Жұма, 27 Тамыз 2021 09:52

Қасірет қайталанбасын

Қазақ даласына үлкен қасірет әкелген – Семей полигонының жабылғанына 30 жыл толды. Сынақтар тоқтаса да, зардабын адамзат осы уақытқа дейін тартып келеді. Кейбір дереккөздерге сенсек, ядролық сынақ аумағында тұрған 1,5 млн азамат полигонның қасіретін көрген. Ауаға тараған радиоактивті жауын 304 мың шаршы шақырымға жайылған. Ал, Семей экологиялық апат аймағына айналды.

Тәуелсіздікке қол жеткізген тұста елдің бірінші мақсаты – ядролық қарудан бас тарту болды. Алайда, ол шешім оңайға соққан жоқ. Кеңес одағының басшылығы АҚШ атом бомбасын пайдалану арқылы соғысқа дайындалып жатыр деген күдікпен, 1947 жылы  Қорғаныс министрлігі №2 оқу полигонын құру туралы құпия қаулыға қол қойды. Оның мақсаты ядролық қаруды сынақтан өткізу еді. Қауіпті аймақ Ертіс өзенінің сол жағалауында, Семей қаласынан 130 шақырым жерге салынды. Тек 1949-1963 жылдары жалғыз Семей полигонында сынақтан өткізілген жарылыстардың күші Хиросимаға тасталған ядролық бомбадан 2500 есе жоғары болған екен.

Кеңес заманында барлық жарылыстар аса құпия ұсталды. Десе де, ашық дереккөздердің мәліметінше, Семей полигоны аймағында  40 жыл ішінде 460 ірілі-ұсақты сынақтар өткізілген. Ядролық қарудың зардабын білген сол кездегі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен полигон есігіне құлып салынды. Бұл жайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстан ширек ғасырдан бері тұтас жер беті бейбітшілікке бөлену үшін бар күш-жігерін салып келеді. Біз қуаты жөнінен әлемде төртінші орынға ие ядролық қарудан өз еркімізбен бас тартқан елміз. Әлемдік қауіпсіздікті нығайту жолында көптеген тың бастамалар көтердік. Бұл – Қазақстанның бейбіт бастамалары жер бетіндегі барша елдің мүдделеріне сай келетінін және олардың қолдайтынын көрсетті» – деген еді.

Талай жанға қасірет әкелген Семей полигонындағы соңғы сынақ 1989 жылдың қазанында болған.  Бірақ, арада 30 жылдан астам уақыт өтсе де радиацияның уыты әлі күнге дейін шашылып келеді. Аймақта радиация қаупі жоғары. Ал, жыл сайын алғаш ядролық сынақ өткізілген 29 тамыз күні «Халықаралық ядролық қарудан бас тарту күні» болып атап өтіліп келеді.

Полигонда еңбек еткен құрылысшылар, әскери мамандар мен ғалымдардың уақытша тұрағында сол уақыттың бірде-бір картасында көрсетілмеген кішігірім қала бой көтерді. Қазір бұл жерде Қазақстанның Ұлттық Ядролық орталығы орналасқан. Мекеме мамандары қаңырап бос қалған полигоннан топырақ сынамаларын алып, улы заттардың мөлшерін, таралуын тексереді.

Осы жарылысты көзімен көрген жандардың ішінде біздің ауданымыздың тұрғындары да бар. Сол полигон зардабын жоюға қатысқан Камунар Сайдинов жайында аз-кем әңгіме қозғамақпыз. Камунар Музаперұлы 1977 жылы 29 қарашада Семей полигонына Отан алдындағы борышын атқаруға барған. Сол жерден оны Курчатов қаласына жібереді. Курчатовта екі жыл бойы жарылғыш заттарға орын даярлау және радициядан қалған қалдықтарды тазалаумен айналысқан. Тұрғындардың басқа жерге қоныс аударуларына қолұшын созып, қолдау көрсеткен. «Зиянды апаттың елімізге үлкен қайғы-қасірет әкелгендігін енді сезінгендейміз», – дейді зұлмат күндерді есіне алып. Ендігі болашақтағы біздің тілеуіміз ондай апаттың елімізде болмауын қалаймыз. Еліміз тыныш, жұртымыз аман, көк Туымыз биікте желбіресін деген тілегін білдіреді.

Күллі адамзат қоғамына кесапат әкелер ядролық сынақтар енді орын алмаса екен, еліміз де, жеріміз де аман, жұртымыз тыныш болын. Дүниеде табиғат тепе-теңдігін сақтағанға, тыныштыққа, бейбітшілікке жетер не бар десеңізші?!

                

Нұргүл САБАҚАНОВА

Оқылды 797 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет