Сәрсенбі, 01 Желтоқсан 2021 18:54

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА "СОНАР - 2021" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ

Алматы облысында «Сонар – 2021» республикалық турнирі өтті. Жарыс биыл Ескелді ауданы, Тау-Жетісу демалыс аймағында 24-мәрте ұйымдастырылды. Сұңқар, қаршыға, бүркітті ұшырып, құмай тазыны жүгірткен сайысқа 11 облыстан 80-нен астам құсбегі қатысты.
«Қаршығаға, бүркітке, тазы иттерге бөлінген қаражаттарымыз жылдағыға қарағанда соңғы үш жылда өте жоғары. Бірінші орынға бір миллион теңгеге дейін марапат тағайындалған», - дейді Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев.
4 күнге созылған сайыста тазылар 350-500 метрге жүгіріп жарысты. Жүйріктілігі желмен бірдей қазақы иттердің ұшқырлығы, ептілігі, сыналды. Сондай-ақ, қаршығаны қолға шақырып, сұңқарды қырғауылға салды. Осылайша, жотадан естілген қыран құстың қиқуы саятшылардың делебесін қоздырды. Сайыста Алматы облысынан қатысқан құсбегі Әйетбай Ермұханның «Нұра» атты бүркіті түлкіге 23 секундта жетіп, «Бүркіт» номинациясында 1-орынды иеленді.


«Бұл жолы тұман басып тұрып алды. Өте қиын болды. Үш күнге созылған жарыс құсқа қиын олды қанша дегенмен. Еңекпен келіп жатыр. Бірінші орын алғанымызға қуаныштымыз»,- дейді «Бүркіт» номинациясының 1-орын иегері Ермұхан Әйетбай.
Сонымен қатар, «Қаршыға» номинациясында 1-орынды Сейітжан Бексұлтан иеленді. Ал, сұңқарлардың арасында «Қаракөз» мықты боп, Көдеков Мұрат 1-орыннан көрінді. «Құмай тазы» номинациясында «Тұйғын» атты тазы жүйрік боп, бапкері Оспанов Айдос 1-орынды қанжығасына байлап қайтты.

Оқылды 892 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет