Бейсенбі, 14 Қазан 2021 12:07

Құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Жуырда аудан әкімі Әлібек Жақанбаев Шелек өңірі мен Есік қаласындағы құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан бірқатар нысандарды аралап қайтты. Құрылыстың қай-қайсысы болса да сапалы әрі уақытылы атқарылуы керектігін айтып, ескертулер жасады.

Ең әуелі аудан әкім Шелек ауылында салынып жатқан 60 пәтерлі тұрғын үйге барды. Мердігер мекеме «Асан М-Компани» ЖШС-і тұрғын үй құрылысын ақпан айында бастағанымен, түрлі қаржылық қиындықтар мен материалдардың тапшылығы жұмыстың қарқынды жүруіне тұсау салған көрінеді. Қазір аталған 60 пәтерлі тұрғын үйдің іргетасы мен жертөле қабырғаларының жұмыстары аяқталған. Бүгін ондағы құрылыс жұмыстары тұралап қалған көрінеді. Сол себепті  Әлібек Әскербекұлы Шелек ауылдық округінің әкімі Сәкен Абдыхалиевке тұрғын үй құрылысын қадағалауды тапсырды. Ал  «МОНОЛИТ» ЖШС-і мердігер болған Шымболатов атындағы саябақ пен округ әкімдігі ғимаратының  айналасын  абаттандыру жұмыстары ойдағыдай жүргізілуде. Аталған құрылыстар желтоқсан айына дейін толығымен аяқталады деп күтілуде.

Бүгінде аудан орталығын абаттандырумен бірге бірқатар инфрақұрылымдық жобалар қолға алынған. Әлібек Әскербекұлы аудан орталығының тыныс-тіршілігіне өзгеше өң беру үшін жасалып жатқан игі істердің аяқ алысын бақылау мақсатында Есік қаласындағы жаңа құрылыс нысандарына ат басын бұрды. Аудан басшысы қаланың төменгі жағындағы 8 метрлік көше сағатының құрылыс барысымен танысты. Бюджеттен 8 миллион теңге бөлінген жобаның басым бөлігі еңсерілген. Жобаға сай көше сағатының маңы абаттандырылады. Мердігер мекеме өкілдерінің сөзіне қарағанда, қарашаның соңына қарай жұмыс толығымен аяқталмақ.

Келесі қадамда аудан әкімі үшінші ықшам ауданды абаттандыру жұмысымен танысты.

Бюджеттен 100 миллион теңге қаржы қарастырылған бұл жобаның мердігерлері «SMK SHEBER» ЖШС-і мен  «Хадид» ЖШС. Аталған ықшам ауданды абаттандыру жұмысы аясында М.Ысқақ көшесіне асфальт төселіп, жаяу жүргіншілерге арнайы жол салынбақ. Жол жиегіндегі үйлердің маңына шағын ойын алаңдары бой көтеріп, автотұрақтар да назардан тыс қалмайды. Сонымен қоса, аталған көшеге шамдар орнатылады.

Алтын адамның ата мекені болған Есік қаласында тарихымыздан сыр шертіп, Тәуелсіздігімізді тәу ететін еңселі  ескерт-кіштердің бой көтеруі көп көңілін шаттандырса керек. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қазақ мемлекетінің іргетасын қалаған Керей мен Жәнібек хандарға арналған  тұғыры биік ескерткіш қала орталығынан бой көтермек. Бюджеттен 69 миллион теңге қаржы  жұмсалған ескерткіш пен саябақ құрылысына жауапты «А.С. Sapa Kurylys» ЖШС-і өкілдері жыл соңына дейін жобаны тас-түйін  дайын етеміз дейді. Аталған жоба аясында ескерткіш маңындағы  саябаққа гранит тастар төселіп, көшеттер отырғызылады. Айнала толық түрлі-түсті шамдармен безендіріліп, субұрқақ орнатылып, аумақ абаттандырылады. Аудан басшысы Әлібек Жақанбаев жаңадан салынған және күрделі жөндеуден өтіп жатқан нысандарды аралау барысында атқарылған құрылыс жұмыстарын саралап, әкімдер мен сала басшыларына және мердігер мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді.

 

Е.АСЫЛ.

Оқылды 1099 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Еңбекшіқазақ-2022 Айтып келмес апатпен күресу оңай емес »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 04, 2026

9. Конституциялық өзгерістер…

Конституциялық өзгерістер жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға жол ашады. Бұл…
Ақп 04, 2026

7. Жаңа Конституция заң үстемдігін…

Жаңа Конституция заң үстемдігін нығайтып, барлық азаматтың заң алдында тең екенін нақты…
Ақп 04, 2026

Жаңа Конституция жайлы

Конституциялық реформалар әлеуметтік мемлекет қағидатын нақтылай түсті. Мемлекет…
Ақп 04, 2026

Жаңа Конституция жайлы

Жаңа Конституция әділ сот жүйесін қалыптастыруға бағытталған маңызды нормаларды қамтиды.…
Ақп 04, 2026

4. Реформалар адам құқықтарын…

Реформалар адам құқықтарын қорғауды мемлекеттің басты міндеттерінің бірі ретінде…
Ақп 04, 2026

Жаңа Конституция билік тармақтары…

Жаңа Конституция билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтауға ерекше мән береді.…
Ақп 04, 2026

Жаңа Конституцияға енгізілген…

Жаңа Конституцияға енгізілген реформалар елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған…
Ақп 04, 2026

Конституциялық реформалардың басты…

Конституциялық реформалардың басты ерекшелігі – халықтың мемлекет басқару ісіне қатысу…
Ақп 04, 2026

Конституциялық реформалардың басты…

Конституциялық реформалардың басты ерекшелігі – халықтың мемлекет басқару ісіне қатысу…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет