Дүйсенбі, 28 Маусым 2021 14:45

Алматы облысының журналистері кәсіби мерекелерін атап өтті

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов журналистерді кәсіби мерекесі - Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады. Іс-шараға "Тенгриньюс" ақпараттық агенттігінің бас директоры Сұңқар Қарабалин, Қазақ теледидарының мэтрі, журналистика ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар , аудандық, облыстық және республикалық БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесуге қатысушыларға құттықтау сөзінде облыс әкімі Амандық Баталов бұқаралық ақпарат құралдарының еліміздің ақпараттық саясатын жүзеге асырудағы маңызды рөлін атап өтіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы маңызды жетістіктері туралы айтты.

- Бүгінде бізде БАҚ саласында өз ісіне берілген мыңнан астам талантты, білікті мамандар еңбек етеді. Сіздер оқырмандарыңыздың, көрермендердің және тыңдаушылардың мәселелерімен өмір сүресіздер, оларға жедел және сенімді ақпарат алуға көмектесесіздер.Сіздер облыс тұрғындарының мүддесін адал қорғап, халықпен сапалы кері байланысты қамтамасыз етесіздер, билікке мәселелерді талдауға және оларды шешудің тиімді жолдарын табуға көмектесесіздер. Кейде бұл сіздің тарапыңыздан сынсыз болмайды, бірақ бұл сіздепдің бізге берген көмектеріңіз. Біз әрдайым барлық БАҚ-тармен белсенді қарым-қатынас жасауға тырысамыз және күнделікті жұмыста экрандарда, интернетте, газеттерде, радио мен әлеуметтік желілерде шығатын барлық ақпаратты пайдаланамыз. Сіздер ақпараттық қолдаусыз адамдардың өмірі мен облыстың дамуы үшін маңызды бір оқиғаны қалдырмай, барлық басқа жаңалықтарға белсенді назар аударуды жалғастырудасыздар. Өйткені Жетісу өлкесі әрдайым журналистиканың мықты дәстүрлерімен танымал болған, ал біздің БАҚ-тың қалыптасуы бүкіл өңірдің тарихын бейнелейді, - деді ол.
- Содан кейін облыс әкімі кәсібилігі мен мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруға белсенді қатысқаны үшін бірқатар журналистерді марапаттады. "Іле таңы" газеті редакторының орынбасары Роза Айдарбекова, "Жетісу" газетінің меншікті тілшісі Қанат Біржансалов "Еңбек ардагері"төсбелгісіне ие болды.
- ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісіне "Жаркент өңірі" газетінің бас редакторы Бағдат Айтмұқаева, "Жетісу" телеарнасының жаңалықтар шығарылымының редакторы Назгүл Бошанова, Жетісу" газетінің меншікті тілшісі Ұлбосын Исабекова, "Жетісу" газетінің тілшісі Гүлжан Тұрсын ие болды .
Қазақстан Республикасының құрметті журналисі атағын "Огни Алатау" газетінің меншікті тілшісі Рамазан Елешев алды.
Сондай-ақ, бірқатар журналистер облыс әкімі мен ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды. Олардың қатарында "Нұрлы Көксу" газетінің бас редакторы Айгүл Айманбекова, "Огни Алатау" газетінің тілшісі Жәмила Атибаева, Панфилов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Ханағат, "Jetisý media" КММ маманы Айман Асылбекова бар.
Журналистердің атынан "Жетісу" газетінің меншікті тілшісі Қанат Біржансалов сөз алды.
Әріптестерін мерекемен құттықтай отырып, ол өткен кезеңдегі облыстың жетістіктерін атап өтті, сондай-ақ көрсеткен құрмет пен қолдау үшін алғысын білдірді.
Өз кезегінде "Jetisý media" КММ маманы Айман Асылбекова барлығын мерекемен құттықтап, көңіл бөлгені үшін алғысын білдірді.
Салтанатты шараның соңында мерекелік концерт өтті.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Алматы облысында жұмыс істейтін 37 журналист "Халық алғысы" Құрмет медалімен марапатталды.

Оқылды 816 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 28, 2026

Билік институттарын жаңарту

Президент, Курултай және Халық кеңесінің өкілеттіктері мен функцияларын қайта қарау…
Қаң 28, 2026

Сот билігі мен құқық қорғау…

Сот билігінің тәуелсіздігін күшейту, сот өндірісін әртараптандыру және адвокатура…
Қаң 28, 2026

Неке және отбасы құндылықтары

Отбасы мен некенің Конституция деңгейінде қолдауы қоғамдағы тұрақтылық пен ұрпақ…
Қаң 28, 2026

Сөз бостандығы және шығармашылық

Сөз және шығармашылық еркіндігін нығайту, сондай-ақ зияткерлік меншікті қорғау…
Қаң 28, 2026

Адам құқықтары мен дербес деректер

Жеке тұлғаның өмірі, ар-намысы және дербес деректерін қорғаудың Конституция деңгейінде…
Қаң 28, 2026

Преамбула мен ұлттық құндылықтар

Жаңа Преамбула мемлекеттің миссиясын, тарихи жады мен мәдени ерекшеліктерді нақты…
Қаң 28, 2026

Конституциялық реформаның жалпы мәні

Ұсынылып отырған конституциялық өзгерістер Қазақстанның құқықтық жүйесін жаңа деңгейге…
Қаң 28, 2026

«Сказке живой природы» – 20-лет

Частный детский зоопарк «Сказка живой природы», основанный в 2005 году…
Қаң 28, 2026

Саяси жаңғыру жолындағы жаңа қадамдар

Жуырда аудандық мәслихаттың мәжіліс залында «Жаңғыртудан тұрақтылыққа: Президент сөзінің…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет