Бейсенбі, 26 Тамыз 2021 14:37

Дүниедегі шын бақыт – өзгеге қуаныш сыйлау

Жақсылық жасап жарысқан

Жақынды, досты аяла,

Қанатың сонда талмайды.

Барыңды жұрттан аяма,

«Жақсылық жерде қалмайды» демекші, балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу – әрбір адамның азаматтық парызы. Жомарттық – жанның байлығы. Мұндай қасиетке ие болған кісі жақсылық жасауды көңілі қалап, көпшілікке қолұшын беруге дайын тұрады.

Қазіргі қоғамдағы қайырымды жандардың істері көмек-ке мұқтаж жүректерге  үміт отын ұялатады. Осындай қайырымды істерімен оқуға құштар балаларға қол ұшын созған ҚР ІІМ көліктегі полиция департаменті Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімі және  ҚР ІІМ Алматы қаласы ПД екінші арнайы бөлім басшысының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Нұрлан Жексенов «Мектепке жол» акциясында белсенділік танытып, көпшіліктің алғысын арқалады. Акция барысында «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі 15 оқушыны мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Ұстаздар мен ата-аналар қауымы жомарт жанға алғысын білдірді. 

Н.КИСТАУОВА,

математика пәнінің мұғалімі.

***    ***    ***

«NurOtan» партиясының «30 игі іс» жобасы және республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында аудандық мәслихат депутаттары мектеп оқушыларына сыйлық жасап, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.

Аудандық мәслихат депутаты Мира Қонысбае-ваның ұйымдастыруымен ұстаздар қауымы және кәсіпкерлердің демеушілігімен Саймасай ауылын-дағы аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан 32 оқушыға мектеп формалары мен қажетті құрал-жабдықтар табысталды.

Аудандық мәслихат депутаты Бекболат Алтаевтың ұйымдастыруымен Шелек орман шаруашылығының ұжымы Шелек ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің оқушысын киім-кешекпен, оқу құралдарымен толық қамта-масыз етті.

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев аталған қайырымдылық акциялары алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтты.

С.НҰРАДИН.

***    ***    ***

Жаңа оқу жылы қарсаңында аз қамтылған отбасыларды қолдау әрқашан басты назарда. 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы  және Конституция күніне орай «Мектепке жол» акциясы аясында Қырбалтабай ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Агро Балтабай» ЖШС-нің өкілдері демеушілік жасап, 20 оқушыға мектеп сөмкелері мен оқу құралдарын тапсырды.

Қырбалтабай ауылы жанындағы мал шаруа-шылығын дамыту бағытында жұмыс бастап отыр-ған мекенің ұжымына ата-аналар, оқушылар алғыс білдірді.

 

Д.ЕЛІКБАЕВА,

жастар ісі жөніндегіәдіскер-нұсқаушы.

Оқылды 1551 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Жалған ақпарат – жасырын қауіп Қасірет қайталанбасын »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет