Сәрсенбі, 25 Тамыз 2021 17:18

Жалған ақпарат – жасырын қауіп

Ақпарат жылдамдығы   адам сенгісіз дамыған заманда кез келген хабар мен мәлімет бұқараға оңай әрі жылдам тарайды. Оның дұрыс-бұрыстығы анықталмай жатып, көпшілікке жария болатын орта – әлеуметтік желілер мен мессенджерлер. Толассыз жөңкілген ақпарат ағыны адамдарды сан алуан сана толқынысына әкеп соғады. Қазіргі ақпараттық технология дәуірінде біз күніне жүздеген ақпаратты қабылдайды екенбіз. Ал солардың ішінде алып-қашпасы қайсы, ақиқаты қайсы, оны дер кезінде ажыратудың  қиындағы  тағы  бар. Соның салдарынан ел арасында түрлі әңгіме тарап, қоғамды дүрліктіріп жатады. Елімізде короновирус дерті дендеп, халық әбігерге түсіп жатқанда жалған ақпараттар да жағадан алып, елдің есін шығарып жатқаны жасырын емес.

Бүгінде жер бетіне жұқпалы індет таралғалы  жалған ақпарат желдей жүйткуде. «Жақында бәрімізге чип салады екен. Сол арқылы бізді бақылап отырады және чип арқылы өздеріне бағындырып, қалаған жағына жұмсай алады екен» немесе «Вакцина мен чип бірге салынады» деп, айды аспаннан бір-ақ шығартындардың қатары көбейді. Тіпті бұл ақпаратқа сенушілер азаяр емес. Соған сай, президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы шілде айының басында пандемияға байланысты жасаған үндеуінде жалған ақпарат таратушыларға арнайы тоқталды.

– Осындай күрделі жағдай кезінде ел арасында көптеген жалған әңгімелер тарауда. Теріс ақпарат таратып жүрген арам пиғылды адамдардың әрекеттері орын алуда. Өкінішке қарай, кейбір азаматтар жалған ақпаратқа сенетін болды. Сонымен қатар тағы бір маңызды мәселе, дәрігерлеріміз бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтарға нақты, бірізді мәлімет беруі керек. Дертті емдеудің неше түрлі жолдарын көрсетіп, адамдардың денсаулығына қауіп төндіруге болмайды. Бұндай әрекеттерге тосқауыл қою керек. Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес, жалған ақпарат таратқан адам жауапқа тартылады. Құқық қорғау органдары ел ішіндегі осындай жөнсіздікке қатысты қатаң шаралар қолданатын болады, – деген еді мемлекет басшысы.

Сөздің шыны керек, ел президентінің алаңдайтындай-ақ жөні бар. Себебі жалған ақпараттар легі пандемия кезінде тіпті өршіп кетті. 2020 жылы  шілде айының басында әлеуметтік желілерде «Вирусты ұшақ арқылы ауаға шашады екен. Соның салдарынан адамдар қырылып жатыр» деген мәтін мен ауаға қызғылт түсті зат шашып жүрген ұшақтың бейнекөрінісі тарап кетті. Іле-шала Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мәлімдеме жасап, бұл АҚШ-тағы өрт сөндіруші ұшақ екенін, елімізге ешқандай қатысы жоқтығын айтып, халықты ондай ақпараттарға сенбеуге шақырды. Әрине, мұның бәрі ақпаратты толық зерттемегеннен, білімсіздіктен орын алып отыр. Сондықтан кезкелген ақпаратты бірден қабылдамай, ақылға салып, сүзгіден өткізген дұрыс.Ал 2018 жылы «Kaspi bank» банкротқа ұшырайды» деген хабарға иланған жүз мыңдаған салымшы депозиттеріндегі ақшаны шешіп алу үшін ұзын-сонар кезекке тұрды. Банк басшылығы мұның жалған екенін айтып шыр-пыр болды. 

Әлеуметтік желілерлерде әншілер арқылы конкурс өткізіп, халықтың ақшасын жинап, қашып кеткен пысықайлар да жалған ақпарат таратудың арқасында қалталарын қалыңдатып алды. Ал оған сеніп, ақша салған қарапайым халық сан соғып қала берді.

Демек, бұдан шығатын қорытынды кез келген жалған ақпараттың артында белгілі бір адамның немесе топтың жеке мүддесі, бас пайдасы жатады. Жалған ақпараттың жолын кесудің бірден-бір жолы – жауапты мекемелер мен құқық қорғау органдарының тез арада халықпен кері байланысқа шығуы. Егер ауданда, ауылда елді елең еткізген ақпараттар тарала қалса, жергілікті полиция бөлімі болсын, әкімдік болсын, халыққа дер кезінде хабарлап, ресми ақпарат беріп отырғаны дұрыс. Сонда ғана жалған ақпараттың жолы кесіледі. Таралған күннің өзінде халық құзырлы органдардың ресми ақпаратына сенеді де, ақпарат таратушының сөзі зая болады. Яғни халыққа ашық әрі анық ақпарат беріп отырған абзал. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы да осы негізде қалыптасса керек.

Елде кейінгі екі аптада күн сайын 8 мыңға жуық Covid жұқтырғандар тіркеліп, өлім-жітім көбейді. Мамандар мұны әлемге тез тараған «Дельта» штамымен байланыстырады. Жақындарынан  айырылып, жанары  жасқа толғандырдың бір парасы  қаза тапқандардың «Коронавирус тарап жатыр» деген шынайы ақпартқа сенбегендерін айтады.  Ол жандар шындыққа нанса, жарық дүниеге тым ерте қош айтпас па еді, кім білсін? Қалай десек те, жалған ақпараттың жасырын қауіп екені –шындық.                                

 

Ерзат АСЫЛ.

Оқылды 1237 рет

Соңғы жаңалықтар

Маус 30, 2025

Тазалық тәртіптен басталады

Табиғат – Жаратушының ең көркем жаратылыстарының бірі. Адам күнделікті күйбең тіршіліктен…
Маус 26, 2025

Начало было в 30-х продолжение в…

Если театр начинается с вешалки, завод с проходной, то газета – с людей и событий,…
Маус 26, 2025

Ақпарат айдынында

28 маусым күні елімізде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні аталып өтеді.…
Маус 26, 2025

Көз көрген

1992 жылы Тәуелсіздігімізге жыл толды. Өзіміздің Ата заңымыз, Ел басымыз, Мемлекеттік…
Маус 26, 2025

Мемлекеттік қызмет – мәртебелі…

Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен…
Маус 26, 2025

МВД: Пранки не повод нарушать закон

Министерство внутренних дел обратилось к "пранкерам", передает Polisia.kz. - Уважаемые…
Маус 26, 2025

ІІМ: Пранктар заң бұзуға себеп емес

Ішкі істер министрлігі пранк ұйымдастырып, контент жасайтын азаматтарға үндеу жасады, -…
Маус 25, 2025

Жазғы шомылу маусымы: жағажайлардың…

Алматы облысында жазғы шомылу маусымының басталуына байланысты су айдындарының…
Маус 24, 2025

Алматы облысы әкімінің өкімімен…

Бақытнұр Бақытұлы 1986 жылы туылған, білімі жоғары, 2008 жылы Нархоз университетін…

Күнтiзбе

« Шілде 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет