдықорған қаласында 8, Текеліде 5 жағдайдан тіркелген», - деді Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Чарапиев.
Бүгінде Алматы облысының тұрғындары арасында вакцинация жүргізілуде. Облысқа барлығы 379 475 доза вакцина келіп түскен, оның ішінде 39 500 Hayat-vax, 307 975 Гам-Ковид-вак және 4000 Qaz-вак және 28 000 CoronaVac. 2 компоненттен 288 030 доза вакцина келді, оның ішінде 39 500 Hayat-vax, 216 530 Гам-Ковид-вак, 4000Qaz-вак және 28 000 CoronaVac.
Бірінші компонентпен 304 741 адам егілді, екпенің екінші бөлігін 189 341 тұрғын қабылдады.
Айта кетейік, халықтың санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралардың сақтауын бақылау мақсатында Алматы облысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанынан 268 мониторингтік топ құрылған еді
Ағымдағы жылдың басынан мониторингтік топтар 19 000-нан астам рейд жүргізіп,109 мыңнан астам нысанды қамтыды, 1031 карантиндік режимді бұзу фактісі анықталып, 568 нысанға 66 миллион 350 мың теңгеден астам соммаға әкімшілік жазалар қолданылды.

 

«Jetisy Media» орталығы

 

Оқылды 1112 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет