Сәрсенбі, 01 Желтоқсан 2021 18:49

Есіл еңбек ешқашан ұмытылмайды

Еңсесі биік Егемен ел екенімізді бүкіл әлемге паш етіп, көк Туымыздың көк аспанда желбіреп тұрғанына туп-тура 30 жылдың жүзі болды. Жекелеген адамдар үшін, әрине, 30 жыл ұзақ уақыт болуы мүмкін. Ал бүкіл бір алып ел үшін, оның әлемдік аренада өзінің тұрақты орнын тауып, ішкі-сыртқы саясатын, ел экономикасын, әлеуметтік жағдайын бір жолға қойып, жан-жақты даму жолағына түсуі үшін, өзгелермен терезесі тең жағдайға жетіп, оны дүние жүзінің мойындауы үшін 30 жыл – бар болғаны қас қағым сәт қана. Дегенмен, Тәуелсіз Қазақстан осындай аз уақытта айтарлықтай үлкен жетістікке жетіп, бүгінде дамудың жаңа деңгейіне шығып отыр. Бұл есіл еңбектің басы-қасында жүрген бір адам болса, оның елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Елбасы екеніне ешкімнің дауы жоқ. Ендеше, Елбасының елі үшін істеген ерең еңбегінің кейбіріне ерекше тоқталып өткеніміз жөн шығар.

КСРО ыдырап, көз үйренген күнделікті тіршілік тас-талқан болып жатқанда жан-жағындағыға қарап, абдырап қалғандар аз болмады. Болашақ былай тұрсын, «Бүгініміз не болмақ?» деп үрейленген жұрт өзге түгіл, өз өмірі үшін жауапкершілік алудан қорықты. Осы кезеңде батыл қадам жасаған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықтың өзіне артқан сенімін ақтап, елдің ертеңін жарқын етемін деген үлкен жауапкершілікті мойнына алды. Егемен ел екеніміздің айғағы – Мемлекеттік Ту, Елтаңба мен Әнұран бекітіліп, Ата Заңымыз қабылданды. Дегенмен, Кеңес Одағының тарауы, өтпелі кезеңнің дағдарысы, дүкен сөрелерінің бос қалып, халықтың киерге киім, ішерге тамақ таппай қиналуы, тауар тапшылығымен қатар бағаның да күрт өсуі жаңа құрылып жатқан елдің еңсесін тіктеуге көп кедергі келтірді. Мұндай қиындықтарға қарамастан, дер кезінде қабылданған оң шешім мен қолға алынған істің нәтижесінде өтпелі кезеңде экономиканың нарықтың бағыты айқындалып, макроэкономиканы тұрақтандыру, экономиканы сауықтыру және оны дағдарыстан біртіндеп шығару, экономиканы реттеудің нарықтық қатынастар жүйесін, оның түрлі институттары мен инфрақұрылымдарын қалыптастыру сынды істер жүзеге асып, елге үлкен инвесторлар әкелуге мүмкіндік туды. Осылайша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде тұрақты экономиканың даму бағытын жылдам қалыптастыра білген бірден-бір мемлекет болды. Бұл да – Елбасының ерен еңбегі мен көрегендігінің арқасы.

Нұрсұлтан Әбішұлының болашаққа бағдар жасап, ертеңнің қамын күні бұрын ойлайтын кемеңгерлігі мен мықты дипломат екенінің тағы бір көрсеткіші – жас мемлекетіміздің шекарасын дер кезінде нақтылап, бекітіп алуы. Бүкіл әлемді дүрліктірген алыптар – Қытай мен Ресей сынды көршілерімізбен бірауыз артық сөзге келместен, ата-бабадан қалған ұлы мұрамыз – байтақ жерімізді – шекарамызды шегендеп алу – өте үлкен іс. Күні кеше ғана жастарға арналған үндеуі «Елдіктің жеті тұғырында» Елбасы: «Жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы. Жерден қасиетті ешнәрсе жоқ.

Қазақ үшін ел мен жер – тұтас ұғым. Тарихымыздағы соғыс атаулының бәрі ел мен жерді қорғау үшін болған. Біз Тәуелсіздікті жариялай салысымен шекарамызды құжат жүзінде бекітіп алуға күш жұмсадық» деп осынау сәтті еске алады. Расымен де, шекара мәселесі күні бүгінге дейін талай қақтығыстың себепшісі болып отыр.  

Шекара демекші, Елбасының қазақ халқы үшін жасаған игі істерінің бірі – шекара сыртындағы, яғни шетелдегі қандастарымызды елге шақырып, ұлы көштің басталуына түрткі болуы. 1991 жылы жаңа жыл қарсаңында Президенттің «Алыстағы ағайынға ақ тілек» атты әйгілі хаты жарияланды. Ал дүниежүзі қазақтарының құрылтайында «Елге оралам деушілерге есігіміз ашық» деген Елбасының сөзінен кейін көп кешікпей атамекенге ат басын бұрған ағайынның қарасы көбейді.

Көп ұлт пен ұлыс өкілдері мекендеген еліміздің тағдырын «ұлт­аралық ұрыс майданына айна­ла­ды» деп болжаушылар да болған екен. Әрине, тілі мен діні, мақсаты мен мүддесі бөлек, тек тағдырдың тәлкегімен бір мекенде күн кешіп жатқан жандардың кез келген уақытта күтпеген келеңсіздіктің себепкері болуы мүмкін еді. Әсіресе, енді аяқтан тұрып жатқан жас мемлекет үшін оның қаупі жоғары. Осыны дер кезінде бағамдай білген Елбасы ұлтаралық қа­ты­настарда басқа ел­дерде баламасы жоқ бірегей инс­титут – Қа­зақ­стан халқы Ас­самб­леясын құрып, түрлі диас­­пора өкілдерін бір шаңырақ астына, ортақ Ота­ны­мыз­дың мақсат-мүддесі үшін жұмылдырды. Осылайша «Көпұлттылық – қоғамның кемшілігі емес, артықшылығы» дейтін Елбасымыз ынтымақ пен бірліктің бірегей үлгісін көрсетті. 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бүгінде елімізде тату-тәтті, бейбіт күн кешіп жатыр.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының бас мінберінен сөз сөйлеп, әлемде бірінші болып ядролық арсеналдан бас тартқанда, дүниежүзі халқын ядролық қарусыз бейбіт өмір сүруге шақырғанда оның бейбітсүйгіш саясатын төрткүл дүние түгел мойындады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун Елбасына «Сіз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ядролық қарудан өз еркімен бас тарту туралы өте дұрыс әрі көрегенді шешім қабылдадыңыз, сондай-ақ Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру бастамасын ілгерлетуге ықпал еттіңіз» деп жылы лебізін білдірген-ді.

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы тек Қазақстанда ғана емес, әлемде тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту мақсатында жоғары деңгейдегі халықаралық ұйым­дар құруда да үлкен жұмыс атқарды. Елбасының бастамасымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім ша­ралары жөніндегі Конференция құрылды. Бұдан кейін құрылған Шанхай ынтымақтастық ұйымының қызметіне Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен еліміз белсенді қатысты. Тіпті ШЫҰ-ның 2 саммиті Қазақстанда өтті. Қазіргі діни терроризм, экстремизм, діни фанатизм өршіген тұста оның алдын алуды, теріс көрініске жол бермеуді ойлаған Елбасы Астананың төрінде Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің басын қосты. Бұл игі шара бүгінде әр үш жыл сайын дін өкілдерінің басын біріктіріп, конфессияаралық және ұлтаралық қатынастардағы даулы мәселелердің шешімін табатын келіссөз алаңына айналып отыр.

Елбасының елі үшін істеген ұлы істері туралы айтқанда «Болашақ» стипендиясы ойға бірден оралады. Тәуелсіздікті қолға енді алып жатқан уақытта үлкен көрегенділік танытқан Президент елге білікті мамандар керектігін ойлап, 1993 жылы халықаралық «Болашақ» стипендиясын бекітті.

Бұл аталғандар – есіл еңбектің бір парасы ғана. Ел мен жер үшін жасалған үлкен еңбек ешқашан ұмытылмайды.

 

Ерік АБИТОВ,

Nur Otan партиясының Алматы облыстық мәслихат депутаты

 

Оқылды 1108 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…
Желт 26, 2025

Он был духовным наставником сельчан

В текущем году в с.Ават происходили и радостные, и печальные события. Одно из наиболее…
Желт 26, 2025

Жазушы мұрасы – ұлт қазынасы

Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық» үйінде Қазақстан Жазушылар одағы…
Желт 26, 2025

Дарынды оқушыларымыз жеңіс тұғырында

Қазақстанның дарынды оқушылары «UCMAS International Competition 2025 & World Cup…
Желт 26, 2025

Ұлы халықтың ұлы Абайы

Биыл қазақ елі данышпан, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын жоғары деңгейде атап…
Желт 26, 2025

Білім сапасы – ел болашағының кепілі

Қазіргі жаһандану дәуірінде кез келген мемлекеттің дамуы ең алдымен білім сапасымен…
Желт 26, 2025

Ұлттық құндылықтар дәріптелді

Ішкі саясат бөлімінің бастамасымен жастар арасында патриоттық тәрбие мен отбасылық…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет