Сәрсенбі, 24 Қараша 2021 13:53

Елбасы Н.Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығы

Елбасы Н.Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығы Сурет интернеттен алынды

Елдіктің жеті тұғыры

Құрметті отандастар!

Біз Тəуелсіздіктің отыз жылдығын айтулы жетістіктермен қарсы алып отырмыз.

Қуатты елге айналып, бірлігі бекем қоғам құрдық.

Сындарлы саясат жүргізіп, əлеуеті зор нарықтық экономикалық жүйе қалыптастырдық.

Ең бастысы, бабаларымыз ғасырлар бойы аңсап өткен Тəуелсіздікке қол жеткізіп, елдігіміз қайта жаңғырды.

Əлем картасында Қазақстан деген егемен елдің ойып тұрып орын алуы үшін аянбай еңбек еттік.

Ендігі кезекте осы жетістігімізді еселеп арттыру ел ынтымағы мен тұтастығына байланысты.

Отыз жылда 9,5 миллионнан астам сəби дүниеге келді.

Олардың алдыңғы шебі орда бұзар отызға толып отыр.

Бұл – көзі ашық, көкірегі ояу, санасы азат, ойы озық жаңа буын. Мемлекеттілікті сақтап, Қазақстанды «Мəңгілік Ел» ету осы ұрпаққа жүктелетін тарихи миссия деп санаймын.

Осы орайда жаңа дəуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын ұсынамын.

Бұл – отыз жылдық белесті елмен бірге өткерген Елбасы ретіндегі менің жас ұрпаққа жолдар үндеуім деп қабылдаңыздар.

БІРІНШІ. Тəуелсіздік – кез келген азамат үшін ең қастерлі құндылық.

Тамыры терең тарихымызға құрметпен қарап, мемлекеттілігімізді қадірлеу, оны көздің қарашығындай қорғау – əрбір қазақстандықтың міндеті.

Жер жүзінде өз алдына дербестігі жоқ қанша ұлт пен ұлыстың барын ескерсек, еселі еңбекке арналған отыз жыл ұлт тарихында алтын əріппен жазылары анық.

Əлемде көлемі жағынан 9-орын алатын байтақ атырапты еншілеу Жаратқанның халқымызға берген баға жетпес несібесі деп білеміз.

Қазақтың барша арман-мақсатының орындалуы тек Тəуелсіз мемлекет, дербес ұлт жағдайында ғана мүмкін екенін ұмытпауымыз керек.

Тəуелсіздікті нығайту – экономиканы нығайту.

Бұл барша халықтың еңбегімен келеді.

Сондықтан жас ұрпақ ел игілігі үшін əрдайым еңбек етуге дайын болуы қажет.

ЕКІНШІ. Бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры.

Этникалық əр алуандық – біртұтас ұлт ретінде қалыптасқан халқымыздың артықшылығы.

Бүгінде бірлік пен этносаралық татулықты сақтау жолында отыз жыл бойы жүргізген сындарлы саясаттың жемісін көріп отырмыз.

Бір шаңырақтың астында тату-тəтті ғұмыр кешіп, татулық пен сыйластықты қамтамасыз етуде Қазақстан халқы Ассамблеясының əлеуеті зор.

Конституцияны қастерлеу, мемлекеттік тілді білу, ұлттық құндылықтарды қадірлеу – əр азаматтың парызы.

Бірлігімізді арттырып, ынтымағымызды күшейтсек қана елдігіміз нығайып, егемендігіміз баянды болады.

ҮШІНШІ. Жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы.

Жерден қасиетті ешнəрсе жоқ.

Қазақ үшін ел мен жер – тұтас ұғым.

Тарихымыздағы соғыс атаулының бəрі ел мен жерді қорғау үшін болған.

Біз Тəуелсіздікті жариялай салысымен шекарамызды құжат жүзінде бекітіп алуға күш жұмсадық.

Адамзат тарихында, тіпті қазіргі кезеңде де даулы территорияның соғысқа, қан төгіске алып келгенін көріп отырмыз (Таулы Қарабақ, Қырым, Грузия жəне т.б.).

Мен өскелең ұрпақты осындай қауіптен сақтап қалу үшін барымды салдым.

Енді ата-баба аманатына адал болып, ұланғайыр жерімізді қорғау, оны болашақ ұрпаққа мирас ету – біздің ортақ борышымыз.

ТӨРТІНШІ. Отбасы мен салт-дəстүр – қоғамның алтын діңгегі.

Отанға деген сүйіспеншілік – өз отбасыңа, ауыл-аймағыңа, еліңе деген махаббат пен жанашырлықтан басталады.

Отбасы – ұрпақ тəрбиесінің ұстаханасы, қоғамдық қатынастардың бастауы саналатын бірегей институт.

Жаһандану үдерісі тұрмысымыз бен салт-санамызға өзгеріс əкелгенмен, ғасырлар бойы қалыптасқан құндылықтардан бас тартуға болмайды.

Қай кезеңде де біз үлкенге – ізет, кішіге – құрмет көрсетуді дəріптейтін ата дəстүрімізді берік ұстануымыз қажет.

Отбасы институты əлсіреп, салт-дəстүріміз ұмытылса, ел болып қалуымыз екі талай.

Сол үшін дəстүрдің озығын алып, тозығын тастап, елдік болмыстың өзегін сақтай білуіміз керек.

Сонда ғана саналы ұрпақ тəрбиелейміз.

БЕСІНШІ. Ұлттық мəдениет – халықтың рухани тірегі.

Біз – тамыры тереңнен бастау алатын ұлы көшпенділердің ұрпағымыз.

Болмысы ерекше, рухани-мəдени мұраларға бай халықпыз.

Қазіргі таңда жаһандық бəсекеге қабілетті болу үшін бірегей ұлттық мінез, асқақ рух керек.

Мұндай қасиеттер тарихты білу, мəдени құндылықтарды тану арқылы келеді.

Өркениетті отыз елдің қатарына қосылуда материалдық құндылықтармен қатар, рухани байлықтың маңызы зор.

Сол үшін мəдениетімізді зерделеп, өзге жұртқа насихаттай білген абзал.

Басқа халықтарды тек өнер құдіретімен, ғылыми ізденіспен ғана мойындата аламыз.

АЛТЫНШЫ. Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті.

«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап» деп дана Абай айтқандай, біз тек өз біліміміз бен күшімізге сенуіміз керек.

Елімізде талантты əрі дарынды, алғыр да өжет жастар жетерлік.

Əлемнің алпауыт компанияларында жұмыс істейтін, халықаралық деңгейде ғылыми жаңалық ашқан, түрлі салада еңбегімен танылып жүрген жалынды жастарды көргенде ерекше қуанамын.

Бұл – біздің үмітіміздің ақталғаны.

Мен жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру туралы идеямда оның бес принципін – эволюциялық даму, ортақ жауапкершілік, өзара серіктестік, ынталандыру мен кəсібилікке ұмтылуды атап көрсеттім.

Онсыз кез келген қоғам көштің соңында қалуы мүмкін.

Ендеше табыстың кілті үздіксіз білім алу мен тынымсыз еңбек етуде.

Адал еңбек қана адамды мұратына жеткізеді.

Осыны жастардың санасына сіңіру қажет.

ЖЕТІНШІ. Прагматизм – бəсекеге қабілетті болудың кепілі.

Біз қолда бар ресурс пен мүмкіндікті пайдалануға, нəтижелі жұмыс атқаруға жəне көздеген мақсатқа тиімді қолжеткізуге тырысуымыз керек.

Қазір елімізде жастардың өзін өзі дамытуына, білімін жетілдіріп, сүйікті ісімен айналысуына мүмкіндік мол.

Сондықтан прагматизм принциптері бойынша барынша қанағатшыл, үнемшіл, ұстамды болып, уақытты орынды пайдалануға талпынған жөн.

Осылайша біз Тəуелсіздігімізді баянды етіп, ел тұтастығын сақтап, отбасылық құндылықтарды жаңғыртып, ұлт мəдениетін насихаттап, терең білім мен адал еңбекке ден қойған жасампаз ел боламыз.

ЕЛДІКТІҢ ЖЕТІ ТҰҒЫРЫ ДЕГЕНІМІЗ – ОСЫ!

 

Ардақты ағайын!

Алдағы 30 жыл – елдігімізді нығайтудың жаңа кезеңі болары хақ.

Ол əр азамат ұлтымыздың болашағы үшін жауапкершілікті өз мойнына алып, оны толық сезіне білген кезде жүзеге асады.

Елдің ең ірі саяси партиясы ретінде Nur Otan осы бағытта атқарылар істердің алдыңғы шебінде болуы керек.

Осындай игі жұмыстың басы-қасында жүру – билеуші партияның ұзақ мерзімді көшбасшылығының кепілі.

Ендігі кезекте осы мерейлі күнге жеткізген, ырысымызды арттырған Жаратқанға шүкіршілік етіп, ертеңге сенімді қадам басу қажет.

Рухымызды қайрап, еңсемізді тіктеп, бұдан да биік асуларға жету үшін жəне Тəуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы жолында тынбай жұмыс істеуге тиіспіз!

Біз кез келген сынақтан сүрінбей өтіп, жеңіске бірге жетеміз!

Тəуелсіздігіміздің отыз жылдық белесі құтты болсын!

Біз біргеміз!

Оқылды 574 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…
Қар 14, 2024

ҚМА еріктілер қозғалысының…

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет