Дүйсенбі, 18 Қазан 2021 10:39

Айтып келмес апатпен күресу оңай емес

Табиғаттың төрт мезгілі кезек төркіндеп кететін қазақ жеріне көктем жетсе, кей елді мекендерді сең басып, сел шаю, қыста көшкін, жазда тасқын қаупі туатыны шындық. Құзы мен қиясы, жары мен жаламасы көп Алатауды алты айналып «айтып келмес» апаттардың алдын алу үшін тер төгіп жатқан төтенше жағдайлар қызметінің  ерлігін әсте елеусіз қалдыруға болмайды. Біз төтенше жағдайлар қызметкерлерінің күніне орай ТЖМ «Қазселденқорғау»

ММ филиалы Іле-Алатау

аумақтық пайдалану-техникалық басқармасының басшысы

 Еркін Ахметовтен аталған салада атқарылып жатқан істер мен өзге де міндеттер  жайында әңгімелескен едік.

– Деректерге үңілсек, ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ-нің филиалы ІААПТБ-ы 2019 жылы  құрылыпты. Бүгінде бұл мекеме білікті мамандармен толығып, техникалық базасы нығая түскен шығар...

– Оныңыз рас, филиал 2019 жылы құрылды. Бүгінде Қарасай, Жамбыл, Талғар, Еңбекшіқазақ, Кеген, Райымбек аудандары осы филиалға қарасты аумақ саналады. Қазір төтенше жағдайлар минстрлігінің пәрменімен кадрлық мәселелер оң шешімін тауып, техникалық базамыз нығайып келеді. Осыған сай мүмкіндігімізше өз міндетімізді адал атқаруға күш салып келеміз.

– Сіздерге нақты қандай міндеттер жүктеледі?

– Әрине, селден қорғау мекемесі болғандықтан сел қалай пайда болады? Оның қаупі қандай? Халықты сел қаупінен қалай сақтау керек? Осындай сұрақтардың оң шешімін табуды басты міндетіміз санаймыз. Сонымен қоса топырақ көшкіні мен қар көшкінінде назардан тыс қалдырмаймыз. Бізде маусым айынан қыркүйектің бел ортасына дейін селдің қауіпті кезеңі саналады. Бұл біз үшін ең ауыр әрі күрделі кезең. Бірақ  қалған маусымдарда да қол қусырып қарап отырмаймыз. Біздің қызмет жыл бойы дамыл таппай жалғаса береді.

– Биылғы  жауын-шашыны көп көктем мен жаңбырсыз жазда селді ауыздықтауға қандай қадамдар жасалды ?

– Көктемгі дайындық өте маңызды екенін баршамыз жақсы білеміз. Көктемде төтенше  жағдайлардың алдын алу мақсатында біршама жұмыстар атқарылды. Ол тұста  көктемгі топырақ көшкіні мен селдің алдын алуға арнайы апаттық топ жасақталды. Аталған топқа үш техника беріліп, он арнаулы кәсіби маман жұмылдырылды. Олар ауданымыздағы барлық елді мекенде топырақ көшкіні мен селдің қаупін қадағалады.Бізге қарасты жоғарыда айтып өткен алты ауданда теңіз деңгейінен 2000-4000 метр биіктікте орналасақан  260-тан астам мұз көлдері бар. Оның ішінде  аудан аумағында  36 мұздық көл бар. Олардың 25-і Есік өзен алабында, 11 көл Түрген өзені алабында орналасқан. Тұрғындардың, шаруашылық жүргізуші нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қауіпті табиғи құбылыстардан, су тасқындарынан қорғау мақсатында жаз айларында маусымдық гидробекеттер құрылады. Ондағы бақылаушылар өзен мен көл суларының ағысы мен сыйымдылығын тәулігіне үш мәрте бақылайды. Сонымен қоса олар ауа райының түрлі өзгерістерінен де алдын ала мәлімет беріп отырады. Осы мәліметтерге сай өңірімізде түрлі апаттық жағдайлардың туындау қаупі сарапқа салынады. Сонымен қоса апатты жағдайдың алдын алуға бағытталған ақпарат қызметі де қолға алынған. Қандай да бір сел, не көшкін қаупі туындаса, жергілікті тұрғындарға алдын ала ескерту беріледі. Тіпті  топырақ көшкіні мен сел қаупі бар жерлерге арнайы ескерту тақталары орынатылған. Белгілі бір төтенше жағдайдың алдын алу үшін жергілікті әкімдіктермен тығыз байланыста жұмыс істеп келеміз. Былтырдан бері сел қаупін тудыратын Есік өзенінің биік таулы аумағында орналасқан № 22-23 көл мен Түргендегі  №1 көлдің су деңгейі төмендетіліп, екі өзен арнасындағы сел қаупін сейілттік. Қазір ауданымызда  селден қорғайтын  16 бөгет  бар. Оның бүлінгендері  күрделі жөндеуден өтті.

–  Алда келе жатқан кәсіби мереке қарасаңында өз әріптестеріңізге қандай ізгі тілек айтқыңыз келеді?

– Әрине, айтып келмес апатпен күресу оңай емес, осындай қиындықтарға қарамастан  тілсіз жаумен алғы шепте  айқасып  жүрген әіріптестерімді кәіби мерекесімен құттықтап, оларға зор табыс, отбасына бақыт тілеймін. Еліміз қауіп-қатерден аман болсын!

 

 Тілдескен

Ерзат АСЫЛ.

Оқылды 800 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…
Қар 14, 2024

ҚМА еріктілер қозғалысының…

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет