Бейсенбі, 09 Қыркүйек 2021 11:06

Кемел келешек кепілі

Кемел келешек кепілі mezet

Өткен аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты кезекті Жолдауын жариялады. Маңызды құжатта Президент елімізді дамытуға бастайтын негізгі бағыттарды айқындап, қазақстандық қоғамды жаңғыртуды жалғастыруға арналған жаңа мүмкіндіктерді көрсетті. Осы аптада аудан әкімі Әлібек Жақанбаев аудан активімен Жолдауды талқылап, негізгі бағыттар бойынша тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар берді.

Аудан әкімдігінде өткен жиынға мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, аудан әкімінің орынба-сарлары, басқарма, бөлім басшылары, этно-мәдени бірлестік төрағалары келді, округ әкімдері онлайн қатысты.

Алғашқы болып сөз кезегін алған Әлібек Әскербекұлы пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму жайлы сөз қозғап, орынбасарлары  А.Досымбаевқа, Д.Нұрғисановқа және кәсіпкерлік бөліміне ауданға инвестициялар тарту жоспарын жасауды тапсырды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында бүгінгі күнде аудан бойынша 14 жоба 4 млрд 556 млн теңгеге  және «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында 53 жоба 262 млн теңгеге қаржыландырылған. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жалғасу керектігін тапсырды аудан басшысы.

Сонымен қатар шағын және орта кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық салаларын, азаматтарды тұрғын үймен қамтуды жандандыру керектігін айтты:

– Шағын және орта бизнеске «Ashyq» жүйесі 906 объект енгізіліп, жұмыстар жалғасуда. Бұның өзі кәсіпкерлерге кедергісіз жұмыс істеуге мүмкіндік беріп отыр.

Ауылдарда шағын және орта бизнесті грант жүйесімен қаржыландыруды  99 адам алып 57,7 млн теңге бөлінді және жылдың аяғына дейін 140 адамға жоспарланып, 81,7 млн теңгеге жүргізуді жалғастыра береміз.

Болашағы зор елді мекендердің дамуына басты назар аударамыз. Инфрақұрылымдық жоба-ларының іске асырылуын тұрғындар жағынан бақылауды он есе ұлғайту қажет. Ал әкімдердің міндеті – инфрақұрлымдық жобаларды қабылдау.

Аудан әкімінің орынбасары А.Ваисов, құрылыс бөлімі Есік қаласы мен  ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп 60 пәтерлік 3 тұрғын үйдің құрылыс  жұмыстарын уақытылы аяқтауын тапсырамын. Қазіргі кезде тұрғын үй кезегінде 3334 адам тұр.

Азық-түлік тауарларының бағасын белгілеудің және оны бөліп-таратудың тиімсіз жүргізілуінен бағаның шарықтап кетуі байқалуда. Сонымен бірге өнім өндірушіден тұтынушыға дейінгі аралықтағы бағаның бәріне бірыңғай бақылау жасау қажет.

Ауа-райының қолайсыздығы мал шаруашылығында түйткілді мәселелер бар екенін көрсетті.Сондықтан, осы салаға жауапты аудан әкімінің орынбасары Б.Би-меновке және ауыл шаруашылық бөліміне өнімді ысырапсыз жинап алуды және күзгі жиын-терін науқанын уақытылы аяқтауды тапсырамын. Мал қыстатуға дайындықты және мал азығын дайындауды қамта-масыз ету керек. Субсидиялау тәсілдерін қайта қарап, тұрақтандыруымен шағын және орта шаруашылықтар үшін субсидия толығымен қолжетімді болуы керек. Ауданда жем-шөпті және көкөністерді сақтау үшін сервистік – дайындау орталығын құруды қолға алып, жалғастыру керек. Бүгінгі таңда Ақши ауылдық окру-гінде бұл мақсатқа 10 га жер телімі бөлінген.

Тағы бір маңызды мәселе – алдағы он жылдың ішінде жаһандық деңгейде су ресурсының тапшылығы болады деген болжам бар. Жалпы ауданда 85 617 гектар егістік жер болса, оның 4061 гектарында тамшылатып суару жүйесі пайдаланылады. Осы бағытта тиісті жұмыстарды жүргізіп, тамшылатып суару жүйесін ұлғайтуды қамтамасыз етуін тапсырамын. Елімізде суды үнемдеу технологияларына кө-шу үдерісі жүріп жатыр. Ауыл шаруашылық бағыттағы ауданымыз да осы жүйені ұтымды пайдалану қажет – деді Әлібек Жақанбаев.

Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар шаш-етектен. Өз сөзінде аудан әкімі соның бір парасына тоқталып өтті. Айтуынша, коронавирус денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сынақ болған. Әлемді жайлаған індеттің беті әлі қайтар емес. Сондықтан, медицина саласына бағытталған қаражат инфрақұрылымға, маман даярлауға және халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жұмсалуы тиіс. Осыған жауапты аудан әкімінің бірінші орынбасары А.Бидаевқа, Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы аурухана мен Шелек аудандық аурухана басшыларына коронавирустік инфекциямен күресті босаңсытпай жалғастыру керектігі айтылды. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында ауданаралық көпсалалы ауруханасына 1 магнитті-резонанстық бей-нелеу (МРТ) және Шелек ауылдық ауруханасына 1 компьютерлік томография (КТ) сатып алу жоспарлануда. Сонымен қатар, аудан басшысы жоғары жалақыға қарамастан білікті дәрігелердің жетіспеушілігі байқалатынын айтты. Сондықтан бас дәрігерлер білікті мамандармен үлкен жауапкершілікпен жұмыс істеу керектігін жеткізді.

Денсаулық кепілі – спорт екенін алға тартқан Әлібек Жақанбаев бұл бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар мен келешектегі жоспарларды тізіп өтті. Сөзіне сүйенсек, аудан тұр-ғындарына спортпен айналысуға барлық жағдайлар жасалуда. Биылғы жылы 19 стрит варкаут, 15 шағын футбол алаңдары, Есік қаласындағы орталық стадион күрделі жөндеуден өткізілмек, инвесторлардың тарапынан жүзу бассейнінің құрылысы жүргізілуде және Шелек ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарлануда.

Сапалы білім беру және өңірлік саясатты жетілдіру бойынша да жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар жүктелді.

– Биылғы қаңтар айынан бастап білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға көбейді. Бұдан бөлек, аудан аумағында білім беру саласын дамытуға бағытталған шаралар жемісін беріп жатыр. Педагогикалық мамандықты қалап, оқуға түскендердің орташа балы айтарлықтай өсті. Біз ұстаздарды қолдау саясатын жалғастыра береміз. Аудан әкімінің бірінші орынбасары А.Бидаев, білім бөлімі ұстаздардың кәсіби біліктілігін көтеріп, моральдық-материалдық ынталандыру жағынан қолдауды жалғастыруы тиіс.

Мемлекет басшысы атап өткендей, мектептерде оқушыларға орын жетпеу фактілері байқалуда. Сондықтан,  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылдың аяғына дейін елімізде 1000 мектеп салынатынын айтты. Бұл мәселе біздің ауданда да бар. Осыны ескеріп алдағы жылдарда ауданымызда мектеп құрылысын жандандыруымыз керек. Қазірдің өзінде Есік қаласында 1500 орындық және Ташкенсаз, Қайыпов, Төле би ауылдарында мектеп ғимараттары салынуда.

Бүгінгі таңда жаңа оқу жылын дәстүрлі түрде, яғни оффлайн режимінде бастадық. Осыған байланысты балалар мен ұстаздар денсаулығын қауіпсіздендіру үшін қажетті санитарлық-дезинфекциялық заттармен қамтамасыз етіп, ұстаздарды 100% вакциналаудан өткізуді тапсырамын.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» басты қағидаты – мемлекеттік аппарат азаматтар мүддесі үшін жұмыс істеуге тиіс. Тұрғындармен тікелей қарым-қатынас жасап, олардың проблемаларын шұғыл шешуді үрдіске айналдырамыз. Аудан әкімі аппаратының басшысы М.Мемелбеков Есік қаласы мен ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп жергілікті атқарушы органдарды оңтайландыруды жүйелі жүргізу керек. Мемлекеттік басқару аппараты ашық форматта жұмыс істеп, тұрғындар талабын толықтай ескеріп отыру керек. Бұл жұмыста әлеуметтік сұраулар мен басқарушы органдардың жұмысын бағалау көп көмек көрсететіні анық – деді Ә.Жақанбаев.

Бұдан бөлек өз баяндамасында азаматтардың қоғамдық қауіпсіздігін нығайтуды тапсырды. Ол үшін жыл соңына дейін Есік қаласының аумағына 150 бейнебақылау камерасы орнатылады. Келер жылы бұл жұмыстар Шелек ауылында жүзеге аспақ.

Этносаралық, конфессияаралық қатынастарды дамыта отырып, бірлік негізінде мемлекеттік тілдің, басқа да тілдердің дамуына жағдай жасалады. Сонымен қатар, мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту ерекше назарда болмақ.

Шара барысында Шелек ауылындағы аудандық аурухана меңгерушісі Гүлнар Құраметова, облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкер Болатжан Нұрбеков, бокстан ҚР спорт шебері, халықаралық дәрежедегі төреші, «Болашақ» бағдарламасының степендиянты Тілек Манап, Нұра ауылдық кітапханасының кітапханашысы Клара Есімова Жолдау бойынша өздерінің пікірлерін ортаға салып, Жолдауда көрсетілген басым бағыттар – еліміздің кемел келешегінің кепілі екенін айтты.

 

С.НҰРАДИН

Оқылды 814 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « COVID-19: Аудандағы ахуал Тіл байлығы – ел байлығы »

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…
Қар 14, 2024

ҚМА еріктілер қозғалысының…

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет