Бейсенбі, 05 Тамыз 2021 10:09

Сайланған әкімдерге куәліктер табысталды

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 25 шілдедегі шешімімен сол күні ауданымыздың Ақши, Балтабай, Бәйдібек би, Қазақстан, Қаражота, Масақ, Бәйтерек, Бартоғай, Ташкенсаз және Тескенсу ауылдық округтерінің әкімдері сайланған  болатын. Жақында аталған елдімекендердің жаңа сайланған әкімдеріне қызметтік куәлік  табысталды.

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен жиынға аудан әкімі Әлібек Жақанбаев, орынбасарлары, аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Жексембиев және жаңа сайланған округ әкімдері қатысты. Сайлауком төрағасы  Бақыт Есенханұлы ауылдық округ әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын жария етті. Комиссия төрағасының сөзінше, заңнамалық негізінде өткен сайлауда 9 бұрынғы әкім өз ауылдық округтері бойынша өткен сайлауда жеңіске жетіп, 1 округтің әкімі жаңадан сайланды. Сайланған он әкімнің тоғызы «Nur Otan» партиясы, біреуі «Ауыл» ХДПП-ның мүшелері. Осындай  ақпараттармен бөліскен орталық сайлау комиссиясының төрағасы әкімдерге қызметтік куәліктерін  табыстады.

Ел бастаған еріне ақ жол тілеу – ата дәстүріміз екені аян. Сол бір сара салтымыз негізінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеулес Ұзақов жаңа сайланған әкімдерге ақ бата беріп, олардың қызметіне толағай табыс тіледі. Жиналысты қортындылаған аудан әкімі Әлібек Жақанбаев бұл жолғы  халық дауыс берген округ әкімдері сайлауының өте маңызды қадам екендігін, ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартпай, тұтастай ел экономикасын көтеру қиындығын, онда қордаланып қалған мәселелер аз емес екендігін тіліне тиек етті. Аудан  басшысы соңғы кезде жиі көтеріліп жүрген жайылым, шабындық жерлер мен сапалы ауызсу, жол, медицина саласындағы маман тапшылығы, ауыл мәдениеті мен спортын дамыту мәселелері жаңа сайланған әкімдердің назарында болу керектігін айтты.

–  Әкім, ең әуелі тұрғындардың көңілінен шығу керек. Барлығын дұрыстап түсіндірсе, халық әкімге сенім артады. Бізде кей округ әкімдері жұртшылықпен жүре  сөйлесіп, олардың мұң-мұқтажына көңіл бөлмейді. Бұл мәселеге селқос қарауға болмайды. Әкім қашанда халық пен билік арасындағы дәнекер болуы қажет. Ол әрдайым көптің көкейіндегі өзекті мәселелерді шешуге тер төгуі тиіс. Осы кезекте сайланған әкімдер «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде жұмыс атқаратын болады. Сол себепті сіздерге жаңа міндеттер  жүктеліп, заман сұранысына сай өзгеше талаптар  қойылады. Сіздерді елге адал қымет етіп, көптің сенімінен шығады деп сенеміз, –  деді аудан әкімі.

Ерзат АСЫЛ

Оқылды 1131 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет