Сейсенбі, 30 Қараша 2021 16:31

Қанатты жеңіс құдайы “Алтын НИКА” иегері

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы, Дүниежүзілік Қызыл Крест комитетінің Алтын медалі иегері, грек мифологиясындағы  қанатты  жеңіс құдайы “Алтын НИКА” статуэткасының иегері, Францияның Алтын Ордені және Грамотасы иегері, Дүниежүзілік психологтар, дәрігерлер, рухани және халық емшілері Ассоциациясы мүшесі, ҚР Денсаулық сақтау министрі «Қазақстанның Жұлдызды емшісі» белгісінің иегері, Құртқа тәуіп атындағы Дәстүрлі және рухани медицина Академиясының мүшесі Асқарбек Рахимов – саналы өмірін еліне, халқына арнаған азамат.

Асқарбек Рахимов 1935 жылы 1 сәуірде Алматы облысы Шелек ауданы Тескенсу ауылында дүниеге келген. Ол – шаруашылық жұмыста табандылықпен еңбек еткен, үнемі саламатты өмір салтын уағыздаған және қазақша күресті дамытуға  өмірін сарп еткен, сегіз қырлы, бір сырлы адам. Ширақ жүріс, қалыпты шабыс жинақы мінезге үйлесе кеткен. Табиғатынан о баста қонған ерекше қарапайымдылық, байыптылық пен байсалдылық аға тұлғасын шоқтықтандыра түседі. Табиғатынан ешкімге дауыс көтеріп сөйлемейді. Ал палуандық, күрес туралы әңгіме қозғалса, арқасы қозып кететіні бар.

1880 жылдарда Талғар өңірінде лақап аты «зымиян», Кузнецов деген орыс байы билік жүргізіп, оның рұқсатынсыз таудан ағып жатқан судан ел бір құлақ су алуға қорыққан. Бойы 2 метр, салмағы 350 келідей, ат көтере алмайтын болғандықтан пар ат жеккен кашаба арбамен жүреді. Сол «Күресте мені жеңген адамға байлығымның жартысын беремін» деп жар салып жүреді екен. Асекеңнің әкесінің Әйтен деген палуан ағасы бір күні Кузнецовпен белдесіп, орысты аспанға тік көтеріп, шыр айналдырады. Жерге бір-ақ ұрайын десе, өліп қала ма деп қорқып, бір жағынан «ұлтаралық достықты» ойлап ақырын орнына қоя қойған екен. Орыс Әйтекеңе  бір қап тары сыйлапты.

Жетісу өңірінде өткен  бір аста Тезек төре палуандар бәсекесіне бұқа палуанын шығарады. Әйтен Бұқа палуанның жауырынын әп-сәтте жерге тигізіп, басынан аттап кетіпті. Ызаланған бұқа палуан зұлымдық жасап, артынан аңдытып жүріп, шиті мылтықпен  Әйтенді атып өлтіртіпті.

Асекең жас кезінде өзі де өлім мен өмірдің арасында қалғаны бар. Жоғары сыныпта оқып жүргенде қырмандағы жұмыстарға көмектесетін. Астықты  элеваторға өткізу үшін жастар дымқыл бидайды кептіруге жерге жайып, әлсін-әлсін аударып, кешке жапқышпен жабады. Асқарбек бидай жапқан палатканың астына кіріп ұйықтап қалады. Таңертең палатка үстімен өткен автокөліктің дөңгелегі Асекеңнің белінен басып, жақ сүйегін сындырған. Асекең 19 күн ауруханада жатады. Жамбас пен жақтың сынығы, мертіккен бел омыртқа  зардабынан аяғын нық басып  жүріп кету үшін 2 жыл қажет болды. Қатарынан қалмау үшін өзінің ауыр жарақат алғанын жасырып 1955 жылы әскерге кетеді. Онда да тынбай шыңдалады. Ленинград қаласында, Инженерная көшесі, 8 номерлі ғимаратта әскери округ бойынша  спорттық жарыста спорт шебері, КСРО-ның 10 дүркін жеңімпазы Ширяев деген палуанды 15 секундта алып ұрып, жеңімпаз атанған. Асекеңді жарыста үнділіктер аспанға көтеріп, бас киім кигізіп, құрметтеп дәріптейді. Бұл ғимаратта кезінде  дүниежүзілік жарыстарда 48 алтын медальды жеңіп алған Қажымұқан атамыз да күрескен екен. Асекең 1963 жылы Көкшетау облысы  Қызылту ауданында  Кеңес Одағының Батыры Қ.Мұсаев жүлдеcі үшін болған республикалық жарыста жеңімпаз болып, қазақша күрестен спорт шебері атағын алған еді. Жалпы 16 жыл бойы жас палуандарды жаттықтырған, күрестің түрлерінен Алматы облысының 35 дүркін жеңімпазы, ал республикалық жарыстарда 20 рет жеңімпаз атанған Асе-кеңе өткен жылы  қазақ елі бойынша 17 атақты палуанның бірі ретінде Қ. Байдосов атындағы алтын медаль  тапсырылған еді.

20  қазан  2013 жылы Москва қаласында 17 мемлекеттен дүниежүзіне танымал атақты 580 ғалым қатысқан “Ұлттың денсаулығы – ұлттың қауіпcіздігі негізі” атты халықаралық  конференцияда  аты аталып, марапаттауға А.Рахимовты шақырғанда президиумда отырған академик В.Царевский орнынан тұрып, төмен түсіп залда Асекеңді өзі қарсы алып, құшақтап, қолтықтап қолынан ұстап cахнаға шығарып, Асекеңнен ем алып сауыққан Ресей Ғылым академиясының 3 академигі, оның ішінде  академик фармацевт  Никонов “А.Рахимов Москваға бір келеді, сонда есте қаларлықтай бағалы затты ескерткішті тапсыруды аманаттаған еді” – деп конференцияға қатысып отырған адамдарға жария етеді.  Конференцияда көне грек мифологиясындағы қанатты жеңіс құдайы “Алтын  НИКА” статуэткасын,  Францияның  Алтын Ордені және арнайы грамотасын, Дүниежүзілік психологтар, дәрігерлер, рухани және халық емшілерінің Ассоциациясының мүшесі – дүниежүзі бойынша емші куәлігін тапсырады. Және де бұған дейін “Алтын Ника” статуэткасын дүниежүзі бойынша бірхалық батыры, олимпиаданың 5 дүркін жеңімпазы және баритон дауысты әнші ғана ие болғанын айтады. Бұл атақтар Асекеңнің саналы өмірінің 70 жылында халқына жасаған қызметінің қорытындысы, бағасы деп те айтуға болады. 

Асекеңнің тамыршы, науқастарды шөппен емдеп халыққа жасап жүрген көмегі – өзінше бір төбе. Науқастың тамырын ұстап, бет-жүзіне, сөйлеген сөзіне, дем алысына, көз жанарына, тіліне қарап сырқатын анықтаған.

Асекеңнің тамыршылық қасиеті және науқастарды емдеуде түрлі шөптерді пайдалануы әжесі Табиядан дарыған қасиет болса керек. Бүгіндері бойындағы дарынның көзі ашылып, халық денсаулығы күзетінде тұрған Құртқа тәуіп, Өтебай Тілеуқабылұлы сияқты ұлы бабалардың ісін жалғастырған, шынайы ізбасары Асқарбек Рахимовтың өмір жолы небір қызықтарға толы. Үнемі көпшіліктің ортасында жүреді, жұртқа ерекше сыйлы. Асқарбек аға – республиканың барлық өңірін жаяу жүріп аралап түрлі емдік шөптерді теріп, науқас адамдарға көмек беріп, ғұмырларын ұзартқан адам. Іле Алатауы бөктерінен, Хантәңірі, Тянь-Шань тауларынан, Шәлкөде, Қарқара, Асы жайлауларынан, Шұбартау, Зайсан мен Тарбағатай өңірлерінен, Оңтүстік Қазақстан облысы тауларынан емдік шөптер жинап, кептіріп, тазалап дәрі, бальзам жасап, әуелі өзі ішіп көреді. Жетілдіре келе, шөп тамырынан «Бальзам №1» жасалып тұмауды емдеп, сыныққа, ісікке, басқа да жұқпалы ауруларға қолданады. Сырқаттың құлантаза жазылуына көмегі тиеді. Бальзамды Алматы фармацевтика зертханасында тексертеді. Олар пайдалы деген арнайы куәлік береді. Әрі бірнеше ауруға шипа болатыны да анықталынады. Бұл қадам оған қуат беріп «Бальзам № 2» жасайды. Емдік қасиеті бар бұл дәрілерге медицина ғылымдарының докторы, фармацевт К.Үшбаев пен ресейлік академик А.Никонов тарапынан оң баға берілді.

Асқарбек ағамыз 1961-1970 жылдары  Алматы қаласы Горький атындағы  дема-лыс орнында 850  шөп түрін  жинап  емдік шөп көрмесін – жасыл әлем гербарийін жасаған. Бұл көрмеге арнайы Москва қаласынан келіп қатысқан Халық университеті ректоры академик А. П. Каширина  үлкен  баға берген.

Асқарбек Рахимовтың «Халық емшісі» деген кітабында дәрілері шипа болған, ауруларынан айыққан жандардың алғыс хаттарына да мол орын беріліпті. 225 түрлі емдік шөптің қазақша және орысша атауларын түгендеп, қасиетін жазған. 70 жылдың көлемінде Асекең емінен сақайған мыңдаған адам өмірдің талай қуанышты сәттерін бастарынан өткізіп, балаларын тәрбиелеп, еңбек етуге мүмкіндік алған. Мәселен, Нұрмұхамедова деген әйел күйеуіне бірнеше ота жасалып, бүйрегі алынып тасталғанын, 27 келі салмағын жоғалтып, шашы түсіп, тамақ ішуден қалған кезде денсаулығын түзеуге Асекең ғана көмектескенін, оның емінен кейін 10 жыл бойы өздерін жақсы сезінетінін айтады. Ал өмірден мүлде түңілген латвиялық неміс әйелі миындағы ісіктің Асекеңнің дәрілерінен кейін жоғалғанын жазыпты, мұны Германияда жасалған диагностика дәлелдеген. Өткен жылы америкалық демалу аппаратымен ғана дем алып жүрген Түмен облысындағы бір мұнай өндіру заводы  директоры ауруынан айығып шыққанын атап өтуге болады.

Асекең алдына келген адамға еш уақытта «жоқ» демейді. Білегін, саусақтарының ұштарын ұзақ уақыт ұстап отырып, үміт отын жағады. Адам көңіліне мұнан артық қандай демеу керек. Жүгінген науқасқа бірнеше диагноз қойғанда абдыраған жан емшіден шыға салып диагностикалық орталықтарға барып түрлі аппараттарға түсіп, тексеріліп, үлкен, кіші дәреттері мен қан қысымын, тіпті, құрамын тексерте отырып, дәрігердің алдына тоқтағанда қорытынды сөз Асқарбек Рахимовтың айтқанымен дәл келіп жатады. Берген дәрілерін уақытында ішсеңіз ауырған жерге бірден әсер етеді. Ол дәрілер химиялық заттардан емес, табиғи шөптен жасалған.

Асқарбек Рахимов 2013 жылы 4-5 шілдеде Алматыда өткен Дәстүрлі және рухани медицина қызметкерлерінің V съезіне қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті. Құртқа тәуіп атындағы Дәстүрлі және рухани медицина Академиясының мүшесі болды. Денсаулық сақтаудың дәс-түрлі жүйесін дамытып, үлес қосқаны, саламатты өмір салтын насихаттағаны үшін «Қазақстанның Жұлдызды Емшісі» атағымен, «Бәйтерек» қоғамдық қорының Алтын медалімен марапатталған. А.Рахимовтың осындай бейнетті де қажырлы еңбегі елге сіңірген еңбегінің арқасы. Бүгінде Асекең – түрлі шөптен жасаған 49 дәріге патент алған фармацевт  ғалым. “ГҮЛЖАПЫРАҚ” атауымен тек табиғи шөптен жасалған Қаражоталық академиктің бальзамы өлімнен араша, шипа болған,  ауруларынан айыққан жандардың рақметі мол.

Қазақша күрестің саңлағы, Халықаралық дәрежелі емші, Қазақстанның Жұлдызды Емшісіне таусылмас қайрат, жігерлі жеңістер тілейміз.

Нұрлан ЕРДӘУЛЕТҰЛЫ,

Журналистер одағының  мүшесі.

Оқылды 662 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…
Қар 14, 2024

ҚМА еріктілер қозғалысының…

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет