Сәрсенбі, 15 Желтоқсан 2021 16:26

Еңсесі биік елімнің

Егемендігімізді алып, еркін ел атанған, еңсемізді тіктеп, тәуелсіздігімізді жариялаған 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні – елдің ең ұлық мерекесі. Әр қазақтың айбынын асқақтатып, мерейін үстем ететін ерекше күн. Ата-бабамыздың қанымен, жанымен, аналарымыздың зарымен жеткен, ғасырлар бойы арыстардың арманы болған азаттықтың ақ таңы – бүгінгі ұрпаққа бұйырған баға жетпес бақ. Тарихта таңбаланған қайғы-қасірет пен нәубеттен ада, береке-бірлігі бар елде, ұлан-ғайыр бай жерде ертеңгі күнге үлкен сеніммен өмір сүріп жатуымыз – Тәуелсіздіктің жемісі, һәм жеңісі. Азаттығымызды жариялаған 30 жыл ішінде әлемдік, мемлекеттік деңгейде, өңірлер мен жекелеген аудандарда ел мен жер үшін, бүгінгі күн мен ертеңгі болашақ үшін үлкен жұмыс атқарылды. Азаттықтың 30 жылдық тарихында елдегі, Еңбекшіқазақ ауданындағы биік белестер мен жетістіктер жайы 15 желтоқсанда Тәуелсіздік мерекесіне орай ауданымызда өткен салтанатты жиында жұртшылыққа тағы бір мәрте паш етілді.

Тұманбай Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен Тәуелсіздік мерекесіне дайындықтың ерекше болғаны есік алдынан-ақ байқалды. Дәлізге қаз-қатар тізілген тақталарда Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылы бөлек-бөлек беріле отырып, оның әрқайсысында еліміздің әр жылдары жеткен жетістіктері тізбеленген. Жиынға жеткен жұртшылық, кешегінің көзін көрген қарттар, тәуелсіздік жылдары ауданымыз ғана емес, ел үшін еңбек еткен жандар тарихтың ақтаңдақтарын ақтарған тақталардағы көрініске қарап, кеше мен бүгінді салыстыра ой қозғап жатты. Әрине, үлкен жетістік кішкентай қадамдардан тұратыны секілді, Тәуелсіздік жылдары еліміздің еңсесін тіктеп, дамудың даңғыл жолына түсуіне әр аудан, әр өңір өте үлкен үлес қосты. Соның ішінде бүгінде республика бойынша халық саны ең көп, 300 мыңнан астам тұрғыны бар Еңбекшіқазақ ауданының қосқан үлесі де орасан. Салтанатты жиынды ашып, аудан тұрғындары мен қонақтарын бүгінгі ұлық мейраммен құттықтаған аудан әкімінің бірінші орынбасары Айбек Бидаев Тәуелсіздік жылдарының жетістіктеріне тоқтала отырып, ауданымыздағы 30 жылдық тарихты да тізбелеп өтті. Халықтың әлеуметтік жағдайы, ауданның экономикасы, ішкі саясат пен мәдениет, спорттағы жетістіктерді санамалап, жылдан-жылға жаңарып, жаңғырып келе жатқан Еңбекшіқазақ ауданының ертеңгі күнгі жоспарларымен де таныстырды. Жоғарыда айтып өткеніміздей, аудан экономикасы мен әлеуетінің, спорты мен мәдениетінің артуына, мұндағы бейбітшілік пен тұрақтылықты дамытуға, тыныштық пен қоғам қауіпсіздігін сақтауға өз үлесін қосып, еңбегі сіңген бүгінде еңбектің зейнетін көріп отырған зейнеткерлер, ардагерлер, әр сала мамандары, мемлекеттік қызметкерлер марапатталып, мерекелік төсбелгі, Алғыс хаттар табысталды.

Салтанатты жиын концерттік бағдарламамен ұласып, елдің рухын асқақтатар, мәртебесін көтеріп, көңілін жадыратар жақсы ән, тәтті күймен жалғасты. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын, ағайын!

 

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Оқылды 1054 рет

Соңғы жаңалықтар

Маус 30, 2025

Тазалық тәртіптен басталады

Табиғат – Жаратушының ең көркем жаратылыстарының бірі. Адам күнделікті күйбең тіршіліктен…
Маус 26, 2025

Начало было в 30-х продолжение в…

Если театр начинается с вешалки, завод с проходной, то газета – с людей и событий,…
Маус 26, 2025

Ақпарат айдынында

28 маусым күні елімізде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні аталып өтеді.…
Маус 26, 2025

Көз көрген

1992 жылы Тәуелсіздігімізге жыл толды. Өзіміздің Ата заңымыз, Ел басымыз, Мемлекеттік…
Маус 26, 2025

Мемлекеттік қызмет – мәртебелі…

Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен…
Маус 26, 2025

МВД: Пранки не повод нарушать закон

Министерство внутренних дел обратилось к "пранкерам", передает Polisia.kz. - Уважаемые…
Маус 26, 2025

ІІМ: Пранктар заң бұзуға себеп емес

Ішкі істер министрлігі пранк ұйымдастырып, контент жасайтын азаматтарға үндеу жасады, -…
Маус 25, 2025

Жазғы шомылу маусымы: жағажайлардың…

Алматы облысында жазғы шомылу маусымының басталуына байланысты су айдындарының…
Маус 24, 2025

Алматы облысы әкімінің өкімімен…

Бақытнұр Бақытұлы 1986 жылы туылған, білімі жоғары, 2008 жылы Нархоз университетін…

Күнтiзбе

« Шілде 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет