Бейсенбі, 16 Желтоқсан 2021 11:43

Аудан әкімі Ә.Жақанбаевтың Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтауы

 

Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!

Бұл мереке баршамыз үшін қастерлі де қадірлі. Себебі, Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетiн арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты.

Осыдан 30 жыл бұрын саналы түрде еңсемізді тіктеп, ұлттық болмысымызды сақтау арқылы азаттық таңдауын жасадық. Әйткенмен,  түлкі бұлаң тарихтың нешеме бұрылыстарында ел азаттығы үшін талай тарланның тақымындағы тер кеппеді. Ат үстінде өткен ғасырлар көп болды. Тағдыр талайында сан сүріндік, сан құладық, сонда да ақ сәулесін шашқан арманымыздан адаспадық.

1986 жылы еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған жанкешті ерліктер жасады. Бұл бостандыққа басқан қарышты қадам болды. Енді сол ерлік жемісі бүгінгі Тәуелсіз еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда.

Әрине, 30 жыл – тарих таразысында аз уақыт шығар, әйткенмен, орда бұзар жасқа жеткен егемен еліміз осы мерзім ішінде асқаралы асу, биік белестерді бағындырып үлгерді. Осынау ұлан-ғайыр өлкеміз дербестік жолында сан қилы кезеңдерден өтті. Сын сағатында сынбай, жетістікке масаттанбай, бірлікте ұйымдаса білудің нәтижесінде биік белестерді бірге бағындырдық. Маңыздысы, шекарамызды шегендеп, алты құрлыққа Тәуелсіздігімізді жарияладық. Бабалар жолымен үндесіп жатқан ұлттық құндылықтарымызды тұғырына қайта қондырып, қазақстандықтардың өмірі мен оның бостандықтарына, еркіндігі мен дамуына Ата заңмен кепілдік берілді. Бүгінде мемлекеттік саясат – әрбір ел азаматының игілігі үшін жұмыс атқаруда.

Іргелі ауданымызда да Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктер ауыз толтырып айтарлықтай. Аграрлы саланың ауқымы артып, экономикамыз еселеп өсіп келеді. Тартылған инвестиция көлемі де көңіл қуантарлық.

Бұл жетістіктердің астарында мыңжылдықтар мұраты – Тәуелсіздік дәуірі жатыр. Біз мұндай жеңістерге Елбасымыздың, Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының сарабдал саясаты мен еліміздің бірлік туының астына біріге алғандығының арқасында жеттік. Қай тарихты парақтасақ та, біз қашанда алауыздыққа қарсы тұра білген елміз. «Үдеудің сыры – бірлікте. Жүдеудің сыры – алауыздықта» деп Елбасымыз атағандай, осы жолдан айнымасақ, алар асуларымыз әлі алда.

Енді жер асты кенге, жер үсті төлге толған осынау ұлан-ғайыр өлкенің бүгінгі иесі де біз, киесі де біз: Қазақстан дейтін Тәуелсіз мемлекет. Демек, ТӘУЕЛСІЗДІК дейтін қастеріміздің қадірін қашырмай, көздің қарашығындай сақтай білу – ортақ мақсат.

Оқылды 781 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Еңсесі биік елімнің Тұғыры берік тәуелсіздік тартуы »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет