Бейсенбі, 05 Тамыз 2021 10:56

Алғашқы қоңырау: салтанатты шара тек бірінші сынып оқушылары үшін өтеді

Пандемия жағдайы елдің денсаулық сақтау саласымен қоса, білім беру ісінде сын тезіне салды. Өткен оқу жылы онлайн форматта өтіп, білім сапасы төмендегені жасырын емес. Араға бір ай салып, жаңа оқу жылы есігін айқара ашқалы тұр. Биылғы жылғы ахуал қандай болмақ?

Алматы облысында 446 мың оқушы мектеп қабырғасында білім алады деп күтілуде. Оның ішінде 46,5 мың бөбек алғаш рет мектеп табалдырығын аттамақ. Оқу жылындағы басты мәселе-кітап. Биыл бірінші сынып оқушылары үшін 48 407 оқулық жиынтығы сатып алынған. « Информатика» пәні бойынша жаңа оқулықтарды 3 сыныптың 47669 оқушысы, 7 сыныптың 43579 оқушысы, 8 сыныптың 40902 оқушысы алады.
Айта кетейік, оқулықтар 12 баспадан жеткізіледі. Барлық мектепте әр сыныпқа оқулықтарды беру үшін күні мен уақыты көрсетілген.
Жаңа оқу жылындағы жаңалықтарға келер болсақ, бірінші сыныпта "Әліппе", "Ана тілі", "Букварь", "Сауаттылыққа оқыту", "Цифрлық сауаттылық" пәндері енгізіледі.
Қаперлеріңізде болсын, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау мақсатында салтанатты жиын тек бірінші сынып оқушылары үшін өткізіледі.

«Пандемияға дейін мектеп формасын кию міндетті болды. Бірақ өткен жылы барлық жағдайларды ескере отырып, оқушыларға мектепке тек мектеп формасында ғана емес, сонымен қатар классикалық стильдегі киімде де келуге мүмкіндік беретін шешім қабылданды. Биылғы оқу жылында тағы бір жылға мектеп формасын киюді міндетті емес ету туралы шешім қабылданды. Балалар уақытша, тек келесі оқу жылында мектепке мектеп формасында ғана емес, сонымен қатар классикалық стильдегі киімде де бара алады», - Алматы облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Сәуле Нұрханқызы.

Оқылды 1049 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет